ЖАЛБЫЗ

Сабактың тақырыбы: ЖАЛБЫЗ.

Сабақтың мақсаты:
а) мәтін туралы түсінік беру, мәтінді оқи отырып білімдерін қалыптастыру;
ә) ойлау қабілеті мен көркем жазу қабілеттерін қалыптастыру;
б) оқушыларды табиғатты аялауға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекті құралдары: суреттер, карточкалар, магнитофон.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, Табиғаттану, Дүниетану.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінін тазалығына коңіл бөлу, сабаққа дайындау.

ІІ. Үйге тапсырмасын сұрау: үйге берілген тапсырманы сұрап, пысықтау.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: өткен материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау:

1. Сөйлем нелерден құралады?

2. Сөйлем соңына қандай белгілер қойылады?

3. Сөйлемдегі сөздердің байланысы?

ІV. Мақсат қою кезеңі: – Балалар, далаға қарайықшы, қандай? – Қазір қандай жыл мезгілі?

V. Жаңа сабақ: «Балдырғаннан».

Оқулықпен жұмыс:

1. Балалар, оқулықтан №164 жаттығуды оқып, түсініңдер. Онда не туралы айтылған?

Жалбыз.

Жалбыз – пайдалы өсімдік. Оның иісі сондай жақсы. Жалбыз сулы жерлерде өседі. Жалбыздан дәрі жасалады. Өзіміз жейтін кейбір кәмпитте, беті-қол жуатын сабында, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар.

2. Дауыстап оқу:

3. Іштен оқу:

4. Тізбектеп оқу:

Сұрақ:

а) Жалбыз қандай өсімдік?

ә) Оның иісі қандай?

б) Ол қандай жерлерде өседі?

в) Жалбыздан не жасалады?

5. Дәптермен жұмыс:

Баяндау әдісімен жазу: (сынып тақтасында).

Сергіту сәті: «Көктем».

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көп гүлдер.

Жайнар кезім келді деп,

Қанаттары желбіреп.

Карточкамен жұмыс:

Мақал-мәтелдер:

І топ: Өнер – білім бұлағы

ІІ топ: Білім – өмір шырағы.

ІІ топ: Шешен сөз бастар,

ІІІ топ: Батыр қол бастар.

І топ: Батыр бір рет өледі

ІІ топ: Қорқақ мың рет өледі.

Жұмбақ шешу:

Тал басында

Түндіксіз отау (ұя).

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады (қоян).

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады (тоқылдақ).

VІ. Жаңа материалды пысықтау: сөздерді қатыстырып сөйлем құрау: гүл, дала, тау.

VІІ. Сабақты қорыту: Ән «Ана тілі».

Оқушыларды бағалау.

С уважением,
Султанова Нуршат
sultanova_nurshat@mail.ru

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше