Тың және тыңайған жерлерді игеру

Қостанай қаласындағы №20 орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Ержан Аян Маратұлы

Сыныбы: 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың мақсаты : Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының

артта қалу себебін тауып , ауыл шаруашылығын алға

бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға

жете түсіндіру.Тың және тыңайған жерлерді игеруі

демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы

түсіндіріп,одақтық өнеркәсіп құрылыстарының Қазақстан

халқының этностық құрамының өзгеруіндегі алатын

орнын ашып көрсету.

тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүгіштік рухтың

аса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса

елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке ,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға тың туралы деректерді тауып жазуға, сілтеме

жасап ,ізденіс жұмыстарына жол ашу.

Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба.

Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.

Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест тап.)

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,

үй тапсырмасын сұрау.

25 тақырып бойынша.

1. Патша өкіметінің көші-қон саясытының мәні қандай ?

2. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдері қалай аталады ?

Сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.Оқушыларға берілген тың туралы мәліметтерден хабарлама тыңдау. Сабақ барысында тың туралы төмендегі кестеден көруге болады.

Орал, Сібір, Қазақстан
Қазақстандағы тың игерілген облыстар
Ақмола Солтүстік Қазақстан
Павлодар Қостанай
Көкшетау Торғай

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысы туралы кесте

Басталған жылы 1954 жылы (қаңтар- наурыз пленумы
Идеяны ұсынушы Үкімет
Одақ бойынша жыртылған жер Солт. Кавказ,Орал,Оңтүстік сібір,Еділ бойы, Қазақстан
Қазақстан бойынша жыртылған жер Павлодар ,Көкшетау,Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,Қостанай облысы
Тыңгерлерді материалдық ынталандыру Дүние мүлкі тегін көшірілді.

Отбасшы басшысына 500-100 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді.

Үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді. (35 % -ін мемлекет өз қарамағына алды.)

Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие берілді.

1,5 центнер астық немесе ұн ,азық – түлік берілді.

2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

Тыңгерлер саны 1954-1955 жылдары өнеркәсіпке , көлікке жұмыс істеу ішін 0,5 млн адам

Ақмола облысына 20000 адам

Солт. Қазақстанға 150000 адам келуі керек еді , артығымен 650000 адам келді.

1954-1962 жылдары жалпы 2 млн адам келді.

Жыртылған жер көлемі 1954 жылы 6,5 млн гектар

1955 жылы 9,4 млн гектар

Жалпы 25 млн гектар

Бөлінген қаржы 1954-1959 жылдары 20 млрд.
Пайдасы Ұлттық маман кадрлар көбейді.

Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды

Мәдени ошақтар пайда болды

Техниканы меңгеру басталды.

Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнап,

Басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді.

Басқа салалардың дамуына әсер етті.

Одақ бойынша астықты аймаққа айналды.

Зияны Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.

Қазақ мектептері жабылды.

Демографиялық күйзеліс басталды.

Экстенсивті әдіспен жүргізілді

Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.

Топырақ эрозиясы күшейді.

Жердің құнарлы қабаты желге ұшты

Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.

Пайдакүнемдер көбейді.

Сабақты қорытындылауға арналған тесттік жұмысы.

  1. 1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды ?

А) қарқынды; Ә) Экстенсивті; Б) Наврықтық; В) Қайта құру;

2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық комитеттің Бірінші хатшысы болып кім сайланды ?

А) Брежнев; Ә) Қонаев; Б) Пономарев; В) Жүніспаев ;

3. Тың игеруге байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды ?

А) 4,3 млн га; Ә) 6,5 млн га ; Б) 7,6 млн га ;

4. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды ?

А) 10 млн ; Ә) 16 млн ; Б) 18 млн ; В) 20 млн ;

5. Тың және тыңайған жерді игерудің келеңсіздіктері болды ?

А) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты; Ә) Топырақ эрозиясы күшейді ;

Б) жоғардағылардың барлығы дұрыс ;

6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты ?

А) Қостанай ,Ақмола, Солт. Қаз. Көкшетау, Торғай ,Павлодар;

Ә) Қостанай, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Семей;

Б) Алматы, Талдықорған, Оңт. Қазақстан, Қызылорда;

В) Қостанай, Солт. Қазақстан, Торғай, Оңт. Қазақстан, Өскемен;

7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қагша жылда орындалды ?

А) 2 жылда; Ә) 1 жылда ; Б) 3 жылда ; В) 5 жылда;

8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді ?

А) 1 млн ; Ә) 1,7 млн ; Б) 2 млн ; В) 2,5 млн ;

9. 1965 жылы республика мал саны қанша болды ?

А) 32 млн : Ә) 34 млн ; Б) 39 млн ; В) 42 млн ;

10. 1959 жылы республика тұғындары арасындағы қазақ халқының үлес салмағы қандай болды ?

А) 30 % ; Ә) 42 % ; Б) 56 % ; В) 85 % ;

Сабақты мұғалім қорытындылауы : Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығының жағдайы нашарлап , көптеген ауыл шаруашылығының белді мамандары жұмыссыз жүр. Ауылдан қалаға көшіп келіп жатыр. Қалада да мардымды жұмыс тауып кетіп жатқандары шамалы. Сондықтан :

« Ұлтарақтай болса да ,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да ,

Туып өскен ел қымбат »,-

деп халық айтқандай ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай халқымыздың шаруашылығы артып , хал тұрмысы жақсара ма ?

Ерте кезден –ақ халқымыз табиғатты қастерлеп , бар өмірі табиғат аясында өткен. Ардақты азаматымыз , ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебірентер жүрек толғауы ойға оралады : « Туған жердің тағдыры толғантпаған , жаны тебіреніп ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз ? » десе, халқымыздың мақтанышы Шоқан Уәлиханов : « Табиғат , адам , өзіңіз айтыңызшы , тіршілікте одан ғажап , олардан құпия не бар ?» деп атап көрсеткен.

Құрметті оқушылар ! Сөзімнің соңында мына бір өлең жолдарына көңіл қойғым келеді :

« Туған жерді сүю парыз !

Сүю үшін білу парыз !

Қасиетін ұғу парыз !

Күзетінде тұру парыз !» –

демекші туған жерімізді Жер – Ананы қастерлеп , оның ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай жағдайымыз жақсармақ емес. Дегенменде қазіргі таңда ел басшымыз ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлуде .Ауыл шаруашылығы жақсарса , ел тағдыры да жақсарады деп сенуімізге болады.

Үй тапсырмасы : Оқушылар Қазақстандық тыңгерлерге арналған фото альбом шығару тапсырылады.Сонымен қосымша Жұбан Молдағалиевтің «тың атты айқас мекені» ; М.Е.Довжуктың « Бір күн бір жылға тең » атты шығармасн іздеп оқу.

Оқушы білімін бағалау : Тың туралы хабарлама немесе реферат дайындап келген оқушыларды, сабақ барысында тапсырманы уақытында орындап жауап бергендерге тиісті бағасын қою.

Оқушылар осымен сабақ аяқталды сау болыңыздар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше