Амирова Эльмира Қадірліқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Еркінқала орта мектебі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы
Сабақтың тақырыбы: Х, Һ дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Х,һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың айтылуындағы
ерекшелікті байқату, х,һ дыбыстары бар сөздердің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Сөздерді қатесіз, дұрыс, көркем жазуға үйрету, үнемі кітапханамен
байланыс жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, х,һ дыбыстарының кестелері.
Жүрісі:
І. Қызығушылықты ояту.
— «Цемент» сөзіне ойлаған сөйлемдерін оқыту.
— Ц дыбысына дыбыстық мінездеме беру.
ІІ. Мағынаны тану.
- – Қазір қай мезгіл?
— Күзде қандай өзгерістер болады? \жапырақтар сарғайып, түседі\.
2. — Орманға барып, осы жапырақтарды жинап қайтайық.
3. Оған бару үшін өлең оқып, жұмбақтар шешейік.
Қазақтың көне жерінде,
Айдаһар өмір сүріпті,
Патша боп көп жыл тұрыпты,
Күшсізді талай жалмапты.
Тіссізді талай қандапты…
-2-
Талай- талай қаһарман.
Жеңіспенен табысқан
Шыққан осы шаһардан.
— Ай- да- һар, қа- һар- ман сөздерінде үшінші, екінші буындарында қандай
дыбыс естіп тұрмыз. (Һ).
— Енді өлең- жұмбақ шешей ік.
Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан таныстан.
Келетұғын «хат», «хабар»,
Қай әріптен басталар? (Х).
- Ендеше бүгін Х,һ дыбыстары туралы білімдерімізді тереңдетеміз.
- Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру. Х,Һ дыбыстарының айтылуына назар аудару. Айтылу ерекшеліктерін байқату.
Х
- Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
- Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
- Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
- Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
Һ
- Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
- Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
- Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
- Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
-3-
2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сызып,
мағынасын түсіндіру.
— қ, һ дыбыстарының айтылу ерекшеліктерін байқату.
Қ
- Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
- Үн мен салдырдың қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады.
- Айтылу тәсіліне қарай-шұғыл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып,ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
- Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбысы.
3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жүргізіп,берілген сөздерден
сөз тіркесін құрап
жазу. Сұрақтарға жауап беру.
4-жаттығу. Топпен жұмыс.
Сөздерді түсініп оқу. Түсіндірме арқылы түсіндіру. Әр топ дыбыстық
талдау жүргізеді. \ халық, жаһан, қағаз сөздеріне\.
6-жаттығу. Берілгенін оқу. (Мектеп кітапханасымен байланыс).
- Кітапханада кітапты не арқылы таабсың?
- Кітап авторларының көрсеткішін пайдаланасың ба? (Бұл жөнінде кітапханашы апай әңгімелеп береді).
ІІІ. Шығармашылық жұмыс. Шеңбердің ішіндегі әріптерден Х,Һ әріптері бар
сөздер тауып жазу. Тапқан сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Халық» сөзіне сөзсазындық (фонологиялық 1-саты) талдау жүргізу.
Халық. 1. Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
Себебі,сөз құрамындағы дауысты дыбыстар жауан дауыстылар.
-4-
У. Сонымен күн кешкіріп қалды. Орманнан қараңғыда адасып қалармызү
жинаған жапырақтарымызды алып, үйімізге қайтайық.
УІ. Ой толғау.
Бүгін орманда не туралы айттық?
(Х, һ дыбыстары, олардың ерекшеліктері туралы).
УІІ. Үйге: 7-жаттығу.
УІІІ. Оқушыларды бағалау.