10 көлеміндегі сандарды қайталау

Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы

Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау .

Сабақтың мақсаты: 1.Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып,

Балалардың білім дағдыларын тиянақтау, қайталау,қалыптасу деңгейін анықтау .

2. Танымдық белсенділігін арттыру, бастапқы негіздерін үйрету,

Ойлау өрісін ,ойлау қабілетін ,математикалық тілін дамыту .

3. Мақсатқа және жете білуге ,еңбек етуге ,ойын дұрыс айта білуге , шығармашылық еңбек етуге , ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, машықтық.

Көрнекілігі: Сандар, аққаланың суреті, сандарға қатысты, жеміс-жидектердің суреті .

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі;
  2. а) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару.
  3. ә) Психологиялық сәт.

Армысың , асыл күн!

Армысың , асыл жер !

Армысың жан досым !

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым!

– Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі қонақтар қатысып отыр. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

– Қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыстың нешінші айы, қазір қай ай?

– Бір аптада неше күн бар?

– Неше күн оқимыз ?

– Неше күн дем аламыз ?

– Бүгін аптаның қай күні ?

– Балалар біз 10-ға дейін санау білеміз .Ендеше өз білімізді әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы көрсетейк .

– Балалар қыс айы сендерге несімен ұнайды? Қардан не жасаймыз ?

Ендеше аққаланы қағаздан жасап көрейікші . Аққаланың бір бөлігін құрастыру үшін ондағы тапсырмаларды орындау керек.

1. тапсырма

– Алдарыңда сандар бойынша ретімен тұрыңдар (балалардың алдына сандар номерациясы үлестіріп беріледі)

– Тура санау

– Кері санау

– Орыс тілінде санау

– Ағылшын тілінде санау

– Реттік санау

– Көршілерін атау .

2. Тапсырма . Қандай сан жетіспейді

1 2 5 3
10 7
4 6

3. тапсырма

Әр суретті сана және тиісті цифрларды жаз.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып ,бір тұрып

Демімізді алайық .

Дәптермен жұмыс .

– Аспанда не жарқырап тұр ? Барлығымыз сол күн сиякты күлімдейікші ендеше даптердегі тапсырмаларды әдемі таза орындайық .

Логикалық есеп

(есеп оқылады балалар тақтаға текше сандар арқылы жазады .)

Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма ? (3+2≡5)

Көлден ұшты төрт қаз

Қайтып қонды екі қаз

Ұшып кетті нешеуі ? (4-2≡2)

Қорытынды . Мадақтау.

– Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ? Несімен ұнады .Бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше