Әнші Әміре Қашаубаев
Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта
мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Жилгельдина Хамида Абиловна
Сабақ тақырыбы: Әнші Әміре Қашаубаев
Сабақтың мақсты: Негізгі идеяны ұғындыру.
Білімділік: Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру.Негізгі ойды,идея ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Әсемдікке, өнерге қызықтыру және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша.
Күтілетін нәтиже:
- Әнші Әміре Қашаубаев туралы мәлімет алады.
- Мәтінді мәнерлеп оқуды, мазмұндауды үйренеді.
- Болжауды, өз пікірін айтуға үйренеді.
І. Қызығушылығын ояту фазасы. Бұл фазада еркін талдау стратегиясын қолданамын.
- Еркін талдау стратегисын қолданудағы мақсат:
Ой-өрісін, ән мен әнші не білетіндерін еске түсіру, ойын жинақтау.
Оқушыларды топқа бөлу, жетон тарату арқылы 4 топқа бөлінеді.
- Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді?
- Сезімнен туған ойлар.
- Әнші дегенде ойларыңа не келеді?
Әнді айтатын әншілер. Әншілер үлкен сахнада ән айтады?
…..
-Жарайды, онда дәптерлеріңізге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар.
Әнші Әміре Қашаубаев.
ІІ. Мағынаны тану фазасында Эссе жазу.
1. Болжау стратегиясын пайдалану.
Мақсаты: өз пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2.Оқулықпен жұмыс.
Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу.
Топпен білім алуын қалыптастыру.
Болжай отырып мәтінді баяндау.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, 4 топқа тарату. Әр топ мүшелері жалғастырып оқиды, мазмұндайды.
Әнші Әміре Қашаубаев ән салса, өзін – өзі ұмытады. Оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Әнші әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.Ол кісіге емес, әнге айналады. Әнін тыңдаушы болса, шабыттанып айтады.
Қалықтатып салғаны,
Сарыарқаның беліндей,
Қалың қазақ даласын
Әнмен залға сыйғызды.
1-топқа жуан сұрақ.
- Жазушы Әміренің сыртқы түрін неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді деп жазып отыр?
- Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді.
2-топқа жіңішке сұрақ.
- Әнді Әміре қалай айтады?
- Әнді жүрегімен шабыттанып айтады.
3-топқа жуан сұрақ.
Сол кезде әнші Әмірені Мемлекет қайраткері Луначарский: «Қазақ даласының бұлбұлы деп атаған». Қазіргі кездегі қазақтың бұлбұлы атанған әншіні білесіңдер ме?
Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова.т.б.
4-топқа жіңішке сұрақ.
- Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?
- Халық сүйіп тыңдайды.
Ән . «Бал Қадиша»
-Балалар, сендер орындалған әннен қандай әсер алдыңдар,жан дүниелеріңді,сезімдеріңді тебіренте алды ма?
Эссе жазу: «Егер мен әнші болсам…»
ІІІ. Ой толғаныс фазасында.
1. Ассосациялау стратегияы.
Мақсаты: мәтінді қалай меңгергенін анықтау.
Ассоциация
жүрегімен айтады әнді сүйеді
Шабыттанып айтады
шетелдерде
жақсы көрген
даусы зор
талантты халық сүйіп тыңдайды
2. РАФТ стратегисы.
Мақсаты:
Р – роль журналист,
А – аудитория оқушылар
Ф – форма интервью
Т – тақырып: Ән мен әнші.
(Журналист сұрақ қою арқылы сұқпаттасады).
1-журналист:
Әнші Әміре Қашаубаев туралы пікіріңіз?
Сізге дәстүрлі әншілер ұнай ма,әлде эстрада әншілері ұнай ма?
Әміренің әнін жазушы нелерге теңеп айтып отыр?
Сауалнама.
Сабақ ұнады ма?
Бүгінгі сабақта кім туралы мағлұмат алдыңдар?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Әнші Әміре Қашаубаев .
Сабақ аяқталды.
