Үндемес дерттен аулақ болайық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылы
№242 «Сығанақ» негізгі орта білім беру мектебі
Тоқназаров Алтынбек
Үндемес дерттен аулақ болайық!
«Тәрбие басы тал бесік», -деп бекерден –бекер айтылмаса керек. Өйткені балаға тәрбие беретін ең әуелі ата –анасы. «Баланың бас ұстазы –ата -анасы» деген. Бірақ өкінішке орай баласының тәрбиесін мектеп мұғалімдеріне ысырып салып отыратын ата –аналар да жоқ емес.Баласы қандай да болмасын жамандыққа ұшыраса ең бірінші мұғалімді кінәлайды. Бала мектепте тек қана 6 сағат болса, қалған уақытында ата –анасымен болатындығын естен шығарғандай. Заман талабына сай, заман көшіне ілесіп кәсіпкерлікпен айналысатын ата –аналардың көпшілігі баласын тек «тамағы тоқ, көйлегі көк» болса жеткілікті деп есептейтіні
