Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым.

Гимназия сыныптары бар №16 жалпы білім

беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Куватова Орынкуль Жиенгалиевна

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік бере отырып, сұрақ қоя білуге үйрету.

2. Ілияс Жансүгіровтың өлеңін меңгерту арқылы оқушыларда көктем туралы білімдерін байыта түсу.

3. Сауатты, көркем жазуға, мәнерлдеп оқуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: Ойыншықтар, тақырыптық суреттер

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

– Балалар, қазір қандай сабақ?

– Ана тілі.

– Олай болса, құралдарымызды алдымызға шығарайық. Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

– ҚР мемлекеттік әнұраны.

– Жақсы! Алдымен мынадай сұраққа жауап беріңдерші: ҚР – ның рәміздерін кім айтады?

– Ту, елтаңба, әнұран.

Оқушылардан ту, елтаңба туралы сұрау.

– Өте жақсы! Жарайсыңдар!

Оқушылар әнұран орындайды.

– Әнұранның сөзін жазған кімдер?

– Әнін жазған ше?

– Н. Назарбаев кім?

– 3 сәуірде не болғалы жатыр, білеміз бе?

– ҚР президентінің сайлауы.

– Дұрыс айтасыңдар.

ІІ. «Сиқырлы қоржын» ойыны.

– Балалар, біз қазір «Сиқырлы қоржын» ойынын ойнаймыз. Мына қоржында не бар екенін табуымыз керек.

Заттарды сипап сезу арқылы не екенін тапқаннан кейін қоржыннан шығаруға рұқсат беру. (қоян, ұшақ, машина, доп, қуыршақ…)

– Осы сөздерді буынға бөлейікші?

Ал енді бұл сөздерге сұрақ қояйықшы?

– Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

( Заттың атын білдіретін сөздер )

ІІІ. Жаңа сабақ.

– Өте жақсы! Ал енді, балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Заттың атын білдіретін сөздер» деп аталады.

Көркем жазу.

Бәйшешек, жауқазын, көктем.

82-жаттығу.

Сөздерді оқып шығып, ауызша сұрақ қою.

Аю – не? бүркіт – не? сүт – не? өзен – не?

ұшқыш – кім? тігінші – кім?

83-жаттығу.

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табу. Әр сөзге сұрақ қойылады.

Кім? Не?

Бала күшік

қыз ит

Айжан өсімдік

Ербол тау

– Тақтадағы суретке балалардың назарын аударту.

– Балалар, суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

Оқушылар көктем туралы өз ойларын, білетіндерін әңгімелейді.

– Олай болса, біздің келесі жаттығуымыз да осы тақырыпқа берілген.

84-жаттығу.

Не сұрағына жауап беретін сөзді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

…. келді. … жылына бастады. … еріді. Жылғалардан … ақты.

Керекті сөздер: көктем, күн, қар, су.

– Балалар, «Көктем» дегенде ойларыңа не келеді?

(күн, құстар, мал, сүт, гүл, ағаш, су…)

– Өте жақсы. Жарайсыңдар! Ал енді біздің бүгінгі танысатын мәтініміз де осы көктем тақырыбына байнанысты берілген екен.

Сөздік жұмыс: Жазғытұрым – көктем кезі, жазғасалым, көктемде.

Өлеңді таныстыру. Авторы туралы қысқаша мәлімет беру. Ілияс Жансүгіров ( 1894 – 1937 ) Қазақтың ұлы ақыны. Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келеді. Анасынан ерте жетім қалып, әкесінің тәрбиесінде өскен. Ерте жастан бастап өлең жаза бастаған. Көптеген өлеңдері мен “Жетісу суреттері”, “Гималай” атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан “Дала”, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді.

«Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектете оқыту. Соңында бір оқушы мәнерлеп оқиды.

ІV. «Кім жылдам» ойыны.

– Ал енді балалар, тақтаға қарайық.

Тақтада бірнеше сөз шашыраңқы жазылып тұрады.

Тапсырма: кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді шапшаң тауып, жазу.

V. Қорытынды.

Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді. Айсұлу, қоян, кітап.

VI. Өмірмен байланыс.

– Балалар, көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?

– Наурыз мерекесі, Халықаралық әйелдер мерекесі…

– Соның ішінде 8-наурыз Аналар мерекесі, ең алғашқы көктем мерекесі. Дүние жүзі құлпырып, гүлдеп, сүйікті аналарымыздай жайнайтын кез. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымызға қатысып отырған аяулы мұғалімдерімізді сол көктем мерекесімен құттықтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше