Бөлме фитоэкологиясы
БӨЛМЕ ФИТОЭКОЛОГИЯСЫ
Мукажанова Наргиза Нұрланқызы
Жамбыл атындағы облыстық
мамандандырылған мектеп-интернаты,
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Бекбауова Айнаш Толеухановна
Ғасырлар бойы адамдар табиғатта өмір сүріп, оның туындысы ретінде дамып келеді. Адам баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіре отырып, аурудың алдын алу үшін күресуде.
Денсаулықтың кепілі – табиғаттың тазалығы мен азық – түліктің сапасына тәуелді екендігін ертеден білді.
Халық даналары адам баласының аурулары қоршаған табиғи ортаның әсерінен болатынын біліп, одан қорғану үшін түрлі дәрі-дәрмек ойлап тапты. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын іздестіріп, емдеу тәсілдерін зерттеді.
Дәрігерлер жұқпалы аурулардың ауа, су, топырақ арқылы таралатынын байқап, зерттеулер жүргізе бастады. Адамдардың тұратын мекенінде тазалық сақталуына, азық – түлік құрамына көңіл аударып, олардың әсеріне медициналық тұрғыдан сипаттама бере бастады.
Адам экологиясының зерттеу нысаны – адам мен оның денсаулығы. Халық табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді. Өсімдіктердің сан алуан құпияларын ашып, оны өзінің денсаулығы үшін пайдалануда.
Өзектілігі. Адам баласы тәуліктің көп бөлігін жабық кенселерде өткізеді. (үй, жұмыс орны). Бұл дәл шаң бөлшектерінің демалыс жұмыс орындарында жиналған жері, шаң өсімдік жапырағының тақтасында, бөлме жиһаздарында жиналып, тыныс жолдарының жұмысын бұзады. Шаңмен бірге көптеген микроорганизмдер, патогенді микрофлора түрлері де кіреді. Сондықтан жабық бөлменің ауа тазалығын қорғау, адамдардың денсаулығын сақтауда және аурулардың алдын алу үшін өте қажет.
Мәселе: Фитонцидтер – латын-грек сөзі: «Фито» – грекше «өсімдік», «цидо» – латынша «өлтіремін» деген мағынаны білдіреді. Олар, бактериялардың дамуын бәсеңдетіп, қарапайым микросаңырауқұлақтарды жоятынын дәлелдеу.
Мақсаты: Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін қолданып, белсенді ұшқыш заттары бар бөлме өсімдіктерін анықтау.
Міндеті: 1. Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін игеру.
2. Мектептің бөлме өсімдіктерінің ішіндегі фитонцидті белсенділерін анықтау.
3. Бөлме өсімдіктеріне талдау жасап, тізім құрастыру.
Гипотеза: Біз биологиялық белсенді ұшқыш заттардың әсерін зерттеу арқылы, фитонцидтердің бөлме микрофлорасын күрт төмендететінін анықтадық..
Зерттеу объектісі: Бөлме өсімдіктері мен микроорганизмдер.
Зерттеу заты: Фитонцидтердің әсері. Ауадағы микроорганизмнің сандық құрамы.
Күтілген нәтиже: Бөлме өсімдіктерінің ішінде фитонцидтік белсенділігі жоғары өсімдіктерді анықтау.
1.1 Жабық бөлменің ауасы және ластану көздері.
Бөлме ауасының ластануының негізгі себебі адамдардың көп уақыт бөлмеде болып, уақытында желдетпеуі. Екінші себебі бөлменің антисанитарлық жағдайы. Үшінші, қоршаған ортанын антисанитарлық жағдайы(мысалы; аула, көше т.б.). Төртінші, ғимараттың санитарлы-гигиеналық жағдайы мен орналасқан жері.
Жабық бөлмеде адамның ұзақ уақыт болуы, шамадан тыс шоғырлануы кезінде адамның өзі ауаны ластаушы болып табылады. Біздің ағзамызда шоғырланатын СО2 газы, ауаның сапасына кері әсер етеді. Ағзадан бөлінетін ауа 4,1 % көмірқышқылынан тұрады, ол қоршаған ауа концентрациясынан 150 есе көп. Көмірқышқылымен паралель әр түрлі иісті газ және бу тәріздес заттар жинақталады. Ол жағымсыз иісті бөлменің «тұрғын ауасы» (жилой воздух) деп атайды. Осындай бөлмеде ұзақ уақыттан соң адам өзін әлсіз сезіне бастайды (бас ауруы, жұмысқа деген қабілеттін төмендеуі, тәбеттің болмауы).
