Қайталау сабағы дыбыс пен әріп

Бухарбай Қауя Сапарбекқызы

А.С.Макаренко атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Арқалық қаласы

Сабақтың тақырыбы : «Қайталау сабағы» (дыбыс пен әріп)

Сабақтың мақсаты :

Білімдік : Сабақ үстіндегі алған білімдерін грамматикалық ойын арқылы қайталап бекіте түсу .

Дамытушылық, :Ой-өрісін кеңейтіп , логикалық ойлауды тапқырлықты , шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды көрсете білу .

Тәрбиелік :Ақыл – ой тәрбиесін беру , ұйымшылдыққа ,озық болуға тәрбиелеу .

Технология : Дамыта оқу .

Көрнекілігі: интерактивтік тақта , электронды оқулық, тест , т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару . Қонақтармен сәлемдесу .

Үлкендерге де « сіз »,

Кішіге де « сіз » ,

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.

А) Психологиялық дайындық .

б) Топтарды таныстыру .

-Дыбыс туралы не білеміз?

(Кезекпен айту , бірін – бірі толықтыру )

– Оқушы атының бірінші дыбысына сәйкес топтарға бөлу .

1-сайыс: Сиқырлы дыбыс

-Қай дыбыс екі топқа да ортақ ?

– Оны қандай дыбыс дейміз ?

-Ендеше сиқырлы дыбысы бар сөздерді құрастырамыз .

1- топ « У » дауысты дыбыс болу керек .

2- топ « У » дауыссыз дыбыс болу керек .

2-сайыс : « Қызық сөздер » бәйгесі .

Сөз бөліктерінің ортасына а дыбысын қойып , мағыналы сөйлем құрастырып жаз .

Жыл қан уық бал шақ

ал қар бол шық (жылауық, алақан, балақан т.б)

Сергіту сәті : «Чунга – чанга»

3- сайыс : « Баспалдақ ойыны »

Қай топ сүрінбей, жылдам баспалдақтан түседі ?

1 – топ 2 – топ

О Б

4- сайыс : « Бақытты сәт »

Не бірінші ?

1. Құлын , бие , тай .

2. Тақтай , ағаш , жиһаз .

3.Жыл , апта , ай , тәулік .

4 .Түн , күн , ұйқы .

5 . Шаш , бантик , бас .

6 .Ауру , микроб , дәрігер .

7 . Күнделік , жалқаулық , екілік , мұғалім .

8. Ағаш , топырақ , тұқым .

9. Сабақ , қоңырау , мұғалім .

10 . Кітап , жазушы , баспа .

5 – сайыс : «Қызық сөйлем » бәйгесі

Әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру .

1—топ 2 – топ

А ..а..а….а. Ж….ж…ж..

Көзге жаттығу О….о…о..о. С….с…..с….с .

Тест сұрақтары : ( Тостермен жұмыс)

1.Әріп дегеніміз не ?

а ) дыбыстардың таңбасы

в) дыбыс

с) әріптер тізбегі

2. Жуан дауысты дыбыстар қайсы ?

а) Я , е , ы , о .

в ) Ә , і , ө , ү .

с) Ф , о , ы , ұ .

3 . Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

а ) 4

в ) 3

с ) 2

4 . Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап .

а ) ба –ла – қан

в ) ба – лақ –ан

с) бал – ақан

5. Тасымалданбайтын сөзді тап .

а ) ерін

в ) саба

с ) торғай

6 . Сөзді тап .

а) а ,у, о .

в) жарық

с) жа , ба

7 . У қай кезде дауысты ?

а ) Дауыссыздан кейін келсе

в ) Дауысты дыбыстан кейін келсе

с ) Сөз басында келсе

8 .Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой .

Қо…, о….., кү….

а) йу

в) ю

с) йю

9 . Әліпбиде бірінші қандай әріп тұрады ?

а ) Ә

в ) А

с ) Б

10. Дұрыс жазылған сөзді тап ?

а ) тайақ

в) таяқ

с) тайяқ

6- сайыс : «Сөз тапқанға » ойыны

Жеңімпаз атанған балалар қатысады .

Б С О

А Қ Р

Сұрақтар :

– Болашақта кім боласың ?

– Ауа райы қандай ?

– Сайысқа қайдан келдің ?

– Қандай жаман әдетіңіз бар ?

– Жолда қалай жүру керек ?

– Қай пәнді ұнатасыз ?

-Бос уақытыңда не істейсіз ?

-Отан үшін не істейсің ?

-Осы отырған көпшілікке не тілейміз ?

Сабақты қорытындылау : – Ендеше , осындай жақсы тілектермен сабағымызды аяқтаймыз .

– Сабақтан алған үш жақсы әсерін

айтқызу .

Бағалау :

Үйге тапсырма : Қызық әңгіме құрастыру ;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше