Г дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы,
Хлебодаровка орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Бегимова Кулайым Балгалиевна
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Г дыбысы мен әрпін таныстыру.Г дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: Қол жаттықтыру.Г әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.Кіші және бас әріппен жазуды үйрету.Оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын,тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың оқуға,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.Кішіпейілділікке, ұстамдылыққа,жылдам ойлауға,туған жерін құрметтеуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік,талдау,топтпстыру,венн диаграмасы,сергіту сәті,ой қозғау.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп,аңнын суреттері,плакатқа жазылған сөздер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқу-құралдарын тексеру. ә) Сабаққа назарын аудару.
II.Психологиялық дайындық. 3-4 жол арқылы.
Қане түзу тұрайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Әдептілік білдіріп,
Иіліп сәлем берейік.
III.Ой қозғау.
М: -Қазір балалар бізге қандай сабақ?
О: -Қазір қазақ тіліне байланысты сауат ашу сабағы.
М: -Дұрыс
М: Қазақ тілі өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Міне балала,кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі туған тіліміз қазақ тіліне байланысты сауат ашу сабағы екен.Олай болса,сауат ашу сабағынан кім қалай білетінін байқап көрейік.
IV.Үй тапсырмасын тексеру.
М: -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық.
М: – Қане кім айтады.
О: -Ү дыбысы.Мәтін.
М: -Дұрыс
1.Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту. 92бет
V. Сергіту сәті. 3-4 жол өлең арқылы.
Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қағып-қағып алайық,
Орнымызға қонайық.
М: -Ал,енді балалар мына бір өлеңге көңіл бөліңдерші.
«Гүлдер,гүлдер көп гүлдер.
Қызыл гүлдер көк гүлдер,»- бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?
О: -Гүл-дер (Гүлдердің суретін ілу)
М: -Дұрыс,онда гул деп айтсақ,сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
О: -Г- дыбысы.
М: -Өте жақсы.
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы туралы. (Ауызында жеделхаты бар көгершіннің бейнесі)
Балалар,бізге көгершін жеделхат әкеліпті,соны оқып беремін.Бұл хаттың ішінде сендерді бүгін саяхатқа шақырып отыр.Онда сендер таза ауада дем алумен бірге кездескен ірілі-ұсақты жануарларға қолдан келген қамқорлықтарыңды жасаңдар,-деп жазылған.
-Ал,енді саяхатқа бастап баратын басшы сайлауымыз керек.Ол үшін мына көгершіннің жазған өлеңін буындап оқып шығу және сұрақтарға жауап беру.
Гауһар,Гүлсім,Гүлдендер,
Галстукті ұландар.
Гүлдер терген даладан,
Гуілдесіп горн тартып қайтады.
Енді осы өлеңнің ішінен Г дыбысы бар сөздерді атау.Г дыбысын хормен 2-3 рет айтқызу.
М: Г дыбысы қандай дыбыс?
О: Дауыссыз.
Неге дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.
М: Адам аттары қандай әріппен жазылады?
О: Бас әріппен жазылады.
-Жақсы.Біздің басшымыз сайланды.Балалар біз машинамен немесе жаяу баруымыз мүмкін ғой.Ол үшін мына тапсырманы орындайық.Енді балалар Г әріпінің баспа түріне назар аударайық.Тағы бір сызық қоссақ неге ұқсайды. Ұшбұрышқа ұқсайды.Өте жақсы.Тағы қандай фигураларды білесіңдер?
Атауларын сұрау.
М: Өте жақсы.Енді сендер саяхатқа машинамен баратын болдыңдар.Міне,балалар саяхатқа шықтыңдар.орманда алғашқы кездескен аң тиін болды. (тиінге мінездеме беру)
Енді тиіннің тарсырмасын орындаймыз.
Оқулықпен жұмыс. 96бет
-Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.
Е гін Е гіз Ке ре ге шен гел
Е геу Се гіз Бе те ге мез гіл
Мағынасын түсіндіру.
Ақ көгершін өлеңін оқып беру.
Қысқаша (көгершін) сөзіне мағлұмат беру.
Көгершін сөзін буынға бөлу.
-Жақсы.Бәріңде бұл тапсырманы өте ақсы орындадыңдар.Бізге екінші кездескен ақ қасқыр (қасқырға мінездеме беру).Біз қасқырдың торға қамаған қояндарын шығарып жіберйік. Ол үшін Гүлдің шоғын құрастыру керек.Гүлдің артына сөздер жазып,буынға бөліп оқыту.Мыс, дәрігер, Айгүл, шеге, балға, мұғалім, гүл, сегіз.
Өте жақсы.Қояндарға да көмектестіңдер.Сонымен аңдармен бірге құстар да бар екен.Енді мына қарғаның аяғы жіпке байланып қалыпты.Осы жіпті шешу үшін мына тапсырманы орындап жіберйік.
VI. Ой қорыту. Венн диаграмасын құрастыру.
Дауысты Дауыссыз дыбыс.
дыбыс
VII.Сергіту сәті.
Апам үшін күн де,күн де,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,гүлге де,
Дүкенге де барамын.
VIII. Көгершіннің де өзі қарап тұр маған сендердің жазуларыңды байқап көрейінші деп тапсырма беріп жіберіпті сауысқаннан.
Дәптермен жұмыс:
- Ауамен жазу.
- Тақтаға жазып көрсету. Содан кейінгі үлгі бойынша дәптерге көшіру
Балалар,саяхатымызда аяқталуға жақындады.Енді ауылға қайтайық.Сендерге ормандағы аңдардан көгершіннің беріп жіберген тапсырмалары біткен сияқты.Қалып қойған аңдар жоқ па? Жан-жақтарыңа қараңдаршы.О,мұнда түлкі тұр ғой.Сол қу түлкі сендерге мынандай тапсырма әкеліп тұр.Шаршаған жоқсыңдар ма? Бәріміз бірігіп қу түлкінің әкелген тапсырмасын орындасақ.
Қалай қарайсыңдар?
Орындаймыз. (бәрі хормен)
Егер де осы тапсырманы жақсы орындасаңдар орманнан шығамыз.Ал,балалар сендерді бұл көгершін ұнатып қалыпты.Сендерді жібергісі келіп тұрған жоқ.Өйткені мына тапсырманы орындасаңдар машынаға тез мінесіңдер дейді.
«Ақ көгершін» әнін айтқызу.
Көгершін сөзіне дыбыстық талдау жасау.Қызыл,көк түсті қағаздар арқылы.Неше дыбыс,неше әріп бар? Гг дыбысы нешінші буында жазылып тұр? Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естиміз,айтамыз.Әріп дегеніміз не? Әріпті көреміз,жазамыз.
IX.Үйге тапсырма беру. 93-бетті оқу.
X.Бағалау.Оқушыларды ауызша мадақтау.
-Жақсы.Балалар бұл тапсырмаларды да өте жақсы орындадыңдар.Енді машинамен ауылға қайтамыз.Орманға саяхатымыз аяқталды.Сау болыңдар.