Қоршаған ортаның ластануы үйдің терезе, есік, желкөзі арқылы өтеді.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуда: көшелерді көгалдандыру, асфальт төсеу, су – канализация құбырлар жүйесін кеңейту кенінен қолдануда.
Бірақ осы шаралармен қатар, экологиялық салауатсыздық қатарласып жүр. Тоқтала кетсек, қоқыс қалдықтарын уақытында тазаламау, көк желектің болмауы. Ластанудың себептері екен, [5,6]
Жабық бөлменің ауасының сының ластануының соңғы себебі –ғимараттың санитарлы гигиеналық жағдайының қанағатсыздығы, құрылыс жұмыстарының, қабырға мен төбенің әрленуі, жылу жүйесі мен желдету нормасының , бұзылуы, ғимараттың орналасу жері.
Қоғамдық орындарда, ауа тазалығын қорғауда, санитарлы – гигиеналық сұранысқа сай, жылу мен желдету жүйелерінің маңызы зор. Жылу жүйесі ауаны зиянды газдар мен шаңдар мен ластамау керек.
Ауаны ластайтын басты факторлардың бірі – микрофлора. Атмосферадағы микробтардың ішінде патогендік түрлері аз. Себебі; күн реакциясы мен ауа массалары оларға кері әсер береді.
Ал жабық орында жағдай басқа. Қозғалыссыз жағдайдағы ауа, микрофлорасының көбеюіне өте қолайлы жағдай туғызады. Бөлмедегі шаң мен сұйықтық тамшылары, ауру тудыратын инфекциялық аурулардың таралуына көмектеседі.
Бөлме ауасында әр түрлі микробтар кездескенде ауа арқылы, тұмау, ангина, қызылша, скарлатина, шешек, т.б. инфекция таралатыны белгілі болды.
Инфекциялық аурулардың таралуының екі жолы бар: шаң – тозаң және тамшы арқылы. Бөлмені сыпыру кезінде микробтар, шаңмен бірге қайтадан ауаға көтеріледі. Төсек – орындар мен бөлме шанында апталап, айлап микроорганизмдер вируленттігі мен өмірбелсенділігін сақтай береді.
Профессор А.И.Шафирдің зерттеуі бойынша койлектен 1 минутта 100-ден аса шаң тозаң бөлінеді екен. Оның жартысы микроорганизмдерден тұрады.
Осы зерттеулерден, көптеген қоғамдық жерлерде киім – ауаның ластаушысы екені анықталды. Сондықтан микроорганизмдермен күресу деген сөз, себебі микробтар тек шаң – тозаңдарда болады екен.[2,4]
1.2Бөлме ауасының микрофлорасы.
Бөлме ауасының микрофлорасы сапалы және сандық құрамы бойынша ерекшеленеді. Ауадағы бактериялардың болуы келесі факторға байланысты: бөлменің санитарлы гигиеналық жағдайы, адамдардың саны мен белсенділігі, желдету деңгейі, маусымға, жыл мезгілдеріне, инсалляцияға. Осы көрсеткіштердің өзгеруі ауаның жалпы бактериялармен көбеюіне әсер етеді.(микроорганизмдердің 1см³ ауадағы қатынасы).Топырақ бөлшектері бар су мен ауаға таралады,тіршілік бөліндісінен, жөтелген адамнан сілекей тамшылары мен сөйлесу кезінде, қоректік заттары бар ортада, микроорганизмдер ауада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Нәтижесінде атмосфералық ауа тәрізді бөлме ауасы да микроорганизмдер көптүрлілігі мен ерекшеленеді. Өте жиі стафилакокк пен стрептакокк кездеседі. Мұрын – жұтқыншақ флорасы өкілдерінен басқа, ауада кейде вирустар, туберкулез микробактерияларын кездестіруге болады.
Бөлме ауасында көп таралған стафилакоктар. Олардың төзімділік қасиеті, бөлмеде көп сақталуын және ауаға периодты түрде бөлінуіне себеп.
Жабық бөлме шаңындағы «сandida» туысына жататын зең саңырауқұлақтарына зерттеу кезінде анықталды, 1г бөлме шаңында «сandida» жазда саны – 2000-ға тарта, қыста – 3000 жетеді. Жол маңында жазда ашытқы зең саңырауқұлақ тәрізділердің саны 1000 артады.Адамның ашытқы флорасы мен оның мекен ортасы пигменттік емес түрлерімен берілген. Ауадағы зең саңырауқұлақтарының споралары болатын маусымдық ауытқулар айқын білінбейді.
Ауадағы зең саңырауқұлақтарының спораларының маусымдық ауытқуы табиғатта тіршілігін сақтаған споралардың табиғи циркуляциясына байланысты. Бұл байланыс жылдың жылы кезеңінде білінеді, себебі бөлме мен атмосфера арасындағы ауа айналымы максималды болады. Төмен санитарлы – техникалық сипаты бар ауада, 1м³:1500-60000 микробтар санитарлы – техникалық сипаты жоғары ауада, 1м³:5000-6000 микроорганизмдер кездеседі.
Осы уақытқа дейін бөлменің санитарлы жағдайы туралы – жалпы бактерияның себу көрсеткіші мен α және β гемолитикалық стрептококтардың жалпы саны арқылы айтылады. Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер ретінде баска бактерия түрлерін қолдану, қазіргі уақытта ғылыми дәлелденбеді.
Ауа арқылы ірін коккалары (стафилококк, стрептококк, пневмококк, менингококк),туберкулездің қоздырғышы,дифтерия, күйдіргі, оба, әр-түрлі вирустар (тұмау, қызылша, эпидемиялық паротит, энцефалит) т.б. таралады. Аэрогенді инфекциялар үлкен қауіп төндіреді. Олар тез таралады, кең аумақтағы адамдарды таңғалдырады.
Сондықтан гигиена ғылымдарының атмосфералық ауа мен бөлме ауасын зерттеудегі қызығушылығы да түсінікті.
1980 жылдардан бастап бактериалдық аэрозоль және инфекцияның ауада таралуы туралы жаңа білім пайда болды. Көптеген аэрозольдар дегеніміз – коллоидті бөлшектер, ол ауа мен шаншылған қатты бөлшек немесе сұйық тамшылары. Сипаттамасына байланысты аэрозольдар бірнеше фазаларға бөлінеді:
Ірі ядролы фаза (α=0,1мм көп), ұсақ ядролы фаза (α=0,1мм кем), бактериялды шаң фазасы.
Бактериялардың аэрозольді жолмен таралынуы ауада тіршілігін сақтау мен сыртқы орта факторларына төзімді болуына байланысты.
Өте қауіпті микроорганизмдер ұсақ бөлшекті (100мм дейін), олар өкпе альвеолаларына, тыныс алу мүшелерінің қорғанысын бұзып өтіп кетеді.
1.3 Өсімдіктердің микроорганизмдерге әсері.
Өсімдік – өмір бойы адамның серіктесі. Бактерия мен антисептиктерді білмей ежелгі адамдар микрофлораға қарсылық көрсететін өсімдіктерді анықтай білген. Тұрмыста, халық медицинасында өсімдіктерді қолдану, адамдардың ғасырлық дәрежесінің айқын дәлелі. Өсімдіктердің – олардың ұлпаларының немесе ұшқыш фракцияларының қарапайымдар мен микроағзаларды қыратын қабілетін көптеген ғалымдар атап өткен.
Фитонцид –латын-грек сөзі: «Фито»-грекше «өсімдік», «цидо»-латынша «өлтіремін» деген мағынаны білдіреді. Олар, бактериялардың дамуын бәсеңдетіп, қарапайым микросаңырауқұлақтарды жояды. Онымен қоса өсімдіктің қорғанысы, қазір адамның өмірінде кең қолданысқа енді. Өсімдіктің барлық түрлері мен сорттары, фитонцидтік қасиетке ие. Бұл құбылыс, барлық өсімдік әлеміне тән. Ұшқыш фитонцидтер өсімдіктің жер үсті мүшелері арқылы атмосфераға, жер асты мүшелері арқылы – топыраққа, су өсімдіктері – суға бөлінеді.
Фитонцидтік құбылысты 1929 жылы Б.П.Токин ашты. Әр-түрлі өсімдіктердің фитонцидтері, құрамы мен әсері бойынша ерекшеленеді. Бір өсімдіктердің бактериостаттық қасиеті бар (микроорганизмдердің көбеюі мен дамуын тежейді, бірақ жоймайды),үшіншілері бактериялардың көбеюі мен өсуін стимулдайды.
Өсімдіктің қорғаныш қасиеті,фитонцидтік ерекшеліктеріне байланысты. Бір гектар жапырақты орман жаз айында 1 күнде 2 кг ұшқыш фитонцидті, қылқан жапырақты орман -5 кг, арша-30 кг, микроорганизмдерге кері әсер тигізетін ұшқыш заттар бөледі.
Бөлме өсімдіктері де фитонцидтер бөледі. Ауаны микроорганизмдерден тазартады.Себебі, бөлме өсімдіктері дегеніміз – экзотикалық түрлердің интродукциялануы.Мысалы: циперус-59%, хризантема – 66% микрофлораны төмендетеді.
2.1 Зерттелетін бөлме өсімдіктерінің сипаттамасы.
Зерттеу объектісі ретінде 4 бөлме өсімдігі алынды:
1.Ақгүлді традесканция – Традесканция белоцветочная.(tradescantia albifloca), Отаны – Америка. Традесканция туысқанының 90-ға жуық түрі бар. Традесканция тропикалық Америкадан келген. XVII ғасырда өмір сүрген ботаник Д.Традесканттың фамилиясымен аталды. Өте нәзік болсада күй талғамай өсе береді. Жапырағынан хлорофилл дәндері жақсы көрінеді. Сазды батпақты жерден шыққандықтан, суды жақсы көреді.
Ақгүлді традесканция, жапырағы ақшыл – жасыл, пішіні сопақша жылтыр.Жапырақ тақтасы орташа пішінді, мөлшері 5-6см. Жарық сүйгіш өсімдік, бірақ тікелей күн көзінде қалдыруға болмайды.(Күйік пайда болады). Ал көлеңкелі жерде жапырақтары реңін жоғалтады. Көктемнен күзге дейін мол суару керек. Қыста суаруды қысқартады. (сурет №1)
2.Батпақты аққанат – Белокрыльник болотный. (zanfedeschia alfhiopica) Ароид тұқымдасына жатады. Отаны-Африка. Өсімдік бөлмені тек гүлдеу кезінде ғана емес, улы өсімдік, Солтүстік Америка Еуропа мен Азияның батпақты жерді немесе су жағасында өседі.Қолайлы жағдайда бөлме температурасы 15-17 С. Тіке түсетін күн сәулесін қаламайды, бірақ жарық жерде орнығуы керек.Жаз айларында далада ұстаған жөн. Топырағы ылғалды болуы керек. (сурет №2)
3.Жағалы бегония – Бегония воротничковая (begonia manicata).Отаны – Оңтүстік Америка, Азия, Африка, Малай архипилагының аралдары. Қазір селекция әдісімен 2000-ға жуық бақшалық түрлері алынды. Бегония. Африка мен Американың субтропикалық ормандарында өсетін көп жылдық өсімдік
Бегонияны XVIIғасырда натуралист Шарль Плюмье Антиль аралдарына жасаған экспедициясында ашты. Сан – Домингоның губернаторы Мишель Бегонның (1630-1710ж) құрметіне аталды. Көп түрлі сукулиентті шөптер, бұталар. Жапырақтары жай және күрделі, ұсақ және ірі әдемі реңді, ашық –қызыл мамықтары бар. Қыста гүлдейді, 5-ке жуық гулшоғыры бар. (сурет №3).
4.Қазтамақ – Герань. Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар.
Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп
немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі – бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі. (сурет №4)
2.2 Зерттеу әдістері.
Жұмыс барысында кохтың седиментациялық әдісі қолданылып, ауаның ОМК (общее микробные количество) мен фитонцидтердің әсері де анықталды.
Седиментацияланған – ең қарапайым кәрі әдіс, қарапайымға және қол жетерлікке кең таралған әдіс. Кохом Р. ұсынған әдіс және ауырлық күштері әрекет астында шағын организмдердің қабілеттілігінде болады және ықпал жасау астында ауа қозғалыстары бірге кішкентай бөлшектермен шаң және аэрозоль тамшыларымен жеуге жарамды орта бетіне шөгу.(Петри ашық шыныаяқтары). Шынаяқтарды горизантальдық беттерге сұрыптау нүктелерінде орналастырады. Шыныаяқтарды жалпы обсемененностисі 5-10 минутқа мясо-пептонный агармен ашық қалдырады. Санитарлы-көрнекті микробтардың табуылуына арналған Гарро ортасын немесе Туржецконы қолданылады.(стрептококктардың табылуына арналған).
10-15 мин ішінде ашық шыныаяқтарды санитарлық-көрнекті шағын организмдердің анықтамаларын қалдырады. Шынаяқтарды тәуліктерге термостатқа жабады.
3.1 Қоректік ортаға зерттеу объектілерін себу.
