Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Атырау облыстық «Н.Тілендиев атындағы

Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға

арналған интернаттық мекемесі бар

мамандандырылғанмектеп

ІІ санатты химия – биология пәнінің

мұғалімі Сапарова Жайдар

Сабақтың тақырыбы:Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: ас қорыту жүйесің құрылысының ерекшелігін көрсету, астың ауыз қуысында қорытылу процесін, асты қорытудағы ферментердің рөлін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау

Тәрбиелік: оқушылардың асқорыту мүшелерінің күтімі, тамақ ішу, оның сапасын және сақталу мерзімін ьілу , өзін – өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі: аралас сипатта

Сабақтың әдісі:бейне көрсетілім көрсету, тірек сызба, ойын ,тест тапсырмалары

Сабақтың көрнекілігі:электрондық оқулық, кестелер, муляждар

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІV.Бекіту

V. Үйге тапсырма беру

I. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қажетті құрал – жабдықтарын алдырып,сыныпты әзірлеу.

Үй тапсырмасын тексеру

1 тапсырма «Кім жүйрік»

1.Тамақтың құрамына өсімдіктекті және жануар текті өнімдер неге кіру керек?

2.Ферменттердің рөлі қандай?

3.Ет сорпасын бірден қанға құюға бола ма?

4.Ферменттер қайда түзіледі?

5.Неліктен организмде қоректік заттар химиялық ыдырауға ұшырайды

2 тапсырма. Ашық тор көздерін толықтыр

Адамдар пайдаланатын тағамдардың құрамында кездеседі.Адамның қалыпты тірлігі үшін күніне 100-120 грамм қажет.
Май да – адамағзасы үшін қажетті ағзалық зат.
Көбіне өсімдіктер тағамының құрамында болады.Адам ағзасында жиналған түрлері бауыр мен бұлшықетте қор ретінде жиналады.
Витаминдер
Минералды тұздар
Адам ағзасына өте қажет.Адам ағзасындағы физиологиялық үдерістер бұл зат болмаса жүрмейді.

Оқушылардың сабаққа назарын аудару мақсатында А.Байтұрсыновтың мына өлең жолдары оқылады.

Балалар, оқуға бар, жатпа тұрма

Жуынып,киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан!

Қарап тұр терезеден күн жалтырап.

Адам да, ұшқан құста, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да

Кішкене қоңызда жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға…- деп жырлағандай біз бар ынтамызды аударып, текке қарап тұрмай сабағымызды бастайық .

Жаңа сабақ: 1.Асқорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады

2. Асқорыту мүшелерінде ас қандай өзгерістерге ұшырайды.

Кіріспе. Адам өмірінде асқорыту мүшелернің атқаратын қызметі ерекше сипатқа ие.Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап қан мен лимфаға өтуі ас қорыту деп аталады.Ас асқорыту мүшелерінде өзгеріске ұшырап,қанға сіңіп адамның бойына күш қуат береді. (бейне көрсетілім )

Тірек сызбамен түсіндіру

Асқорыту мүшелері

А Ауыз қуысы Бауыр безі – өт А

С С

Қ Жұтқыншақ Ұйқы безі- липауа, Қ

О трипсин, амилаза О

Р Өңеш Р

Ы 3 жүп сілекей бездері Ы

Т Қарын шықшыт тіл асты жақ асты Т

У Сілекей Қ

Ұлтабар Ы

Ж Ш

О Аш ішек

Л Б

Ы Тоқ ішек Е

Соқыр ішегі бар бүйен Тік ішек З

Д

Е

Р

Бекіту: Оқушыларға үш топқа бөлініп тапсырмалар берілді.

1-топ.Оқулықпен жұмыс (кестені толтырып, ретімен орналастыр)

Адамның ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі (берілген бетшеге орындау)

р\с Мүшелер Құрылысы Атқаратын қызметі
1 Ауыз қуысы
2 Ұзындығы 25 см іші куысты бұлшықетті мүше,сілемей бөледі
3 Қатпарлы сілемейлі, бұлшық еттері үш қабатты
4 Асқазан Ұзындығы1,5-2 м, соқырішек,жиек,тік ішекке бөлінеді Тағамды қарынға жеткізеді
5
6 Аш ішек Іші қуысты бұлшық етті мүше Тағамды механикалық өзгеріске ұшыратады

Тақтамен жұмыс (берілген суреттің мүшелерін жаз) бауыр суреті

2-топ тапсырмасы «Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасында берілген ұяшықтарды ашу. Артындағы суретке сипаттама

1.Ас қорыту мүшелерінің қабырғасы неше қабаттан тұрады

2.Ас қорыту жолының кеңейген мүшесі

3.Тоқ ішектің соңғы бөлімі

4.Дәм сезу қалай жүзеге асады

5.Жұтқыншақ қандай қызмет атқарады

6.Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын мүше

7.Ұйқы безі қандай бездер топтамасына жатады

8.Бауырдан не бөлінеді

9.Аш ішекте қандай үдеріс аяқталады

3-топ тапсырмасы тест тапсырмасы (берілген бетшеге орындау)

1.Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылсады

а) ауыз қуысында

ә) жұтқыншақта

б) өңеште

2.Тоқ ішектің бөлімдері

а) аш ішек, жиек ішек, тік ішек

ә) соқырішек,тік ішек, мықын ішек

б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек

3.Өт бөліп шығарушы мүше

а) ұйқы безі

ә) бауыр

б) ашішек

4.Ашішек бөлімдері

а) ұлтабар, тікішек, ашішек

ә) ұлтабар, ашішек, мықынішек

б) соқырішек, жиекішек, тікішек

5.Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады

а) ашішек

ә) тоқішек

б) үлтабар

6.Адамда асқорыту жолының ұзындығы

а) 3 – 5 м

ә) 8 –10 м

б) 15 –18м

Қорытындылау тест тапсырмасы

Бағалау

р/c Аты-жөні Үй тапсыр

масы

Ауыз

ша жауап беруі

Сабақ

қа қатысы

Оқулықпен жұмыс Конс

пект жасау

Топпен

жұмыс

Қорытын

ды

Баға

лау

1
2
3
4

Үйге тапсырма : 1.Тақырыпты оқу

2.Суреттерін салу

3. Тіс аурулары ,күтімі тақырыбында деректер жинау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше