Б. Ысқақов Кім жүйрік
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Гимназия сыныптары бар жалпы білім
беретін № 16 орта мектібінің бастауыш
сынып мүғалімі Мақсымова Қанзия
Сабақтың тақырыбы: Б. Ысқақов «Кім жүйрік»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәнерлеп, жылдам оқуға үйрету, қызғушылығын ояту, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту. Өлеңдегі негізгі ойды, анықтай білуге, түсінігін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын көз алдына елестету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдері: баяндау, тіл дамыту, сұрақ – жауап, түсініп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Көліктер (Автобус, пойыз, ұшақ) суреті, сөз жұмбақ, тест.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлау.Оқулықтары мен дәптерлерін
түгендеп,зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма Т. Молдағалиевтің
«Мамандық таңдау» және К.Салықовтың
«Шахтёр мен космонавт» өлеңдерін 3-4
оқушыдан сұрау.
Қәне балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
| 1.Аспанның түсі қандай? (көк)
2. Қоянның баласы қалай аталады? (көжек) 3. Ешкінің төлі (лақ) 4. Ағаштана ағашқа секіретін аң? (тиін) 5. Лақтың енесі (ешкі) 6. Үй құсы (тауық) 7. Бойына сеніп жыл басынан құр қалған жануар (түйе) 8. Мойны ұзын жабайы жануар (керік) |
Біздің ерекше боялған тор сөзімізден қандай сөз шықты? (көліктер)
Ендеше балалар, қазір біз сендер осы көліктердің кейбір түрлеріне байланысты жазылған Бүркіт Ысқақовтың «Кім жүйрік» өлеңімен танысамыз.
Жаңа сабақ. Б.Ысқақовтың «Кім жүйрік» өлеңі.
Өлеңнің авторы Б.Ысқақов туралы қысқаша мәлімет беру.
Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Көкмөлдір деген жерде туған. Оның «Сенің Отаның» атты өлеңдер жинағы «Жеткіншек» атты өлеңдермен дастандары және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»? деген өлеңдер балладалар, ертегілер жинағы бар. Өлеңдерді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті: Жұмбақтар шешу.
1. Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп, жүр дара.
(кеме)
2. Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.
(ұшақ)
3. Көше бойлап аяңдайды.
Адам тасып аялдайды.
(автобус)
4. Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді.
(трактор)
5. Тақылдатып таңдайын,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін беріп тазалап,
Өзі түкте алмайды.
(комбайын)
6. Бір тұлпар су ішпейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адамда,
Доғасын сымына сүйреп жол жөнейді.
(трамвай)
Сабақты бекіту.
Оқушыларға сұрақтар қойып сабақты бекіту.
1. Біз нелер туралы білдік?
2. Өлеңдегі көліктерді кім айтып береді?
3. Көліктердің қайсысы тез жүреді?
4. Қай көліктің жол ақысы қымбатырақ?
5. Не себепті?
Тест сұрақтарын пайдаланып сабақты қорытындылау
1) Пойыз өзінің жүйріктігін нелерден артық санайды?
а) Есек, сиыр түйе
ә) Есек, өгіз, түйе, ат
б) Түйе, есек, сиыр
2) Автобус пойызды несіз жүре алмайсын дейді?
а) реліссіз
ә) тоқсыз
б) электрсіз
3) Ұшақ өзін көктегі қандай құсқа теңейді?
а) қырғи
ә) самұрық
б) бүркіт
4) Бәріненде не ұшқыр екен?
а) адам қиялы
ә) ұшақ
б) көктегі құс
5) Өлеңде айтылған көліктер жазылған қатарды көрсет
а) автобус, трамвай, пойыз
ә) трамвай, пойыз, ұшақ
б) пойыз, автобус, ұшақ
Оқушыларды бағалау
Сабақты аяқтау
