«ГРАФИКТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ» АРНАЙЫ КУРСЫНЫҢ БАҒ ДАРЛАМАСЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКАЛЫҚ

БАҒЫТТАҒЫ 10-11 СЫНЫПТАР ҮШІН

«ГРАФИКТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ» АРНАЙЫ

КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырғандар: физика пәнінің мұғалімдері М.Б. Каштекова., Ш.А.Турсумбаева

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Графиктік есептер шығару

Кіріспе

Физика бізді қоршаған орта туралы танымдық ақпаратқа сүйеніп логикалық ойлауды дамытады, материалистік көзқарасты қалыптастырады, әлемнің біртұтас бейнесін құрайды.

Физикалық білімді игеруге түрлі физикалық есептер шешу, соның ішінде график тұрғызу есептері ерекше роль атқарады. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың есеп шығару мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, негізгі заңдарды есеп шығаруда қолдана білу.
  2. Бір шаманың екінші шамаға тәуелді графигін сыза білу.
  3. Графикке қарап анықтай білу, негізгі тәуелділік теңдеуін жазуға қалыптасу.
  4. Изопроцестердің графиктерін сыза білу, өзгермейтін параметрді анықтай білу.

Міндеті:

  1. Әр түрлі кестелермен жұмыс жасау.
  2. Қозғалыстың түрлерін ажырата білу.
  3. Термодинамикалық параметрлерді салыстыру.
  4. Қозғалыс пен изопроцестер туралы ұғымдарда есеп шығара отырып, терең түсініп, мақсатқа жету.

Графиктік есептер шығару бағдарламасына түсініктеме

1- тақырып. Кіріспе (2 сағат)

2- тақырып. Қозғалыс, оның түрлері, графиктерін сызып үйрену (7 сағат)

Қозғалысты сипаттап, нүктенің бастапқы координатасын,

жылдамдығын, бағытын анықтау х(t) және v(t) тәуелділігінің

графигін сызу, аналитикалық түрде анықтау.

3- тақырып. Изопроцестер (6 сағат)

Негізгі макроскопиялық параметрлер. Бір параметр тұрақты

болғанда, қалған екі параметрдің тәуелділік графигін сызу.

4- тақырып. Термодинамика негіздері. (9 сағат).

Қысымның көлемге тәуелді графигі арқылы термодинамикадағы

жұмысты анықтау. Газдың бір күйден екінші күйге өткендегі

процестерді сипаттау.

5- тақырып. Жылу машинасы. Карно циклі (7 сағат).

Графиктегі циклдік процестер арқылы п.ә.к. анықтау.

6- тақырып. Сынақ алу (2 сағат)

7- тақырып. Қорытынды (1 сағат)

Графиктік есептер шығару.

Тақырыбы с/с мерзімі Оқытуды ұйымдастыру
1-2 Кіріспе. 2 Лекция
3-5 Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс. 3 Есеп шығару
6-7 Қозғалыстың салыстырмалылығы. 2 Сызба құру
8-9 Бірқалыпты емес түзу сызықты қозғалыс. 2 Есеп шығару. Өзіндік жұмыс.
10-11 Изотермиялық процесс. 2 Сызба құру. Есеп шығару.
12-13 Изобаралық процесс. 2 Сызба құру. Есеп шығару.
14-15 Изохоралық процесс. 2 Есеп шығару
16-17 Термодинамикадағы жұмыс. 2 Есеп шығару
18-19 Термодинамиканың 1-ші заңын изотермиялық процесте қолдану. 2 Есеп шығару
20-22 Термодинамиканың 1-ші заңын изобаралық және изохоралық процесте қолдану. 3 Сызба құру. Есеп шығару.
23-24 Адиабаталық процесс. 2 Есеп шығару
25-26 Циклдік процестер. 2 Сызба арқылы есептеу
27-28 Бейнеленген цикл арқылы п.ә.к. есептеу. 2 Сызба арқылы есептеу
29-31 Карно циклі бойынша жылу мөлшерін есептеу. 3 Сызба арқылы есептеу
32-33 Сынақ алу. 2 Сынақ
34 Қорытынды. 1

Мұғалімдер үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Задания по физике. О.Ф. Кабардин, В.А. Орлов.
  2. Задачи по физике. А.А. Пинский.
  3. Механика есептерін шығару. А. Арызханов.
  4. Механика. Н. Қойшыбаев.
  5. Термодинамика негіздері. Ж. Бақынов.
  6. Физика журналы №1, №2 2006 ж.

Оқушылар үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Физика және астрономия. Б.А. Кронграт.
  2. Физика және есептер жинағы. С. Тұяқбаев.
  3. Физика есептерінің жинағы. А.Б. Мәкенова.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше