Моғолстан
Гимназия сыныптары бар
№16 жалпы білім беру орта
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Жумгалиева Алмагуль Асылгайновна
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моғолстан мемлекетінің құрылуымен, этникалық, құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды, халқын қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға, халқын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта, арнайы слайд, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқйғаларды ханның басқарған уақытымен сәйкестендіру.
III. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моғолстанның құрылуы, жер аумағы.
2.Халқының этникалық құрамы.
3.Моғолстанның ішкі- сыртқы жағдайы.
4.Моғол хандығының әлсіреуі.
- Моғолстанның құрылуы, жер аумағы.
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік – шығыс Қазақстан мен Қырғыстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды. Ал ұлыстың келесі бөлігі- Мауараннахрдың батысында Әмір Темірдің мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде ”монғол” сөзіндегі ”н” әріпі түсіп қалып, ”моғол” немесе ”моғолстан” сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Полдашы басқарған. Әмір Полдашы бастаған дулат ақсүйектері Полдашының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық- Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай мемлекетін үлестерге бөлгенде дулат әмірі Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай – Сүбе жерін берген. Маңлай – Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең – байтақ жерді алып жатқан.
2. Халқының этникалық құрамы.
Жетісу аймағындағы б.д.д II-III ғ. Бастап, үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген.
V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.
XIII ғасырда моғолдың арлат, калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.
3.Моғолстанның ішкі- сыртқы жағдайы.
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген Тоғылық – Темір хан елдің ішкі – сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағы біріктіріп, бір орталыққабағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болды. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза- Мұхммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған өмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.
Уақыты
