Антиблокировкалы АБС жүйесі
Жамбыл облысы Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы №5 Жаңатас колледжінің
арнаулы технология пән мұғалімі Турсунов О. К
Пәннің аты: Автокөлік құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Антиблокировкалы АБС жүйесі
Сабақтың максаты: Оқушыларға антиблокировкалы тежеу жүйесін түсіндіру.
АБС тежеуіштері туралы түсінік беру, тежеу жүйесінің құрамды бөлшектерімен таныстыру, өткізгіш құбыр, сезгіш, П.К. жүйесі және дискілі жұмыс принціпімен таныстыру, пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Окыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 1.Тәрбиелік:
Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесіне баулу, мамандыққа бағдар беру.
2. Дамыту:
1. Жеке тұлғаны дамыту, техникалық көрнекіліктерді тиімді пайдалану.
2. Оқушылардың жалпы қаблеттілігін, белсенділігін дамыту.
3. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
4. Техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: 1.Сұрақ – жауап. 2. Көрнекілік. 3. Салыстыру. 4.Жаттығу. 5.Топтастыру.
6. Проблемалық түйін тудыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, интерактивтік тақта, кодоскоп, плакаттар, үлестірме карточкалар.
Болжап отырған нәтиже: Оқушылар еркін жұмысқа дағдыланады. Еңбек сүйгіш, АБС жүйесін жұмыс тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережесін сақтай білетін, шебер оқушы қалыптасады.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеу, сабаққа дайындау.
ІІ. Өтілген сабақты қайталау
1.Кіріспе сөз.
2 Сұрақ – жауап
Көрнекілік. Қорытындылау
ІІІ. Жаңа білім беру.
1. Кіріспе сөз.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту және пысықтау
Венн кестесі
Сұрақ – жауап.
Өзіндік жұмыс.
Ойын «Конференция», «Ойланда тап»
Семантикалық карта
V. Қорыту бағалау.
VІ.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: А.Сабаққа қажетті құралдарды даярлау. (1мин)
Б.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үйге берілген тапсырмасының орындалуын тексеру. (10 мин)
Сұрақ – жауап.
1. Фрикциялық тежеуіштің қандай түрлерін білесіз?
2. Автомобиль тежеуіш жетектерінің қандай түрін қолданады?
3. Автомобильдің тұру тежеуіші не үшін қажет?
4. Гидравликалық және пневматикалық жетекті тежеуіш механизмін қалай айыруға болады?
5. Тежеуіш цилиндрінің құрылысы туралы айтып беріңіз.
6. Тежеу үшін қандай сұйық пайдаланылады?
7. Тежеуіштің пневматикалық жетегі қандай құрамды бөліктерден тұрады?
8. Ауа қысымын реттеуіш қалай жұмыс істейді?
9. Тежеуіш жүйесінің негізгі ақауларын атап өтіңіз.
Берілген сұрақтарды сонымен қатар кодоскоп, слайд арқылы тексеру.
Техникалық плакаттар мен макеттер, тетік бөлшектерді
пайдалана отырып оқушыларды білімін ауызша және жазбаша тексеремін.
Бағалаймын, ескерту, мадақтаулар.
III. Жаңа сабакты түсіндіру жоспары: (Слайд арқылы көрсету) (10 мин)
1. Антиблокировкалы AБС жалпы құрлысымен таныстыру.
2. АБС жұмысы.
3. АБС сезгіштері
4. АБС-тің ЭББ
5. Модуляторлар
6. АДС түрлері
7. Борттық компьютрдің атқаратын кызметі.
AБС жүйесінің жұмыс принципін кодоскоп және интерактивтік тақта, макет арқылы түсіндіру. Сабақ түсіндіру барысында тежеу жүйесінің тетікшелерін, макеттерін техникалық плакаттарын пайдаланамын.
Антиблокировкалы AБС жалпы құрлысымен таныстыру
XX ғасыр соңында актиблокировкалы ABC (ABS, Anti-lock Braking System) жүйе кең көлемде қолдау таба бастады. Бастапқы кезде құны қымбат спорттық машиналарда, содан кейін баска машиналарда тежеуіш жүйесінің бір бөлігі ретінде қолданыла бастады.
АБС терминін автомобиль өндірушілердің барлығы қолданады, оларға шамалы ғана өзгерістер енгізіп өзгеше атауда.
Мысалы, соңғы «Мерседес» автомобильдеріндегі АБС тежеу (торможение) мүмкіндігін 100 % пайдаланатын мүмкіндік беретін «брейк эссист» (Brake Assist) қолданылады. Жүргізуші тежеу педалін басқанда электронды басқару блогы, жіберген қатені жөндеп, тежеуді реттейді. БМВ фирмасы осындай мүмкіндігі бар АБС-ті DBC (Dynamic Break Control) деп атайды.
AБC-тің сырғанатпау (противобуксовочная) жүйесі
«Мерседес» фирмасы дөңгелекті сырғанатпау (противобуксовочная) жүйесін ASC Acceleration Skid Control) деп атайды, ал «Ровером»- ETC’ (Electronic Traction Control), «Опель» және «Вольво» — TG Traction Control) және TRACS (Traction Control System) деп атайды. «Кері АБС » жүріс ұмтылысы (разгон) кезінде немесе мұз үстімен жүргенде ЭББ басқаруымен дөңгелектің сырғанатпауын реттейді.
АБС жүйесі
АБС жүйесінің атаулары
1. Басты цилиндр
2. Модулятор
3. Электронды басқару блогы
4. Бұрыштық жылдамдық сезгі
5. Бағдар белгі
Траекторияны тұрақтандыру (стабилизация траектории)
Траекторияны тұрақтандыру (стабилизации траектории) «Мерседес» фирмасының жүйесі ESP (Electronic .Stability Program) деп аталса, «Тойота» – VSC (Vehicle Stability Control) деп, ал «Субару» – VDC (Vehicle Dynamics Control дen атайды. Қауіпті жағдайда ESP жүйесі бұрылыс кезінде ішкі дөңгелектерді тежеп бұрылу траекториясын сақтайды.
Кейбір әдебиеттерде АБС терминінен басқа ПБС (противобуксовочная система) терминін қолданады.
1-сурет. АБС жүйесі жоқ автокөлік
2-сурет. АБС жүйесі бар автокөлік
АБС жұмысы (10 мин)
Дөңгелектің 15-30 пайыздық тайғанақтаған кезінде ғана оның жол бетімен (құрғақ және дымқыл асфальт, тапталған қар) максимальды ілінісуі болады. Осындай тайғанақтау кезінде ғана жүйе элементтерін реттеп, дөңгелектің жол бетімен максимальды ілінісуін қамтамасыз етуді AБC атқарады.
Көбінесе, күтпеген жерден (басып кету қаупі туғанда, т.б.тосын болатын жағдайларда), автомобильді тез тоқтату керек болады. Мұндай жағдайда автомобильді дұрыс тежеу дөңгелегі тайғанай бастағанша, яғни деңгелектің айналуы тоқтап, жол бетімен сырғанай бастағанға дейін зеке асырылуы керек. Тежеу кезінде дөңгелекті толық тоқтатып қойып жүруге болмайды, себебі біріншіден, тежеу жолы ұзарады, әсіресе, тайғақ жолдарда, ал екіншіден, автомобильдердің көлденең сырғанау қаупі туады. Сондықтан сырғанай бастағанда тежеу педалін босатып жіберу керек. Тежеу күші аз жұмсалғанның өзінде де сырғанау жиі кездесетін тайғақ жолдарда тежеу педалін жиі-жиі босатып жіберіп, кайталап тежеп отыру әдісін қолданған жөн. Бұл әдіспен жүргізуші тежеу педаліне жылдам және қысқа басу арқылы дөңгелектің толық тұрып қалмауын қамтамасыз етеді.
AБC осы әдіспен тежеу жүйесінің жұмысын реттейді. Жүргізуші тежеу педалін басқан кезден бастап AБC үлкен жиілікпен тежеу механизмдерін іске өте тез қосып және ажыратып отырады. AБC тежеу кезінде дөңгелектерді сырғанаттырмай (айналу кезінде) автомобильді тежеуді қамтамасыз етеді.
Автомобильдерде кездесетін ABS-тің құрамы үш топқа бөлінеді:
1. Сезгіштерден (дөңгелектерге кондырылған және олардың айналу жылдамдығын анықтайтын);
2. Электронды басқару блогынан;
3. Модулятордан немесе модуляторлар блогынан, ол тежегіш магистраліндегі қысымды өте тез өзгертіп отырады.
ABS сезгіштері
Дөңгелек ступицасына (3-сурет) тісті тәжі (1) бекітілген. Тісті тәжі (венец) үстінде сезгіш (2) орнатылады, ол катушка ішінде орналасқан магнитті калқаншалардан (жүрекшеден) тұрады. Тісті тәжі айналған кезде катушка ішінде дөңгелектің бұрыштық жылдамдығына жұпты электр өрісі пайда болады. Сезгішпен осылайша алынған хабарлар ЭББ-ға (электронды басқару блогы – ЭББ) беріледі. Б-төрт сезгілі(3), Төрт модуляторлы (2), және төрт тежегіштердің электронды реттеуіштері (4).
AБС-тің ЭББ
AБС-тің электронды басқару блогы (ЭББ) хабарларды дөңгелектен алады. Баскару блогы дөңгелектердің айналу жылдамдығын бақылап отырады. Дөңгелектерді тежеген кезде ЭББ модуляторларға (2) (3-сурет), ал олар тежегіштердің электронды реттеуіштеріне (4) «қысымды көбейт» және «қысымды азайт» деген бұйрықтарды ұйымдастырып отырады. Осындай командалардың реттері төрттен – он жеті Гц дейін жетеді.
Модуляторлар
Модуляторлар (2) тежегіштердің электронды реттеуіштері (4) арқылы «қысымды темендет» және «қысымды жоғарылат» деген бұйрықты орындайды. ЭББ модуляторлары (2) мен тежегіштердің электронды реттеуіштері (4) екі электромагниттік клапаннан құралады (3-сурет). Біріншісі —тежеу жүйесінің бас цилиндрінен дөңгелектің тежеу цилиндріне баратын сұйық жолын (магистралін) жабады (бөгейді), екіншісі —қысым магистральда жоғарылағанда гидроаккумулятор резервуарына баратын тежегіш сұйықтың жолын ашады. Осы клапандардың ашылып-жабылуы, тежеу механизмінің қосылып және ажыратылуы ЭББ арқылы 4-17 Гц жиілікпен басқарылады.
АБС (ABS) түрлері
Ең қымбат немесе ең тиімді жүйелерде әр дөңгелекте жеке реттеу тежегіш құрылғысы бар. Әрине, мұнда бұрыштық жылдамдық сезгіштер, модуляторлар мен басқару каналдар саны дөңгелек санына тең (3, б-сурет).
Жетекші дөңгелектерде екі сезгіші, бір ортақ модуляторы және бір басқару каналы бар AБС арзанырақ болады. Ең кеп тараған AБС жүйесі – төрт сезгішті, екі модуляторлы және екі басқару каналды.
Қазіргі кезде үш басқару каналы бар, бұрыштық жылдамдықты, төрт сезгішті жүйе шығарыла бастады. Бұл жүйеде үш модулятор және үш каналмен жұмыс істейді, алдыңғы деңгелектерге жеке-жеке және артқы дөңгелектерге бір каналмен реттеулер жүргізеді. Тежегіш магистраліндегі сұйық қысымы тек басты тежегіш цилиндрінен ғана емес, сонымен қатар арнайы гидронасосьты жүйе арқылы да беріледі.
Жаңа AБС-те ЭББ-мен автомобиль қозғалыс динамикасы, жолдың қиғаштау бұрышы, жер бетімен ілінісу және де басқа факторлар бағаланып, осы хабарлар арқылы тежегіш магистраліне қандай қысым қажет екені анықталып отырады. Қысым мәнін анықтап, гидроаккумуляторға беретін тежегіш сұйықтығын беру мөлшерін камтамасыз етеді.
4-сурет. Teves фирмасының Skoda Felicia автомдбиліне орнатылған интегралдың басқару түиінді АБС-і. 1—бұрыштық жылдамдық сезгі, 2—кесілген және дөңес жерлері бар айналатын элемент, 3—электронды басқару блогы (ЭББ), 4—модулятор, 5—монтаждық разъем, 6— сақтандырғыштар (предохранители), 7—диагностикалық разъем, 8—ауыстырғыш (переключатель ), 9—ауыстырғыштар блогы, 10—аккумулятор, 11—приборлар панелі, 12—ABS-mi ажыратқыш, 13—ABS индикаторы.
Daimler Chrysler концерні Lucas компаниясымен бірге тағы бір тапсырманы шешті. Авто мобильді тез тоқтату керек болса, (бұл жерде жүргізуші тежегіш педальды басқаннан кейін) жүйе бортты компьютер көмегімен оптимальды қысым мен минимальды тежелу жолын анықтайды. ЭББ – жол жағдайын ескере отырып және магистральдағы қысымды езгерту арқылы жүргізуші үшін барлық жұмыстарды сапалы орындайды.
