Суды қорғау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Гимназия сыныптары бар жалпы білім

беретін № 16 орта мектібінің бастауыш

сынып мұғалімі Мақсымова Қанзия

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Судың табиғаттағы қажеттілігі туралы түсінік беру. Ластанған су жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық . Оқушыларды оқыған тарау бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік. Тіршілік судың қатысуымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды таза ұстауға, үнемдеуге, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, күзгі жапырақтар, нақыл сөздер.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II.Үйге берілген тапсырма «Өзен және көл»

Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып үйге берілген тапсырманың мазмұнын айтқызу..

Өтілген сабақты сұрақтар қоя отырып қорытындылау.

1. Қазақстандағы өзендерді ата.

2. Қазақстан көлдерінің ең ірісін ата.

3. Ең терең көлді ата.

4. Ертіс өзенінің бойында қай қалалар орналасқан?

5. Арал теңізі бұрынғы аумағы жөнінен дүние жүзіндегі көлдердің арасында нешінші орында алатын еді?

6. Көлдер қалай пайда болған?

III. Жаңа сабақ: «Суды қорғау»

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру. Міне балалар, су біздің тіршілігіміздің көзі екен. Сол үшінде біз суды таза ұстауымыз, үнемдеуіміз, қорғауымыз керек.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Суды қорғау»

Ластанған су деп қандай суды айтамыз? Суды қорғауға сен қандай үлес қоса аласын?

Осы сұрақтарға жауап беру барысында сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

«Суды қорғау» тақырыбын мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.

а) Судың ластануы

ә) судың зияны

б) оның шамадан тыс пайдалануы

в) Арал теңізінің және Балқаш көлінің тағдыры.

«Су тіршілік көзі». «Сулы жер- нулы жер», «су – атасы, жер – анасы», «Су тазалық пен денсаулықтың кепілі», «Судың да сұрауы бар», нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіру

Дәптерге нақыл сөздерді жазу.

Су туралы жұмбақтар, мақалдар айту.

IV. Сабақты «Күзгі жапырақтарды жинау» ойыны арқылы қорыту.

Тақтаға ілінген жапырақтарды алып, жапырақ астына жазылған сұрақтарға жауап беру.

1. Судың түсі қандай?

Су түссіз, мөлдір

2. Судың пішіні барма?

Судың пішіні жоқ.

3. судық қандай қасиеті бар?

Судың қасиеті жақсы еріткіштігі

4. Су неше түрлі күйінде кездеседі?

Мұз, су, бу.

5. Бұлт неден түзіледі?

Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді.

6. жер асты сулары қалай пайда болады?

Жер асты сулары жауын – шашын, қар суынан пайда болады.

7. Жер астының тұщы суын қалай пайдаланады?

Ол үшін түрлі тереңдіктегі құдықтар қазылады.

8. Құдықтың суы қандай болады?

Құдық суы таза, мөлдір, салқын болады.

9. Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

Жер бетінің 3/2 бөлігін су қабаты алып жатыр.

10. Дүние жүзіндегі ең терең көлді айт.

Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал

11. Арал теңізіне қай өзендер құяды?

Арал теңізіне Әмудария мен Сырдария өзендері құяды.

V. Оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма: «Суды қорғау» тақырыбын оқып келу.

«Суды қорғау» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше