Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы,
Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Маликова Айнұр Кеңесбайқызының өзіндік сабақ талдауы.
Сынып: 8 «Б»
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Табиғатты қорғау-қасиетті іс.
Грамматикалық тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
8 «Б» сыныбында 9 оқушы. Оның ішінде 6 оқушы қазақ, ал 3-інің ұлты орыс.Сыныптың оқу ілгерімі жақсы, 1 озат оқушы бар. Оқушылардың пән бойынша білім, білік –дағдылары оқу стандартына сәйкес. Орыс сынып оқушыларының көпшілігі қазақ ұлтты болғандықтан, ауыз-екі сөйлеу деңгейлері орташадан жоғары, сондықтан әр сабақта келешек жаңа материалдың аз мөлшері беріледі.
