Бала тәрбиесіндегі балабақша ұжымы мен ата-анал ар ынтымақтастығының әсері өте зор
№24 «Аққу» МДҰ
Балмагамбетова Н.И.
«Бала тәрбиесіндегі балабақша ұжымы мен ата-аналар ынтымақтастығының әсері өте зор»
Қазіргі заман талабы, қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Сонымен қатар біз ата – ананың бала тәрбиесінде үлкен жауапкешілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, әр
баланың өзіндік ерекшеліктерін дамытуымыз қажет. Отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді. Бала тұлғасының қалыптасуы отбасындағы ғана іс емес, баршаның ісі, бұл біздің