Құралдар мен материалдар: Петри чашкаларына құйылған МПА (мясо-пептонный агар) бөлме өсімдіктері (Ақгүлді традесканция, батпақты аққанат, жағалы бегония, қазатамақ ), қайшы, маркер, химиялық кесе, үккіш таяқ.
Зерттеу барысында ауа микрофлорасының сапалық анализі жасалды. (1м³ ауадағы микроағзалардың саны).
Алдын – ала аудандық СЭС бөлімінде стерильденген Петри чашкаларына қоректік зат МПА (мясо- пептонный агар) құйылды.Осы петри табақшаларын:
№1-жаңа ғимарат
№2-№4,5,6,7 үлкен фойеде (сурет-5-6)
№3-жоғары сыныптың біріне (оқушы саны көп) қойып, 5-10мин ашық күйінде ұстадық. Традесканция, герань, бегония, белокрыльник жапырақтарын қиып, ұсаттық (т=1гр) (сурет-7-8). Химиялық фарфорлы кеседе үккіш таяқтың көмегімен:
№4, №5, №6, №7 петри чашкаларының қақпағына гераньның, традесканцияның, белокрыльниктің, бегонияның, қоймалжын массасын тегістеп (сурет-9), жағып, қақпағын, жоғары қаратып жауып, 40 мин ұстап, +25 С жылы жерге – СЭС термостаттына қойылды (сурет-10).
Ал,№1,2,3 Петри табақшаларын уақыты өткен соң, қақпағын жауып, СЭС-қа тапсырдық..
№1,2,3-тәжірибелеріндежаңа ғимарат, жоғары сыныптардың, фойенің жалпы микрофлора саны жеке – жеке анықталды.
3.2 Микроорганизмдердің колонияларын санау.
Петри табақшаларында пайда болған колонияларды микроскоп арқылы астына қара түсті қағаз салса, жақсы көрінеді (сурет №11-14). Табақша төңкеріліп тұрады түбіне колонияларды маркермен белгілейді. Санау кезінде келесі ережені ұстанады.
а) егер 100-ге жуық колония болса барлығын санайды.
ә) 200-500 болса, 1/3 бөлігін табақшаның (қарындашпен секторларға бөледі) есептеледі.
СЭСжасаған анализ қорытындысы.
| Табақшалардың диаметрі |
Табақшаның ауданы | 1м³ ауадағы микроорганизмдердің саны |
| 9см | 63см² | 80 |
Бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік белсенділігі.
| Тәжірибе типі | Өскен колониялар саны (дара саны) |
Ауаның 1м³ микроорганизмдердің саны |
| Традесканция | 24 | 1 920 |
| Герань | 46 | 3 680 |
| Калла | 52 | 4 160 |
| Бегония | 20 | 1 600 |
Микрофлора саны
| Колония | 1м³ | Таблица № | |
| Фойе | 98 | 4840 | №1 |
| Бастауыш | 106 | 8480 | №2 |
| Жоғарғы сынып | 121 | 9680 | №3 |
Нәтижені талдау
Бөлме өсімдіктерінің колонияларын санау кезінде, петри табақшаларында пайда болған колонияларды микроскоп арқылы, астына қара түсті қағаз салып, табақшаны төңкеріп түбіндегі колонияларды маркермен белгіледім.
№1 Петри табақшасындағы гераньның колония саны 46 болды. Колонияның түсі ақ және сары түсті болды. Ал шеттері кедір бұдыр болды.
№2 Петри табақшасындағы традесканцияның колония саны 24. Колонияның саны 52 қаныққан сары түсті. Шеттері тегіс.
№3 Петри табақшасындағы калланың колонияның саны 52. Колонияның түсі қаныққан сары түсті. Шеттері кедір бұдыр.
№4 Петри табақшасындағы бегонияның колония саны 20. Колонияның түсі ақ және сары түсті. Бірақ ақ түсі басымырақ. Ал шеттері тегіс.
3.3 Мектептегі өсімдіктердің тізімі мен фитоэкологиялық карта жасау.
Мектепте 14 бөлме өсімдіктерінің түрлері бар.
- Қош иісті пелоргония
- Ақгүлді традесканция
- Батпақты аққанат
- Жағалы бегония
- Ферро кактусы
- Бөрітарақ
- Кассандра
- Каланхе
- Каштан талшын
- Хлорофитум
- Алоэ
- Қырықжапырақ
- Шегіргүл
- Плюш
Әдебиеттердегі мәліметтер мен СЭС қорытындысына сүйене отырып, мектептің фитоэкологиялық картасын жасадым (кесте №1).
«Фитоэкологиялық карта» дегеніміз, табиғаттың негізгі факторлары мен өсімдік жамылғысының байланысын анықтайды.(Кюхлер 1971 ж)
Биоәртүрліктің геоботаникалық ақпаратты ұйымдастыруда әр түрлі масштабтағы фитоэкологиялық карта. Негізгі Құрам болып табылады. (Ильина 1999).
Ендеше мекемелермен кәсіпорындар орындардың басты қызметі – бөлме өсімдіктерінің дұрыс жинақтау арқылы фитоэкологиялық негізде, ғимараттардың фитоэкологиялық негізде картографиясын жасау.
Нәтижені талдау.
- №1,2,3 Петри табақшалары микроорганикалық (бақылау сызығы) №4,5,6,7 табақшаларын салыстырып, микрофлора қаншалықты кемігені дәлелденді.
№ 1,2,3 Петри табақшаларының микрофлора саны 7840, 8480,9680. Ең лас ауа жоғағыры сыныпта екені анықталды. №1 Петри табақшасының микрофлора санының (яғни фойеде) аздығының себебі, өйткені ол жер әр дайым хлоркамен жуылып отырады. Ал №2 Петри табақшасының , яғни бастауыш сыныптарындағы микрофлора саны 8480, ал ол №3 жоғарғы сынып микрофлора санына қарағанда төмен көрсеткішті көрсетті. Себебі, бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерінің қаруы бойынша жүреді.Қоңырауда бастауыш сынып оқушылары сыныпта көп отырмайды. Ал жоғарғы сыныпта микрофлора саны №1, №2 Петри табақша сандарына қарағанда көп. Өйткені, жоғарғы сыныптарда әр пәнен әр түрлі пән мұғалімдері болады. Сонымен қатар оқушыларда сыныпта көп жүріс болады.
2. № 4,5,6,7 Табақшаның мәліметтерін салыстырып, микрофлора санының төменделуі байқалды.
3. Мәліметтерге сүйене отырып, мектептің фитоэкологиялық картасы жасалып, мектеп ерекшелігін ескеріп, фитобелсенді түрлерді орналастыру, ретін ұсындық. Ал фойеде традесканция мен бегония түрлерін өсіруге болады. Бұл өсімдіктер тек фитонцидтік қасиеті жағынан ғана емес, биологиялық тұрғыдан да қолайлы деп есептеледі.( Топырақтың күйін талдамайды, суық желдерге әсер етпейді).
4. Микроорганизмдердің саны зерттеу өсімдіктерінің әсерінен азаятынына көз жеткіздік.
5. Фитонцидтік қабілеті жоғары өсімдіктер: герань және калла.
Қорытынды
Ізденіс жұмыстары кезінде бөлме өсімдіктерін тек сәнділік үшін, деген көзқарасты жойып, бұл объектілерін жан – жақты түсіну, биология, экология пәндерінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді. Зертханалық жұмыс барысында, СЭС-ң мамандарынан тәжірибе алып, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері қамтылды.
Келешекте ауа экологиясы тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
- Бликин С.А., Рудницкая Т.В. Фитонциды Вокруг нас.-М., 1981 ж
- Ведьмина Е.А., Власова И.В. Санитарно-биологическое исследование воздуха. – М.:Наука, 1978 ж.
- Головкин.Б.Н. Комнатные растения, – М.: Лесная промышленность, 1990 ж.
- Герань папулярное комнатное растение
- Методические указания к лабораторному практикуму по курсам «санитарная микробиология», «Санитарна-микробиологический контроль на производстве».
- Дощенко И.И. Воздушная среда и здоровье. – Львов, 1981 ж.
- Панкратов А.Я. Микрофлора воздуха. – М.: Издательство с/х литер., журналов и плакатов, 1962ж.
- Санитарная микробиология. Учебник для ВУЗов под ред Л. Лобашенко –М.: Пищевая промышленность, 1980 ж.
- Токин Б.П. Губетели микробов – фитонциды.- М.: Советская Россия, 1960 ж.
- Тульчинская В.Н., Юргелайтис Н.Г. Растения против микробов, Киев, «Урожай»,1987 ж.
- В.И.Артамонова. Растения и чистота природной среды./ Москва. «Наука» 1986 ж.
- Г.И. Белянкин. Город где мы живём/ Свердловск. Среднее-Уральское книжное издательство, 1981 ж.
