Сын есім
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Гимназия сыныптары бар жалпы білім
беретін № 16 орта мектібінің бастауыш
сынып мұғалімі
Куватова Орынкуль Жиенгалиевна
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: 1. Сын есім туралы білім – біліктерін әрі қарай жетілдіру, басқа сөз таптарымен дұрыс байланыстыра білуге дағдыландыру.
2. Тілдік қорын, сөз өнерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын тұжырымды жинақтап еркін және шешен сөйлеуге үйрету.
3. Шығармашылықпен жұмыс жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап ойландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Тест, жадында сақта ойыны, сөзжұмбақ, сызба, бүктемелер, «»Шытырман сызықтар» ойыны, жыл мезгіліне арналған сурет.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Өтілген сөз таптарын қайталау барысында 1 деңгейлік тапсырма:
А) Тест бойынша жауап алу
1. Етістік дегеніміз не?
а) заттың түрін, түсін білдіреді
ә) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіреді
б) заттың атын білдіреді
в) заттың санын білдіреді
2. Зат есім сұрақтары?
а) қашан?, неше?
ә) не істеді?, қайтті?
б) қандай?, қай?
в) кім?, кімдер?, не?, нелер?
3.III – жақта тұрған тәуелдеулі сөзді тап?
а) досым
ә) қарындасың
б) апасы
в) ініңіз
4. Туынды етістікті тап?
а) жаз
ә) шегеле
б) айт
в) кел
Ә) «Жадыңда сақта» ойынын ойнату.
Берілген 20 секунд ішінде заттардың атын есте сақтап, оны 1 минут ішінде дәптерге ретімен жазады.
Б) Ол сөздердің атауын етістікпен тіркестіріп айту.
III 2 – дейгейлік тапсырма.
Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпқа байланысты беріледі.
а) Сөз жұмбақ шешу:
1. Жанды сағат,
Айқай салад.
(есек)
2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстауды.
(балық)
3. Жерде туып, көкте өледі.
(түтін)
4. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады
(жел)
5. Жылт – жылт кеткен,
Жылғадан өткен.
(су)
6. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.
(кірпі)
7. Өзі жап – жас мұрты бар,
Етпен сүтке ұмтылар.
(мысық)
ә) Тақырыпты шығара отырып төмендегі сызба арқылы сын есімнің ережесін балалардың өздеріне тұжырымдату.
| Сын есім |
| Қай? |
| Қандай? |
| сыны |
| сапасы |
| түсі |
| көлемі |
б) Сын есімге мысалдар келтіру
в) Ұйқасын таба отырып, өлең жолдарын дұрыс құрау.
Қыр, бетіне, шығып, алып, ауылдың,
Сал, кербез, дала, көзің, келбетіңе
Өнерімен, сансыз, құс, салғыласып,
Жаңа көктем, құрметіне, сайрайды.
Дұрыс шумағы:
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Көзің сал кербез дала келбетіне.
Сансыз құс өнерімен салғыласып,
Сайрадйы жаңа көктем құрметіне.
г) Оқулықтағы жаттығыларды орындату
IV. 3 – дейгейлік тапсырма
Жаңа сабақты бекіту барысында тапсырмалар беру.
а) шытырман сызық арқылы сын есімді өзіне қатысты зат есіммен тіркеп жазу және оларды қатыстырып сөйлем құрау.
ә) Тірек сөздермен жұмыс (ауызша)
дәптер кітап
таза оқулық, әдебиет, қызық, сабақ
жылқы сиыр
жирен мүйіз, семіз, өгіз, сүт
пышақ үстел
болат ағаш, орындық, тағам
жаңбыр қыс
нөсер аяз, тон, мұз, салқын
V. 4 – деңгейлік тапсырма. (шығармашылық жұмыс)
Қазақ тілі пәніне қабілетті балаларға тапсырма беру.
а) Жылдың төрт мезгіліне арналған суретке қарап, олардың ішінен көктем мезгілін тауып айтады. Және оны басқа басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, ерекшелігіне тоқталады.
ә) Жыл мезгілдеріне өлең құрастыру.
б) Суретті өз қалауы бойынша өзгертіп салу.
VI. Сабақты қорыту.
VII. Оқушыларды бағалау.
