Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша
Сыныбы: 6 а Күні: 27.09.2013 12 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша.
Мақсаты: Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша туралы біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)
2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. (Көпшілігі)
3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды. (Талантты және дарынды оқушылар)
Керекті жабдықтар:
Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Сұрақтар шеңбері», «Мозаика» әдістері арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері
