«Кішкентай зияткерлер» сайысы
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қарабұлақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Амантурлиева Динара Бисенбайқызы
Тақырыбы: «Кішкентай зияткерлер» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру, ойларын тез,сауатты айта білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайд
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Кішкентай зияткерлер» сайысына қош келіпсіздер! Сайыста 2 – 4 класс оқушылары екі топқа бөлініп өз білімдерін көрсетеді. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар, – дегендей, кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын – қазылар алқасы. Ендеше әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділ қазылар алқасы:
1. Оқу ісінің меңгерушісі – Келдібаев Ахмет ағайларың
2. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі – Абду Айгүл апайларың
3. Сынып жетекшілер бірлестігінін жетекшісі Туралина. Б
Жүргізуші:1- топ« Ойшылдар »
2- топ« Алғырлар »
Сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
Сайыстың шарты:
1. «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру төрт жол өлеңмен)
2. «Бәйге» (ауызша сұрақтарға жауап беру)
3. «Өлең сөздің патшасы» (мәнерлеп өлеңді жатқа айту)
4. «Ертегі есеп» (ертегі бойынша есептер шығару)
5. «Ғажайып төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)
6. «Кім білгір?» (топ басшыларына сұрақтар)
Жүргізуші:
Әрқашан білімнен қашпаймыз,
Білімсіз шуақ нұр шашпаймыз.
“Кішкентай зияткер” атанып,
Ал енді сайысты бастаймыз.
Жүргізуші:
«Сәлем сөздің анасы» таныстыру бөліміне кезек береміз.
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып таныстырсын өздерін,
Білімді ұрпақ елімнің жас түлегі, – деп оқушылар өздерін таныстырсын.
1- топ «Ойшылдар» тобының таныстыруын тыңдайық.
2- топ «Алғырлар» тобының таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші:
Білімнен емеспіз кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз елде біз.
Сақадай сай болса өрендер,
Ендеше басталар бәйгеміз – деп , екінші кезеңіміз «Бәйге» бөлімін бастаймыз. «Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп балалар 10сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1- топ «Ойшылдар» тобына
1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)
3. Білім күні қай айда? (қыркүйек)
4. Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5. Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)
6. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)
7. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала ? (Астана)
8. Рәміздерді ата (ту,әнұран, елтаңба)
9. Бес дұшпанды ата (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
10. Қазіргі «Ана тілі» оқулығы қай баспадан шыққан ? (Алматыкітап)
2- топ «Алғырлар» тобына
1. Біз қай мемілекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)
2. «Кел балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)
3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынов)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
5. Өлең жазатын адам кім? (ақын)
6. Бес асыл істі ата (талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
7. Төрт түлікті ата (қой,түйе,сиыр,жылқы)
8. Ең асыл жан кім? (ана)
9. Наурыз айында қандай мереке тойланады? (аналар мерекесі, қазақтың жаңа жылы)
10. Әнұран авторларын ата: ( Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов)
Жүргізуші:
Келесі бөліміміз «Өлең сөздің патшасы» деп аталады. Бұл бөлімде балалар өздерінің жаттаған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып береді.Өлеңнің мәнер- лі, жатқа жақсы айтуына қараймыз.
Ана тілім- бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Ана тілден оқып ақын өлеңін,
Мәнеріне келтіріп бір сөйлер ем. – деп мәнерлеп өлең айту кезегінебереміз.
Ендеше сәттілік тілейік бүлдіршіндерге!
1- топ «Ойшылдар» тобының өлеңдерін тыңдайық
2- топ «Алғырлар» тобының өлеңдерін тыңдайық
Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруін сұраймыз.
1. «Ойшылдар» тобына
2. «Алғырлар» тобына
Жүргізуші: «Ертегі есеп» бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде ертегі оқылады. Сол ертегінің ішінде кездесетін сандарды санап отырып жауабын табамыз. (ертегі бойынша есептер шығару)
1-топ «Ойшылдар» тобының ертегісі
1) Балалар , біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз. Енді мына ертегіні тыңдаңдар.
Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты. Сонда қасқыр:
«Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші», – депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті.
– Біреуі саған, екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған, екеуі маған,біреуі саған, біреуі маған.
Қасқырға – 7 балық , өзіне(Түлкі) – 10 балық
2)Қанша тосап жасадық?
Жеміс-жидек піссе,
Сатылуға түссе.
Базар жаққа барып,
Шелегімен алып,
Тосап жасау,
Күзде
Әдет болған бізге.
Ойлап қыстың қамын-
Қайнатамыз бәрін:
Тегештерге салып,
Суға жуып,
Шайып.
Енді біздер оны
Дайындалған бойы
Болғаннан соң суып
Ыдыстарға құйып
Дәмін көріп таттық
Қақпағын да жаптық.
….Таңқурайдан тосап,
Алғанымыз жасап,
Бес литр ыдыстан,
Екі құты болды.
Меймілдеп іші толды.(10литр)
Ал шиеден тосап,
Алғанымыз жасап,
Үш литрлік ыдыстан,
Төрт құты болды,
Шүпілдеп іші толды.(12литр)
Құлпынайдан тосап,
Ағанымыз жасап.
Екі литрлік ыдыстан,
Екі құты болды,
Ернеуіне дейін толды.(4литр)
Сары өріктен тосап
Алғанымыз жасап,
Бір литрлік ыдыстан,
Алты құты болды,
Олар да толық толды.(6литр)
Барлығы: 32 литр
2- топ «Алғырлар» тобының ертегісі
1) Бір күні қасқыр мен түлкі Төле би ауданының Жаңажол ауылында кездесіп қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін:
«Қасқыр, екеуміз бірігіп алма терейік те, үйге алып қайтайық»,- дейді. Сонда аңқау қасқыр дем алмай 10 кг алма тереді. Ал , қу түлкі әр бұтаның түбінде дем алып, ұйықтап, одан 7 кг алма кем тереді. Қу түлкі мен қасқыр барлығы неше кг алма тереді.
Шешуі: 10-7= 3 кг
10 + 3= 13
Жауабы: барлығы 13 кг алма)
2) Қанша сабақ оқыдық?
Дүйсенбіде,
Мектепте біз отырып,
Алты сабақ оқыдық.
Сейсенбіде,
Мектепте біз отырып,
Алты сабақ оқыдық.
Сәрсенбіде,
Біз мектепте отырып,
Бес – ақ сабақ оқыдық.
Бір мұғалім
Ауырып қап келген жоқ.
Өткізетін
Сабағын ол берген жоқ.
Бейсенбіде,
Алты сабақ оқыдық,
Мектепте біз отырып.
Жұма күні,
Бес – ақ сабақ оқыдық
Мектепте біз отырып.
Сенбі күні,
Болды – дағы сенбілік
Ауланы сәнге келтірдік.
Сонда біздер,
Осы аптада отырып,
Қанша сабақ оқыдық?….
(28)
Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруін сұраймыз.
1. «Ойшылдар» тобына
2. «Алғырлар» тобына
Жүргізуші: «Ғажайып төрттік» бөліміне кезек береміз.
Ел үшін қиналмас өзекті ер,
Етеді еңбегін төгіп тер.
Білімнің танытар ғажабын,
Ғажайып төрттікке кезек бер. Бұл бөлімде өздеріңе таныс төрт пәннен бірнеше сұрақтар берілген (математика, ана тілі , қазақ тілі,дүниетану).Пәнді таңдай отырып, сол пәнге байланысты сұрақтарға жауап береміз. Ұяшықта неше ұпай болса сол ұпай,сол топтың қоржынына түседі.
1- топ «Ойшылдар» тобына
Ана тілі пәні
1.10 ұпай
2.20 ұпай
3.30 ұпай
Қазақ тілі пәні
1.Мәтін түрлерін ата (сипаттау, әңгімелеу,пайымдау)10 ұпай
2. Сөйлеушінің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз қалай аталады? (қаратпа) 20 ұпай
3. 30 ұпай
Математика пәні
1.Ұзындық өлшем бірліктерін ата (м,см,дм,км,мм)10 ұпай
2. жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты қашықтықты қалай табамыз? (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз) 20 ұпай
3.30 ұпай
Дүниетану пәні
1.Адам денесінің тірегі? (қаңқа)10 ұпай
2. 20 ұпай
3. 30 ұпай
2- топ «Алғырлар» тобына
Ана тілі пәні
1.10 ұпай
2.20 ұпай
3.30 ұпай
Қазақ тілі пәні
1. Сөз таптары нешеге бөлінеді? (9 зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөз, шылау, одағай )10 ұпай
2.20 ұпай
3.30 ұпай
.
Математика пәні
1. Ең кіші төрт таңбалы сан (1000) 10 ұпай
2.20 ұпай
3.30 ұпай
.
Дүниетану пәні
1. Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге) өлі, тірі 10 ұпай
2. 20 ұпай
3. 30 ұпай
Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруді сұраймыз.
Жүргізуші: Соңғы бөліміміз «Кім білгір?» (топ басшыларына сұрақтар) 10 сұрақ беріледі , әрбір сұраққа бір ұпайдан.
Бағындырып ең биік асқарды,
Тылсымына тарататын жастарды.
Ендеше кәнекей назар салайық
Топ басшылар кезеңі басталды.
1- топ «Ойшылдар» тобының топ басшысына
1.Бірлік болмай, (тірлік болмас)
2.1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
3.Төрт түліктің пірін ата? (Түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопан ата, ешкі пірі – Шекшек ата)
4. Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)
5. Әліппеде ең бірінші тұрған әріп ? (А)
6. Түнде аспанда ұсақ не көрінеді ? (жұлдыз)
7. Дәптерге немен жазамыз? (қалам)
8. Сенің атаң әкеңе кім? (әке)
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
10.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә,е,ө,ү,і)
2- топ «Алғырлар» тобының топ басшысына
1. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)
2. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)
3. Сабақ арысындағы бос уақыт? (үзіліс)
4. Аптаның бірінші күні ? (дүйсенбі)
5.Тақтаға немен жазамыз? (бор)
6. 7 саны неше таңбалы сан ? (бір таңбалы)
7. Кесіндіні немен өлшейміз ? (сызғышпен)
8.5 сағатта неше минут бар? (300)
9.Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)
10. Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)
Қорытынды.
Жүргізуші:
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
“Кішкентай зияткер” атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.
Әділ қазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі «Кішкентай зияткерлер» атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Білім – толқын, жатқандай асып – тасып,
Біреу – мығым , біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
