Excel –де функция және формуламен жұмыс
Шайхимова Самалгул Бахытжанқызы
Информатика пәні мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы
Тақырыбы: Excel –де функция және формуламен жұмыс
Мақсаты: ЕхсеІ программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы графиктер құру әдістерін үйрену.
Күтілетін нәтиже: Есептеулердің әдіс-тәсілдерін және олардың графиктерін құру жолдарын үйрену.
Пәнаралық байланыс: математика, физика, сызу т.б.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп, мақалдың жалғасын табу арқылы топқа бөлініп,топ мүшелерін сайлау және топ ережесін сақтау.
