Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы

Қостанай қаласындағы №20 орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Ержан Аян Маратұлы.

Сыныбы: 10 сынып.

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Х-ХІІ ғасырлардағы ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену.

Тәрбиелік: Адамгершілік, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал- мәтелдердің талдау, ойын элементтері, зерттеу жұмыстары, тірек сызба , тесттер түрі (сәйкестендіру, салыстырмалы, ашық ). (Интерактивті тақтаны пайдалану).

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,Әл-Фараби, М,Қашқари, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауидің т.б.даналардың портретттері, тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

  • Сынып оқушыларын топқа бөлу.
  • Топ басшыларын сайлау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ – жауап әдісі.

3.Жаңа сабақ барысы:

Жаңа технология (интерактивті тақтаны пайдлану)

Интерактивтік тақтаға алдын ала тапсырмалар дайындап қойылған.

Үй тапсырмасын интерактивтік тақтаға нөмірленген ұяшықтар арқылы сұрақтар жасырылады.

  1. Көшпелілерде де , отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды.

Біз Сақ жазуларының (б.з.д. 1 – мыңжылдықтың ортасы) пайда болғанын білеміз.

Ал, Түрік жазулары қай ғасырларда пайда болды ?

( б.з. ҮІІ – ҮІІІ ғғ.).

  1. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда – саттық пен қатар тағы да не жақсы дамыды ? (Қолөнер).
  2. Түркілердің қалалары Ұлы Жібек жолында орналасқан. Олар сыртқы сауда – саттықта , дипломатиялық қатынастарда тікелей қандай елдермен байланыс орнатты ? (Үндістан, Қытай, Византия).
  3. Көне түркілер ойлап тапқан және пайдаланған алғашқы әріп жазуының бір түрі ? ( Руналық жазу).
  4. 1970 жылы Есік қаласы түбінен табылған «Алтын адамның » қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған неше таңба бар ? (жиырма алты).
  5. Көне түркі жазуларында , әсіресе құлпытастарға қандай ұлы қағандар жазып өз қол таңбаларын қалдырған. ( Күлтегін, Тоныкөк, Білге).
  6. Түркі қалықтары ислам діні енген кезден бастап , араб әліпбиін де қолдана бастайды. Нешінші ғасырлардан бастап қолдана бастады ?

( ҮІІІ – ХІІ ғғ.).

Жаңа сабақты игеру барысында оқушыларға даналар туралы қысқаша

мәлімет беріледі.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мақал – мәтелдердің жалғасын тап ойыны арқылы тапсырмалар беріледі.

І. Қызығғушылықты ояту.

1. Ғылым – теңіз, ……………………………(білім қайық).

2. Ақыл азбайды, ……………………………( білім тозбайды).

3. Оқу – білім азығы, ………………………(Білім ырыс қазығы).

4. Ілім бұлақ …………………………………..(білім шырақ).

5. Тіліңмен жүгірме, ……………………….(Біліммен жүгір).

6. Білім арзан, …………………………………(білу қымбат).

7. Байлықтың кілті – ………………………..(ғылым).

ІІ. Мағынаны талдау.

Талдау әдісі.

Сынып үйге берілген ғұламалар туралы дайындаған тапсырмаларын көрсет.

  • Қосымша материалдарды пайдаланып, әрбір топ берілген тапсырма бойынша презентация жасап, таныстырады.

( Топтар алдын ала үйге берілген тапсырма бойынша 3-5 минут уақыт аралығында қорғайды).

І- топ «Отырар» Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарға баға беру.

ІІ- топ «Сайрам» Тіл білімінің негізін салушы ғұламалар туралы мағлұмат беру.

ІІІ- топ «Түркістан» Әдебиет саласының кеменгерлері туралы баяндау.

ІІІ. Толғаныс.

Тақта бетінде жасырын топшамалар тұрады.

  1. Семантикалық тест.
  2. Сәйкестендіру тест.
  3. Ашық тест.
  4. Жабық тест.
  5. Хронологиялық тест.

– Әрбір топ өзіне ұнаған топшаманы таңдағаннан кейін, тапсырмалар беріледі.

– Топтан сұрақтардың жауаптарын білетін оқушылар шығып дұрыс жауаптарды тақтаға белгілейді.

  1. Семантикалық тест тапсырмасы:
Ғұламалар Ғұламалардың туған жылдары
870-

950 жж.

973-1050жж 1030-1090жж 1021-1075жж 1103-1167жж Шамамен

ХІІғ.с-

ХІІІғ.б.

1 Ахмет Игүнеки
2 Махмут Қашқари
3 Әбу Насыр

әл- Фараби

4 Жүсіп Баласағұни
5 Ахмет Йассауи
6 Әл – Бируни
7 Сүлеймен Бақырғани

2.Сәйкестендіру тест тапсырмасы.

1. Әл – Бируни «Данышпандықтың інжу – маржаны »

2. М.Қашқари « Ақиқат сыйы »

3.Ж. Баласағұни « А.Иүгнеки »

4. А.Иүгнеки « Даналық кітабы »

5. А. Йассауи « Түркі тілдерінің сөздігі »

6. Әл – Фараби « Құт негізі – білік »

7. С. Бақырғани « Ақырзаман ».

3. Ашық тест тапсырмасы.

1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл- Фараби шығармаларын қандай тілде жазды ?

А) Түрік

Ә) Парсы

Б)Араб.

2.М.Қашқаридың шын аты (есімі):

А) Махмут Хусейн ибн Мұхаммед.

Ә) Мұхеммед қазы Бахадүр

Б) Әдіб Ахмет Махмұдұлы

3. Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала:

А) Суяб

Ә) Қашқар.

Б) Фараб

4. Өз еңбектерінде адам дүниесі және оның мәнін сезім мүшелері мен ақыл-ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым:

А) М.Қашқари

Ә) Әл-Фараби.

Б) Ж.Баласағұни

5. Қожа Ахмет Йассауидің әкесі , атақты ғұлама адам:

А) Ибраһим.

Ә) Қанапия

Б) Мәти би

6. Ж. Баласағұни « Құтағу білік » еңбегңн Баласағұнда бастап қай қалада аяқтаған болатын:

А) Қашқар.

Ә) Отырар

Б) Тараз

7. А.Йассауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған кім ?

А) Қ.Жалайыри

Ә) С.Бақырғани.

Б) М.Х.Дулати.

4. Жабық тест тапсырмасы:

1. Әл – Бируни қай өнірде дүниге келген ? (белгісіз)

2. М.Қашқари дүниге келген қала ? (Қашқари)

3. Ж. Баласағұни өмірге келген қала ? (Баласағұн)

4. А.Иүгнеки қай өңірде дүниеге келді ? (Түркістанға қарасты қыстақ)

5. А.Йассау қай қалада дүниге келді ? (Сайрам)

6. Әл-Фараби өмірге келген қаласы ? (Отырар)

7. С.Бақырғани өмірге келген жері ? (

5. Хронологиялық тест тапсырмасы:

1. Әбу әли ибн Сина өмір сүрген жылдары:

А) 870-950жж.

Ә) 980-1037 жж.

Б) 1015-1075 жж.

2.М.Қашқариқай ғасырларда өмір сүрген:

А) Хғ.

Ә) ХІғ.

Б) ХІІғ.

3. А.Йассауи қай жылы дүние салған (қайтқан)

А) 1166ж.

Ә) 1168ж.

Б) 1169ж.

4. Исламның ішіндегі сопылық бағыт нешінші ғасырларда пайда болған ?

А) ҮІІ ғ.

Ә) ҮІІІғ.

Б) ІХғ.

5. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих Рашидиді» Қай жылдар шамасында жазған:

А) 1544-1546жж.

Ә) 1545-1548жж.

Б) 1546-1549жж.

6. Қ.Жалайыри қай жылы өмірге келді ?

А) 1526ж.

Ә) 1528 ж.

Б) 1530 ж.

7. А.Йассауи 63 жасқа келгеннен кейін: «Енді былайғы өмірім күпілік, пайғамбар жасынан аспақ күнә»,- деп, өмірінің қанша жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізді ?

А) Алты жылын

Ә) Сегіз жылын

Б) Он жылын.

Қорытынды.

1. Тірек – сызба.

Ғылымның дамуы.

Әбу Насыр әл – Фараби

(870 – 950)

Әбу Райхан әл – Бируни

(973 – 1050)

Ғұламалардың айналысқан ғылым салалары Ғұламалардың айналысқан ғылым салалары
  1. Логика
  2. Медицина
  3. Ғарышнама
  4. Анатомия
  5. Философия
  6. Заң
  7. Математика
  8. Музыка
  9. Әдебиет
  1. Тарих
  2. Математика
  3. География
  4. Астрономия
  5. Медицина

2.Тірек – сызба.

Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Махмут Қашғари

(1030 – 1090)

Жүсіп Баласағұни

(1021 – 1075)

Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздігінің жиынтығы.

Тіл тарихы, түрік мекендерінің аталуы, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.

Түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық- саяси өмірі, әдет – ғұрып, наным – сенімдерінен мағлұмат береді.

Философия , астрономия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған.

3. Тірек сызба.

Әдебиеттің көрнекті өкілдері.

Ахмет Игүнеки Қожа Ахмет Йассауи Сүлеймен Бақырғани
Халық көзі тірісінде –ақ « ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп баға берген. Ол өз шығармаларында адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.Шешен сөйлеуге, орынсыз сөйлемеуге ақыл кеңес береді.Көп сөзді, мылжың болмауға шақырады. Өз еңбектерінде адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке , имандылыққа шақырады.Ақын өз заманында әділетсіз билік иелерін қатты сынға алады. Ғұлама ақын халықты имандылыққа шақырады. Махабаттағы адалдықты жырлаған. өз заманында ғылыми, әдеби шығармалар жазып, рухани мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан.

Үй тапсырмасы.

20 тақырыпты оқып келу.

Ғұлам ғалым даналардың шығармалары туралы, әр топ слайдтар жасап келу тапсырылады.

Оқушыларды бағалау. Топтың басшылары сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға түрлі түсті шеңберлер үлестіріп, олар бағалауға алып келеді.

Оқушылар бағаланады. Сабақ аяқталады.

  1. Семантикалық тест тапсырмасы:
Ғұламалар Ғұламалардың туған жылдары
870-

950 жж.

973-1050жж 1030-1090жж 1021-1075жж 1103-1167жж Шамамен

ХІІғ.с-

ХІІІғ.б

ШамаменХІІІ ғас.

басы.

1 Ахмет Игүнеки +
2 Махмут Қашқари +
3 Әбу Насыр

әл- Фараби

+
4 Жүсіп Баласағұни +
5 Ахмет Йассауи +
6 Әл – Бируни +
7 Сүлеймен Бақырғани +

2.Сәйкестендіру тест тапсырмасы.

1. Әл – Бируни «Данышпандықтың інжу – маржаны »

2. М.Қашқари « Ақиқат сыйы »

3.Ж. Баласағұни « Асыл тастар »

4. А.Иүгнеки « Даналық кітабы »

5. А. Йассауи « Түркі тілдерінің сөздігі »

6. Әл – Фараби « Құт негізі – білік »

7. С. Бақырғани « Ақырзаман ».

3. Ашық тест тапсырмасы.

1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл- Фараби шығармаларын қандай тілде жазды ?

А) Түрік

Ә) Парсы

Б)Араб.

2.М.Қашқаридың шын аты (есімі):

А) Махмут Хусейн ибн Мұхаммед.

Ә) Мұхеммед қазы Бахадүр

Б) Әдіб Ахмет Махмұдұлы

3. Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала:

А) Суяб

Ә) Қашқар.

Б) Фараб

4. Өз еңбектерінде адам дүниесі және оның мәнін сезім мүшелері мен ақыл-ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым:

А) М.Қашқари

Ә) Әл-Фараби.

Б) Ж.Баласағұни

5. Қожа Ахмет Йассауидің әкесі , атақты ғұлама адам:

А) Ибраһим.

Ә) Қанапия

Б) Мәти би

6. Ж. Баласағұни « Құтағу білік » еңбегңн Баласағұнда бастап қай қалада аяқтаған болатын:

А) Қашқар.

Ә) Отырар

Б) Тараз

7. А.Йассауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған кім ?

А) Қ.Жалайыри

Ә) С.Бақырғани.

Б) М.Х.Дулати.

4. Жабық тест тапсырмасы:

1. Әл – Бируни қай өнірде дүниге келген ? (белгісіз)

2. М.Қашқари дүниге келген қала ? (Қашқари)

3. Ж. Баласағұни өмірге келген қала ? (Баласағұн)

4. А.Иүгнеки қай өңірде дүниеге келді ? (Түркістанға қарасты қыстақ)

5. А.Йассау қай қалада дүниге келді ? (Сайрам)

6. Әл-Фараби өмірге келген қаласы ? (Отырар)

7. С.Бақырғани өмірге келген жері ? (жобамен Оңт. Қазақстан өңірі)

5. Хронологиялық тест тапсырмасы:

1. Әбу әли ибн Сина өмір сүрген жылдары:

А) 870-950жж.

Ә) 980-1037 жж.

Б) 1015-1075 жж.

2.М.Қашқариқай ғасырларда өмір сүрген:

А) Хғ.

Ә) ХІғ.

Б) ХІІғ.

3. А.Йассауи қай жылы дүние салған (қайтқан)

А) 1166ж.

Ә) 1168ж.

Б) 1169ж.

4. Исламның ішіндегі сопылық бағыт нешінші ғасырларда пайда болған ?

А) ҮІІ ғ.

Ә) ҮІІІғ.

Б) ІХғ.

5. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих Рашидиді» Қай жылдар шамасында жазған:

А) 1544-1546жж.

Ә) 1545-1548жж.

Б) 1546-1549жж.

6. Қ.Жалайыри қай жылы өмірге келді ?

А) 1526ж.

Ә) 1528 ж.

Б) 1530 ж.

7. А.Йассауи 63 жасқа келгеннен кейін: «Енді былайғы өмірім күпілік, пайғамбар жасынан аспақ күнә»,- деп, өмірінің қанша жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізді ?

А) Алты жылын

Ә) Сегіз жылын

Б) Он жылын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше