Септікті қайталау
Гимназия сыныптары бар
№16 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Сағызбаева Алтын
Қазақ тілі
ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ
Сабақтың тақырыбы: Септікті қайталау.
Білімдік мақсаты: Зат есімнің септелуін қайталау, қорыту, тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Ойын түрлері арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ой белсенділігін арттыру, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, 7 санынын қакиетті сан екенін қорытындылау.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды шексіз суюге баулу, елжандыққа баулу.
Пәнаралық байланысы: Ана тілі, Дүниетану.
Көрнекілігі: Батырлар суреттері, «Ғажайып алаң» барабаны, үлестірмелер.
Бауыржан Момышұлының суреті, әлемнің жеті кереметі, Қазақстанның жеті кереметі.
· Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық жасау, оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Бүгінгі сабағымыз әдеттегідей сабақ емес, ойын сабағы. «Септіктер» тақырыбын өткен едік, бүгін сол сабақты қорытындылаймыз.
Қазақта жеті саны қасиетті саны болып табылады. Жеті санына байланысты тағы қандай ұғым білесіңдер?
Жеті нан – оны неге, қалай салады?
Жеті қазына, жеті ата, әлемнің жеті кереметі, жеті күн. Қазақстанның жеті кереметі интерактивті тақтада көрсетіледі, талданады. Қазақстанның жеті кереметі:
· Алтын адам
· Қожа Ахмет Яссауи кешені
· «Медеу»
· Қапшағай теңізі
· «Байқоңыр» ғарыш аймағы
· Ақтаудағы атом реакторы
· Астана қаласы
1-ойын: «Айдаһарды өлтіру».
Ана тілі пәнінен «Өнегелі өмір» тақырыбын өткен едік. Сонда кімдер туралы айтылғанын еске түсіріңдерші. Олар жайлы не білесіңдер?
Қазақтың атақты жеті батырын атап беріңдер, олардың қандай ерліктерін білесіңдер? Қазақ батырларының суретін интерактивті тақтадан көрсетіп тұрамын. Оқушылар қазақтың қас батырларының аттарын атап, ерліктерін айтады.
Қазақтың қас батырлары елін, жерін жаудан қорғап, өз елін қорғау үшін жанын аямай күрескен, біздерге осындай ұлан-ғайыр жерді аманат етіп қалдырған, олар:
· Қаракерей Қабанбай
· Қанжығалы Бөгенбай
· Шапырашты Наурызбай
· Сырым батыр
· Исатай батыр
· Махамбет батыр
· Амангелді батыр
Тақтаға жеті бала шығып, осы батырлар атын жеті септікке септейді.
2-ойын: «Ғажайып алаң» ойыны.
Барабан жеті бөлікке бөлінген, әр бөлікте үй жануарларының, үй құстарының суреттері бар. Сурет алдында тапсырмалар жазылған.
Сиыр – атау септік
Қой – ілік септік
Түйе – барыс септік
Ешкі – табыс септік
Жылқы – жатыс септік
Тауық – шығыс септік
Қаз – көмектес септік
Қазақта «жыл қайыру» деген ұғым бар. Соған қалай түсінік бересіңдер?
Қазақта жыл санауға байланысты биылғы кірген жыл қалай аталады?
3-ойын: «Поэзия минуты».
Оқушылар бір-бір карточкадан алып, оқиды. Жеті карточкаға бір шұмақ өлеңнен жазылған. Оқушы өлеңнің авторын атап, асты сызылған сөздің қай септікте тұрғанын айтады.
4-ойын: «Жеті күн». Бүгін қай күн?
Бір аптада неше күн бар?
Жеті карточкаға жеті күннің аты жазылған. Келесі жеті оқушы тақтаға шығып, бір-бір карточкадан алып, сол атты жазылған күнді жеті септікке жазады.
5-ойын: «Жалғауын тап».
Тақтаға «Отан» тақырыбы жазылған плакат ілінеді. Жеті оқушы жеті түрлі жолақшаны таңдап алады. Ол жолақшаның астында жазылған сөздің жалғауын табады, қай септікте тұрғанын ажыратады.
6-ойын: «Жеті қазына».
Оқушылар жеті қазына туралы білгендерін айтады, олардың атын тақтаға жазып, сол сөздерді жеті септікке септейді және сол жеті қазына туралы білетіндерін толықтырып айтады. Мысалы, ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, т.б.
7-ойын: «Адасқан септіктер».
Жеті оқушы жеті сөзді септікерде айтады. Қалған оқушылар сол сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратады.
Оқушылардың Отан, туған ел, туған жер жайлы дайындап келген тақпақ, мақал-мәтел, әндерін тыңдау.
Тұмарша тобының орындауында ән «Отаным – Қазақстан».
Үйге тапсырма: Қайталау.