Келесі бір қауіпсіздік шараларын жақсарту жолы — қарсы блокты жүйенің (антиблокировочная система – АБС) 250 тайғанақтауға қарсы (антипробуксовочной – АПС) жүйемен бір басқару орталығында байланысуы. Қауіпті жағдайлар кезінде тежегіш педальды қатты басса да автомобиль алған бағытынан ауыткымайды, бұрылмайды. Керісінше, автомобиль алған бағытын өзгертпейді, кездескен қарсылықты айналып өтіп, ал жол тайғақ кезде бұрылыста автомобильді тежесеңіз, ол сырғанамайды. Жүйенің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын «ABS» жазуымен индикатор белгі береді. Мотор іске қосылғаннан кейін «ABS« жазулы индикатор 2-3 сек кейін сөнуі керек. Егер дабыл мотор жұмыс істеп тұрған кезде «ABS» индикаторы жанып тұрса, онда ТҚК орталығына барып жүйені тексеру қажет және қажет болса, жөндету керек. 4-суретте автомобиль «Skoda Ғеіісіа» ABS кескіні көрсетілген.
ABS жүйесі бар автомобильдерді тежеген кезде тежегіштің педалін (1) (3, 4-сурет) дүркін-дүркін импульсті басып-босатуға болмайды (ABS жоқ автомобильдей), оны бір ақ рет басып автомобиль тежелгеннен кейін босату қажет, сол кезде электронды басқару блогы тежеуді қамтамасыз етеді. Мысалы, жолдардағы қауіпсіздік мамандары тексергенде құрғақ жолда соқтығысқан ABS-пен жабдықталған автомобильдердегі адамдар елімі, ABS жоқ автомобильдер апатына қарағанда 42 пайыз жоғары болған. Барлық жағдайларда жүргізушілер жай автомобильден ABS-пен жабдыкталған автомобильге ауысып отырғанда кателіктер жіберген. Олар әдеттегідей тежеу педалін импульсті баса берген. Сонымен бірге ЭББ баратын хабарлар үзіліп, тежеу жүйесі төмендеп, қауіпті жағдайға дейін барған. Сондықтан ABS бар автомобильдерде тежеу педалін бір ақ рет басып, автомобиль тежелгеннен кейін босату қажет.
Құрғақ жолда ABS тежеу жолын 20 пайызға азайтады. Қар және дымқыл жерде тежеу жолы біршама көп. ABS жүйесін қолдану шинаның жұмыс қызметін біршама ұзартады.
IV. Жаңа сабақты бекіту және пысықтау. (2 мин)
Сұрақ – жауап. (5 мин)
Үлестірме қағаз 6 оқушыға таратамын.
Үлестірме қағаз 2, 3 сұрақтан тұрады
Сұрақтар:
1. АБС жүйесі қалай жұмыс істейді?
2. Автомобиль АБС құрамы қанша топтан тұрады?
3. Модулятордың қызметі?
4. Моментті АБС қалай басқарылады?
5. АБС-тің курсттық басқару жүйесі.
6. Тежеу жүйесіне қандай сұйықтар қолданады?
7. ABS жүйесінің жалпы құрлысы.
8. Сезгіштердің қызметі қандай?
9. Тежеуіштің құрлысы мен жұмыс принципін айтып бер.
10. Борттық компьютрдің кұрлысы мен жұмыс принципі.
11. Тежеу тетігі не себептен кейін қарай тебеді?
12. Басты цилиндр не себептен 15 bar косылады.
13. Датчик сезгіші қандай қызмет атқарады және ол қалай жұмыс істейді.
Өзіндік жұмыс.
Ойын «Конференция» кодоскоппен Автомобильдегі АБС жүйесін түсіндіру қажет (4 мин ) . Мысалы:
«Ойланда тап» ойын.
Шарты: АБС жүйесіне қатысты бөлшек атауларын жаз.
Семантикалық карта (1 мин)
Шарты: Механизм жүйелерінің қатарына берілген мысалдарды белгіле
| Мысалдар | Газ таратқыш | Шасси | Трансмиссия | АБС жүйесі |
| Поршень | + | |||
| Модулятор | + | |||
| Клапан | + | |||
| Бұрыштық жылдамдық сезгі | + | |||
| Дөңгелек | + | |||
| Басты цилиндр | + | |||
| Тежеуіш | + | |||
| Рөлдік сезгі | + | |||
| Басқару модулі | + | |||
| Кардан | + |
5. Қортындылау және окушылардың өзіндік жұмысын тексеру. (2 мин)
Бағалау
6. Үйге тапсырма
Беті 246, оқулықтың §9.1, 9.2
Жеке оқушыларға (үлгерімі өте жақсы) озық тапсырма беру.
