Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда.

Амирова Эльмира Қадірліқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Еркінқала орта мектебі

Атырау қаласы, Еркінқала селосы

Ана тілі. 1-сынып.

Сабақ тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда.

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың жер-су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыра

отырып, олардың оқу сапасын, таным аясын арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Алған білім, білік және іскрелік дағдыларын қолдану сабағы.

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау стартегиясы; топпен жұмыс; интерактивті

тақтамен және электронды оқулықпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: География пәнімен.

Көрнекілігі: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлау, елдер суреттері.

Жүрісі:

І. Қызығушылықты ояту. Топпен жұмыс.

Асан,Алатау,Мұрат,Ақтөс,Шымкент,Серкебаев,Құлагер,Талдықорған,Құтжол.

І топ: Адам аттары.

ІІ топ: Жер-су аттары.

ІІІ топ: Үй хайуанаттары мен жануарлар аттарын табады.

( сөйлем ойлату).

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Суретпен жұмыс.

Берілген Жайлау суреті бойынша оқушылар әңгімелейді.

-2-

2. Мұғалімнің Жайлау туралы кіріспе әңгімесі.

3. Оқулықпен жұмыс.

«Жайлауда» мәтінін мәнерлеп оқу. Мәтін мазмұнын түсіндіру.

4. Электрондық оқулық арқылы география пәнінің мұғалімі «Ұлы Жібек

жолы» туралы түсінік береді.

5. – Мәтінді оқушылардың іштей оқуы.

– Мәтін бөліктері бойынша 3 топқа дауыстап оқыту.

6. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

І топ: Әңгіме не жайында айтылған?

Қандай жайлаулар бар?

ІІ топ: Адамдар жайлауда не істейді?

Балалар не істейді?

ІІІ топ: Таулы Жайлауда қандай жемістер өседі?

Мәтіндегі берілген жайлаудың аттары қандай әріппен жазылған?

7. Оқушылардан мәтіннің толық мазмұнын сұрау.

8. Дәптермен жұмыс.

Оқулықтағы 229 – жаттығу орындалады. (тақтаға жазады).

9. «Ортадағы қаламсап»

А, Қ, Ж әріптерінен басталатын жер-су атауларын жазу.

10. Сергіту сәті.

(Қазақ халқы жайлауда жүргенде ән айтып, би билеген. Соған

байланысты «Қара жорға» биін оқушылар билейді).

11. Шығармашылық жұмыс.

(Өлеңнен бас әріппен жазылатын сөздерді тауып жазу).

-3-

Сырдария

Білем сені, сүйем сені

Сырдың суы – қарт анам!

Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен мен – балаң.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді. (Ә. Тәжібаев.)

Үш топқа өлең бойынша тапсырма беріледі:

І топ: Өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІ топ: Кісі аттарын теріп жазу.

ІІІ топ: Өзен аттарын теріп жазу.

ІІІ. Ой толғау. Не үйрендік?

230-жаттығу. Жұмбақтағы ел атауларын тауып, сабақты қорытындылау.

(ел атауларының бас әріппен жазылатынын айту).

(Елдердің суреттері көрсетіледі).

ІУ. Оқушыларды бағалау.

У. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жайлау тақырыбына сурет салу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше