Доңғалақтар

Жамбыл облысы Сарысу ауданы

Жаңатас қаласы №5 Жаңатас колледжінің

Аға шебері Дүйсенов Б. Б

Пәннің аты: Автомобиль құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Доңғалақ

Сабақтың мақсаты:

Танымдылық: Білімгерлерге автомобиль доңғалақтарының негізгі даму сатылары туралы түсіндіру. Доңғалақтың толық бөлшектері мен жүйелері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, техникалық көрнекіліктерді тиімді пайдалану, білімгерлердің жалпы қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, еңбек тәрбиесіне баулу, мамандыққа бағдар беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кодоскоп, интерактивті тақта, доңғалақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсатын, міндетін түсіндіру

ІІ. Жаңа сабақты меңгеру:

Бір бекеттен екінші бекетке жету үшін автокөліктің қай бөлшегі үлкен роль атқарады?

Әрине «Доңғалақ», яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Доңғалақ»

Бүгінгі сабақта біздің тоқталып өтетініміз:

1. Доңғалақ қалай және қай жерде жасалады?

2. Доңғалақ қандай қоспалардан тұрады?

3. Доңғалақтың қолданылуы

4. Доңғалаққа техникалық қызмет көрсету

5. Доңғалақтың түрлері

Автомобиль асқыштар арқылы доңғалақтарға орналастырылады.

Доңғалақтың негізгі қызметі — автомобильдің тербелісін жеңілдетіп (подрессорирование), бағытының өзгеруін қамтамасыз етеді.

Доңғалақтар жетекші, басқарушы, құрама (жетекші және басқарушы) және ұстаушы (сүйемелдеуші) болып бөлінеді.

Жетекші доңғалақ айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. Басқарушы доңғалақ автомобильді бұрып бағыттап отырады.

Пневматикалық шина (8.4-сурет) домалағанда деформацияланып, әрбір соққыны жеңілдетіп, жойып доңғалақ осінің бір қалыпты жылжуын сақтайды. Мұндай пневматикалық шинаның қасиетін жұмсақтатушы деп атайды (сглаживающей).

Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резеңкенің ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді.

АВТОМОБИЛЬДІҢ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ШИНАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

Пневматикалық шиналар диагональды, радиальды, орташа, жалпақ, төмен және өте төмен профильді, камералы және камерасыз болып келеді.

Камералы шина покрышкадан (1), оның ішіндегі камерадан және құрсау лентадан (2) тұрады (2-сурет). Покрышкаға каркас, протектор (1) (жүгіру жолы), бүйір (2) және жақтаулық (3) бөліктер жатады (3-сурет). Тегіс жолда бедері майда, ал ойлы – қырлы және жолсыз жерлерде бедері ірі протектер шиналары қолданылады. Шиналар камералы және камерасыз болып бөлінеді. Камералы шинаның камерасы дөңгелек сақина түрінде созылмалы резеңкеден жасалады. Ауа толтыру немесе оны шығару үшін камераның вентилі болады.

3– сурет. Шиналар кесіндісі: 1 —протектор, 2—протектор бүйірі, 3—шина жақтауы, 4 – брекер, 5—каркас, 6—борт

Корпустың вентилі фланецпен түтік тәрізді етіп жезден жасалған, ол камераға шайба мен гайка арқылы бекітілген. Корпус вентилі құрамды болып та келеді: оның жоғарғы бөлігі жезден, ал төменгі бөлігі резеңкеден жасалады, ол камераға желімделінген. Золотник — камераның ішіне ауа жіберіп тұратын клапан. Золотник вентиль корпусына бұрап кигізіледі, үсті қалпақпен жабылады.

Шина өлшемі покрышканың бүйіріне жазылады, В, Н- шина профилінің ені мен биіктігі; Б-отырғызу және сыртқы диаметрі. Бірінші цифр шинаның енін, ал сызықшадан кейінгісі оның ішкі диаметрінің енін көрсетеді. Өлшемнен кейінгі Р әрпі шинаның радиальды екендігін білдіреді, покрышканың талшық жібі радиальды орналасқан . Талшық жібі диагональды орналасқан (бір- біріне бұрыш жасай) радиальды шинаның кәдімгі шинадан айырмашылығы — олардың тозу төзімділігі жоғарырақ. Шинадағы қысым нормасын да қадағалау керек. Күрт тежеуге немесе орнынан бірден қозғауға болмайды, шұғыл бұрылыстардан сақ болған жөн, өйткені бұл шинаның біркелкі тозбауына соқтырады. Шинаға отын және майдың тамуын болдырмау керек. Шинаның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы оның жүріс қашықтығына байланысты. Жүк автомобильдерінің диагональды (кәдімгі) шиналарының басым көпшілігінің кепілді жүріс қашықтығы 50 000 км болып табылады. Егер доңғалақ шеңберінің массасы біркелкі болмаса, соғылу салдарынан покрышка тез істен шығады. Оларды теңгеру үшін жүктер пайдаланылады, оны шеңбердің құрсауына орналастырады. Шинаның тозуы біркелкі болмайды, жетекші шиналар жетектегілерге қарағанда тез тозады. Шина біркелкі тозуы үшін оларды 5000-6000 км жүрген сайын алмастырып отыру керек.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

Сөзжұмбақ «Доңғалақ» ойын шарты : Доңғалаққа тиісті толық бөлшектерін жаз?

Ш
Қ С У
С П А
К А

«Иә, жоқ» ойыны. Бұл ойында доңғалаққа қатысты сөйлемдер жазылған, сол сөйлемге «йә немесе жоқ» деп жауап беру керек.

Дұрыс па Иә Жоқ
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Пакрышка каучук құрамынан жасалады

Доңғалақ жүрісіке байланысты тозады

Тозығы жеткен доңғалақ қауіп – қатер келтіреді

Шасси бөлшектеріне доңғалақ жатады

Қысқы, жазғы доңғалақтардың айырмашылығы бар

Доңғалақ қымбат тұрады

Істен шыққан доңғалақты желімдеу орталығы жөндейді

Доңғалақтың түрлері өте көп

Протектор, доңғалақтың каркасына жабыстырылады

Камерсіз доңғалақтар өте көп тараған

IV. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Доңғалаққа қойылатын талаптар

Сонымен, білімгерлер , бүгінгі сабақта біз доңғалақ туралы көптеген мәліметтер алдық. Доңғалақты жасау, оларға қойылатын талаптар мен техникалық күтім туралы көп нәрсе білдік.

V. Үйге тапсырма: Автомобиль құрылымы 222 бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше