Ә дыбысы мен әрпі

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қарабұлақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Амантурлиева Динара Бисенбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа технологияны қолдана отырып, Ә ә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сқздерді оқу мен жазуға үйрету, сөздерге дыбыстық талдау жасату. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жан – жануарларды, құстарды қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі
: Түсіндіру, сұрақ-жауап,қызығушылық ояту..
Сабақтың көрнекілігі: Алфавит, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар, слайд , Диего мультфильм

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
– Назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнде!

Психологиялық дайындық.

  • Екі көз не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін!
  • Екі қолың не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін!
  • Екі құлақ не үшін керек?
  • Ақыл – кеңес тыңдау үшін!
  • Жүрек деген не үшін керек?
  • Жаулардан қорықпау үшін!
  • Тіл мен жағың не үшін керек?
  • Ақиқатты айту үшін!
  • Ал аяғың не үшін керек?
  • Шетте жүрсең туған жерге жету үшін!

Мұғалім: Дұрыс, балалар, олай болса сіздердің дендеріңе саулық тілей отырып сабағымызды бастаймыз.

Өткен сабаққа шолу

  • Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
  • І і дыбысы мен әріпі
  • І дыбысы қандай дыбыс?
  • Дауысты дыбыс
  • Сөздердің қай жерінде кездеседі?
  • Басында , ортасында және соңында
  • Сөздер айтып буынға бөлейік

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Мұғалім: Дұрыс, балалар, «Әтеш» деген сөзді айтқанда ең бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?

Оқушылар: Ә ә дыбысы мен әрпі

Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңадан танысатын әрпіміз «Ә дыбысы мен әрпі»

Біздің сабағымыз ерекше болмақ , себебі сіздер теледидардан көріп жүрген «Диего және оның достары» деп аталатын мултьфилмдегі Диего бізде қонақта.

Слайдпен жұмыс

Мұғалім: Диегомен саяхатқа шығып көптеген тапсырмалар орындаймыз.

Ендеше балалар саяхатқа шығайық. Біздерге болып бірінші маймыл кездесті банан ала алмай отыр екен көмектесейік .

Талдағы бананды алу үшін не істеуіміз керек?

Саты, арқан , бақа үшеуінің қайсысы керек.

Оқушылар өз ойларын айтады

«Ойлан тап» ойыны

Ә дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

Сәбіз Әтеш Әже

Оқулықпен жұмыс

Әнші мәтінін оқу

Әлім , Сәлім – әнші . Әлім, Сәлім ән салды. Олардың әні тамаша. Әмір , Сәруар ән тыңдады. Достар да ән салды. Олардың даусы да тамаша

Ә дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Мұғалім: – Өте жақсы, балалар. Тапсырмаларды орындап маймылға бананады алып бердік.

Ары қарай саяхатты жалғастырамыз. Келесі кездескен балапан. Балапанды жыланнан құтқару керек. Ендеше балапанды анасына қауыштырайық .Диегоның тапсырмасын орындаймыз.

Ә әрпінен сөздер шығару , дыбыстық, буындық талдау жасау.

Мұғалім: Рахмет балалар, балапанды анасына қауыштырдық.

Енді шамалы тынығып алайық.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл демалып алайық.

Оңға , солға түзеу тұр,

Солға , оңға түзеу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Мұғалім: Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық

  • Енді кездескен аңымыз не балалар?
  • Қоян
  • Қоянды қалай құтқарамыз?
  • Ол үшін көптеген тапсырмалар орындаймыз.

Диего тапсырмаларына жауап берейік. Ендеше іске сәт!

Мұғалім: Қоянды судан құтқару үшін делфин,тиын,жылан үшеуінің қайсысы қолайлы?

Оқушылар : делфин

Мұғалім: Дұрыс балалар, келесі тапсырма Әтеш сөзіне сөйлем құрастыру.

Мінекей , балалар Қояндыда құтқардық.қоян қуанышты көңіл күйде.

Келесі кездескен Аю балалар. Аюдың тапсырмасын орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Мұғалім:Орманда бал іздеп жүрген аюды аралар таламақшы құтқару керек. Ендеше іске сәт!

Дәптермен жұмыс

Ә ә дыбысы мен әрпін жаздыру.

Мұғалім : Аюымызды да құтқардық. Аюымыз балға тойып ұйықтап жатыр.

Келесі кезекте көбелектерге өз гүлдерін тауып берейік. Ол үшін Диегоның тапсырмасын орындайық.

Әр қатардағы суреттердің өзгешесін табу.

Суреттен сөйлем құрастыру

Мұғалім: Диегомен бірге саяхатқа шыққан ұнады ма?

Не үйрендік? Не білдік?

Сабаққа жақсы араласқаны үшін барлық оқушыларға «Табиғат қорғаушысы» деген төстаңба беремін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше