Кальций. Кальцидің қосылыстары. Судың кермектіг і
Базаркүл Қазыханова
Химия пәні мұғалімі
«№25 Г.Титов атындағы жалпы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кальций. Кальцидің қосылыстары.
Судың кермектігі
Сабақтың мақсаты: периодтық жүйені пайдаланып, II топтың негізгі топшасы элементтерін сипаттауды жалғастыру.
Сілтілікжер металы кальцидің және оның қосылыстарының қасиеттерін жаза білуге үйрету. Магний және кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.
Құралдар мен реактивтер: магний, кальций, әк суы бар ыдыс, индикаторлар, сынауықтар, сіріңке, спирт шам, суы бар құты, әктастар жинақтамасы.
