Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Егіндібұлақ селосы
Ахметжанова Карлыгаш Капайовна
№ 5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Мақсаттары: сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік жасау;
ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ребус шешу, топтық жұмыс, тест, іздендіру, ойын элементтері.
Көрнекілігі: оқулық, ребус, интерактивті тақта, портрет, слайдтар, өзін-өзі бағалау парағы, белгілер.
