«Ауылға саяхат».
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Мөңке би ауылы
Музыка пәнінің мұғалімі
Төрехан Алма Әмитжанқызы
Сабақтың тақырыбы :
«Ауылға саяхат».
Мақсаты:
Ауылдың ,жайлаудың табиғатымен анысу,сезіне ,сүйсіне білу,киіз үйдің жабдықтарымен танысу,ағайын –достармен ,ауыл қарттарымен жүздесу,оларға жыл бойы сусындаған білімдерін, өнерлерін ,ән-күй-билерін сыйға тарту.
Тәрбиелік:
Оқушы бойына туған жерге, табиғатқа ,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Музыкалы – саяхат сабақ .
Көрнекілік құралдар:
Аспаптар ,үнтаспа ,суреттер.
Жоспары:
1.Күй «Көңіл толқыны»-оқушылар сыныпқа кіреді.
2.Ауылда сағындым.
3.Жұмбақ жаңылтпаштар, жұмбақтар.
4.Ән «Бесік жыры»
5.Мақал –мәтелдер айту.
6.Ән «Қошақаным».
7.Ою-өрнек.Киіз басу биі.
8.Санамақ ойыны.
9халық әні «Дастархан»
10Ұлттық ойын «Ұшты-ұшты».
11Айтыс.
12.Шешендік сөздер. «Не тәтті»
13.Ертегіден үзінді көрсету. «
14.Ән «Төлдер»
15.Ән «Көктем келді»
Сабақтың барысы:
«Көңіл толқыны»күйі орындалады. Балалар сыныпқа кіреді. Ауылдың ата мен әжесі қарсы алады. «Сәлем» «Тәжім» қимылы жасалады.
Ата мен әже:-Біздің ауылға қош келіпсіздер,балалар.
Мұғалім:
Біздер ауылды сағынып,саяхат жасап,таза ауамен дем алып,ауылдың табиғатын тамашалауға ,ағайындармен,достармен жүздескелі келдік.Біздер құр келгеніміз жоқ.Өз өнерімізді көрсеткелі келдік.
Ата:Өркендерің өссін ,өнерлерің тассын,қарақтарым .
Мұғалім:
Қазір ауылға деген сағыныш жүректерін кернеген Арай , Мерей , Айбану өлең жолдарын тарту етеді.
А.Асылбеков «Ауылымды сағындым»
Сағындым келем ауылды
Орманым ,тоғайым,тауымды.
Жусанның иіс жұпарлы,
Ғажап-ау күндері жауынды.
Сағынып келем ауылды,
Бірге өсіп, бірге жүрген қауымды.
Әзілқой ағайын бауырды,
Сағындым бақшамен, бауымды.
Сулары сылдырлы, сағымды,
Жырлары құлпырған лағылды.
Ауылымды, ауылымды,бауырымды ,
Бәрін де,бәрін де сағындым.
Мұғалім: қазақ халқының ертедегі көшпелі өмірінде киіз үйдің маңызы өте зор болған. Қазіргі таңда жайлауда, ауылда киіз үйлерді көп қолданған. Тез жиналып, тез құрылып малдың жайымен көшіп қонып жүрген халқымызға киіз үй өте тиымды. Бізді қуана қарсылып тұрған ата мен әжеміз қол қусырып қарап отырмапты, біздері ағайындармен достарымен киіз үй құрал-жабдықтарымен танысыру үшін біраз жұмбақ, жаңылтпаштар дайындап әкеліпті.
Ата: Қане балалар, кімнің ойы ұшқыр, кім шапшаң екенін байқап көрейік. Мына қоржынның ішінде бірнеше жұмбақ, жаңылпаштар бар. Қане шешіп көрейік.
- Жұмбақ жаңылтпаштар:
а) маған да, саған да,
жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы солға оқы
өзгермейді еш одан
бәрі де өз жұртың
айтады қане кім атын (ата, ана, апа, аға, іні)
Б) бір үйде екі шеше, екі қыз.
Әже немересімен тұрады.
Олар қанша адам? (3 -еу)
В) жеті ағайынды жігітердің
Бір-бірден қарындасы бар
Сонда барлығы қанша болғаны? ( 8 )
- Жұмбақтар:
- қазша қанат жаяды, үйрекше мойнын созады, құсша қонады (Киіз үй)
- Әкесі баласын көтеріп тұр, баласы бөркін көтеріп тұр (Кереге, уақ, шаңырақ)
- Түріліп тұр бір басы,
бұрышсыз үйдің мұржасы (түндік)
- Кепсең жолды ашады, кетсең жолды жабады (есік)
Мұғалім: Ата сізге көп рахмет! Біздер үшін дайындаған жұмбақтарды шеше отырып киіз үй оның құрал-жабдықтарымен және сол ағайын достарымен таныстық
Әже: Олай болса балалар мен сіздерге бесік жырын айтып берейін
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»Диана мен Ернұр ою ояды .
Ендігі кезекте Арай бізге киіз басу биін билейді .
«Санамақ» ойынына берейік .
Ән: «Қошақаным»
Өмірімізді көріп-бұл қазақ дейді,
Әнімізді жырымызды тыңдап-бұл қазақ дейді.
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап- бұл қазақ дейді,
Дархандығымызды, дастарханымызды көріп
Тұрқымызды, ғұрпымызды көріп-бұл қазақ дейді
Ән: «Дастархан»
Ұттық ойын.
Олай болса ұлттық ойынымызды ойнайық «Ұшты, ұшты»
Ақындар айтысы.
Бұл қазағымның ауылы жасыл жайлауы, кең даласы талай-талай ақынды жыршы, сал-сері даналарды дүниеге әкелген.
Сал Біржанның немересі Жантілек, Сараның сіңілісі Еңілік ортаға айтысқа шығады.
Ән: «Төлдер»
Шешендік сөздер
«Не тәтті»
Ертегілер ертегілерден үзінді
Міне біз ауылда саяхатымызды көктемнің жайма шуық күнінде «Көктем келді» әнімен аяқтаймыз.
