“Электр құбылыстары” тарауын қайталау

« Атамекен» этнографиялық ойын сабағы

Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға өз пәнін жете меңгерту. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияны пайдаланып оқытудың түрлері көп. Өзіне жақын технологиямен жұмыс жасай отырып, мұғалім оқушының пәнге қызықтыра алады.

Өзім сабақ беретін сыныптарымда жаңа сабақты бекітуде, қорытындылауда танымдық ойындарды жиі қолданамын. Ойын элементтерін жиі қолдану арқылы оқушының ынтасын арттырып, ойлау қабілетін дамытуға болады. Соның дәлелі ретінде өзімнің 8-сыныпта өткізген «Атамекен» танымдық ойын сабағымды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: “Электр құбылыстары” тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Электрлік шамалардың анықтамаларын, өлшем бірліктерін, өлшейтін құралдарын білу.

2.Дамытушылық. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруда, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

3.Тәрбиелік. Оқушылардың талғамын өсіре отырып, сөйлеу мәдениетін дамыту, физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, өз Отанын сүюге баулу.

Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы, саяхат сабақ.

Сабақтың типі: Қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, еліміздің географиялық картасы, видеороликтер, компьютерде дайындалған тесттік сұрақтар, плакат, қанатты сөздер, карточкалар, әр топтың эмблемасы, мақтау қағазы, сыйлықтар

Сабақтаң барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Қазақстанның географиялық картасында облыс орталықтарында, тау, өзен, теңіздерінде магнит арқылы фишка жабыстырулы тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір фишка алады және сол фишканы алған жердегі қала,өзен, тау, теңіз туралы таныстырып өтеді. Фишкалар туристік агенттіктің жолдамалары түрінде жасалады.

2. Оқушыларды екі топқа бөлу

3. Әр топтың сәлемдесуі

4. Ойын шартымен танысу.

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.

Оқушылардың жауабы: (электр шамы)

Сабақты бастамас бұрын оқушылар тараудың атын дұрыс табады.

Ойын шарттары:

  1. Бәйге (әр топқа бес сұрақтан қойылады)
  2. Қыз қуу ( әр топтан бір ер бала , бір қыз бала шығып, оларға сұрақтар қойылады)
  3. Көкпар (көрермендер кезеңі)
  4. Арқан тарту (екі топқа сұрақтар қойылады)
  5. Айтыс (мұндағы сұраққа жауап берсе ұпай екі еселенеді, ал жауап бермесе ұпай екі есе азаяды)

І. Бәйге:

«Кернеу» тобының сұрақтары:

1.Өткізгіштің ұштарындағы тоқты өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

(Вольтметр)

2.Тізбек бойымен өтетін тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама?

(Кедергі)

3.Меншікті кедергінің өлшем бірлігі

(Ом м)

4.Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергі 2 Ом. Ток күші?

(3 А)

5. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, мұндай қосу қалай аталады?

(Тізбектей жалғау)

«Кедергі» тобының сұрақтары:

1.Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде қолданатын электрлік емес күштер қалай аталады?

(Бөгде күштер)

2. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күшінің өлшем бірлігі

(Ампер)

3. Тізбектегі кедергіні өлшейтін құрал

(Реостат)

4. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама?

(Меншікті кедергі)

5.Кедергінің температуралық коэффициентінің өлшем бірлігі

(К-1)

ІІ. Қыз қуу:

«Кернеу» тобының сұрақтары:

1.Алғаш рет «Электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы.

(Ампер)

Қосымша көмек: Ток күшінің өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.

2.Тізбек бойымен өткен тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атап, ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын (1827 ж.) ашқан ғалым.

(Ом)

Қосымша көмек: Ол көрнекті неміс физигі 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Оның еңбектерінің негізгі бағыты – электр, оптика, кристаллооптика және акустика салаларына арналған.

«Кедергі» тобының сұрақтары:

1.Ең алғашқы қыздыру шамын 1872 ж Санк-Петербургте орыс электр технигі және өнертапқышы ойлап тапты. Ол шам ішіне жуан мыс сымдардың арасында көмір шыбық бекітілген шыны баллоннан тұрады. Электр тогын жібергенде, бұл шыбық қызып, жарық беретін болған. Бұл қыздыру шамын ойлап тапқан кім?

(А.Н.Лодыгин)

Қосымша көмек: Ол 1847-1923 жылдары өмір сүрген орыстың электр технигі және өнертапқышы.

2.Электр тогының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім?

(Д.Джоуль)

Қосымша көмек: Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғылымның құрметіне берілген.

ІІІ. Қөкпар.( Көрермендер кезеңі.)

1.Екі топ жанашырлары өткізгіштерді тізбектеп, параллель, аралас жалғау бойынша тәжірибелер жасайды.

«Кернеу» тобы тізбектеп қосады.

«Кедергі» тобы параллель қосады.

2. Біз электр тоғын қалай тұтынамыз? Көрініс көрсету.

ІV. Арқан тарту:

«Кернеу» тобының сұрақтары:

1.Джоуль-Ленц заңы?

2.Өткізгіштің кедергісі неге тәуелді болады?

3.Толық тізбек үшін Ом заңы?

4. Ом заңын пайдаланып, кернеуді тап?

5. Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?

«Кедергі» тобының сұрақтары:

1.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы?

2.Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?

3.1800 жылы алғашқы болып тұрақты ток көзін алған итальян ғалымы кім?

4.Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын шама?

V. Айтыс:

Бұл бөлімде әр топ “Электр тогы, оны пайдалану” тақырыбы бойынша өз жобаларын қорғайды.

VI. Үйге тапсырма: тарау бойынша өтілген формула, ережелерді қайталау.

VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан топ оқушылары бағаланып, сабақ соңына жеңіске жеткен топ марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше