§28.Сарматтар. Сарматтардың қоныстануы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебінің тарих
пәні мұғалімі Сәндібаева Ақгүл
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:§28.Сарматтар. Сарматтардың қоныстануы.
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: Қазақ халқыныңата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айтаотырып, Арал-Каспий теңіздері бойын мекендеген сармат тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру
Ә)Дамытушылық: Жаңа сабақты меңгерте отырып,оқушылардың ой -өрісін
дамыту, белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
Б)Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті,иманды азамат етіп тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірме баяндау,сұрақ- жауап, тест, тірек сызбалары,
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақ бастау алдында өткен тақырыптар бойынша ғұндардың тарихы туралы қысқаша шолу ретінде сұрақ – жауап әдісі бойынша
Мынадай сұрақтар беріледі.
1. Ғұндар Қазақстанның қай жерін мекендеген?
2. Олардың билеушісі кім?
3. Қандай жерлерге жорық жасады?
4. Аттила туралы не білесің?
5. Олардың соғыс құралдары, шаруашылық түрлерін атаңдар.
Тарихи терминдер:
Мыңбасы – мың адамдық әскер басшысы
Патриархалды билік– ер адамдардың билігінің жоғары болуы.
Зерлеу әдісі– бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.
«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жабыстыру.
1 – топ: Алғырлар Сұрақтар жауаптар
1.Ғұндар кезеңі қай ғасырларды қамтыды?
2. Ғұндар туралы қытай деректерінде не делінген?
3. «Ғұн» сөзі қандай атаулармен берілген?
4. Ғұн державасының негізін қалаған кім?
5. Ғұндар әскери жүйе бойынша қаншаға бөлінді?
6. Түменбасыларды кім тағайындады және олар қанша руды басқарды?
7.Түменбасыдан кейін басты тұлғаларды ата.
8. Ғұндар қандай күштерге сиынды?
9. Цинь патшалығы кімдерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды?
10.Ғұн мемлекеті қай ғасырда оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?
11.Ғұндардың батысқа қарай жылжуы халықтарға қандай өзгерістер әкелді?
2- топқа. Сызбаны толтыр
| Болған жылы | Болған оқиға |
| (400ж) | Ғұн билеушісі Аттила өмірге келді |
| (V ғ. ортасы) | Аттила қуатты шығыс империясына жорық жасап, тізе бүктірді |
| (448 ж) | Прииск Аттиланың сырт келбетін суреттеді |
| (453ж) | Аттила қайтыс болды |
| (451ж) | Аттиланың Галлиядағы Каталаун шайқасы |
| (б.з.б. 209 ж.) | Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі |
| (300 жылдан астам) | Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт |
3 – топқа Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мәтінді толықтыр
Ғұндар негізінен ________ (киіз үйлерде) тұрды. Қол өнер шеберлері жүннен_______(төсеніш) пен ______ (кілемдер) тоқыған.
_______(жүннен,киізден,ағаштан)төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған. Киіз үйдің төрінде (қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ)_______ ілулі тұрды. Ғұндар _______ (алтыннан, күмістен)әшекей бұйымдар жасады. Ғұн әйелдері құлағына______ (асыл тастан көмкерілген сырға), саусақтарына______(алтын жүзік), ______ шаштарына ______ (алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер) таққан. Әшекейлерді безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті заттар жапсыруды_____________ деп атаған.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Сарматтардың орналасқан жері
2. Савроматтар
3. Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар
Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8-ғасыры мен б.з.-дың 5-ғасырында мекендеген. Кейде савромматтар деп те атаған. Арал-Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен.Батыс Қазақстан жерің біртіңдеп жаулап, қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Сарматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.
Сарматтардың орналасқан жері
Арал-Каспий Каспий теңізі Гиркан теңізі
(дай,даг,дах) (каспилер) (гирканилер)
1).Жаңа сабақтағы термин сөздермен жұмыс.
Дах,дай,даг – арал – каспий бойын мекендеген ежелгі тайпалар
Гирканилер – Гиркан теңізі бойын мекендеген тайпалар
Аршак- апарн тайпасынан шыққан көшпелілер
Этногенез- халықтың шығу тегі.
Дайлар- б.з.б.248-247 жылдары өмір сүрген тайпалық бірлестік
Б.з.б. 1 мыңжылдықта Геродоттың,парсы патшасы Ксерстің жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің аралығын дах,сақ-массагет тайпалары өмір сүрген. Дайлар бірнеше рудан тұрды. Дайлардың Апарын тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның үлкен бөлігін және Гирканияның онымен шектес аймақтарын басып алған.
Сөйтіп, олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
YI.Жаңа сабақты қорытындылау:
І топ: Алғырлар
1.Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ
Батыс Қазақстан
2.Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі
б.з.б. УІІІ ғ.-б.з. У ғ.
3.Арал-Каспий аралығы, одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы
Дах
4.Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы
Гиркани
5.Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы
Гиркан
6.Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы
Диодор
.Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы
Дай
9.Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы
Дайлар
ІІ топ: Білгірлер
1. Көне дәуір авторларының еңбектерінде “сармат” атауының кездесетін мерзімі
А) б.з.б. У ғасыр В) б.з.б. ІУ ғасыр
С) б.з. ІІ ғасыры Д) б.з.б. ІІІ ғасыр
Дұрыс жауап: Д
2. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ
А) Оңтүстік Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан Д) Батыс Қазақстан
Дұрыс жауап: Д
3. Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі
А) б.з.б. У ғ.-б.з. І ғ. В) б.з.б. УІ ғ.-б.з. ІІ ғ.
С) б.з.б.УІІ ғ.-б.з. ІІІ ғ. Д) б.з.б. УІІІ ғ.-б.з. У ғ.
Дұрыс жауап: Д
4. Арал-Каспий аралығы, одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы
А) Каспий В) Гиркан
С) Саврамат Д) Дах
Дұрыс жауап: Д
5. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы
А) Дах В) Алан
С) Савромат Д) Гиркани
Дұрыс жауап: Д
6. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы
А) Хорезм В) Исседон
С) Дах Д) Гиркан
Дұрыс жауап: E
7.Сарматтар кімдермен туыстас болып келеді?
а)сақтар В) массагеттермен, исседондармен
с)Дайлармен D) исседондар
Дұрыс жауап: В
III топ: Көшбасшы
Балама тест (иә немесе жоқ).
1. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)
2. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ)
3. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)
4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)
5. “Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. ІV ғасырдан бастап кездеседі. (жоқ)
6. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)
7. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ – масагертер. (жоқ)
8. Аландар Б. з. б. 248 – 247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)
9. б. з. б. VІІІ ғ.- б. з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)
10. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)
ББҰ кестесін толтыру
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы. §28.Сарматтардың қоныстануы
