А.Хамзин: “Мейірім”
Үкіжан Байзильдина,
№1 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
А.Хамзин: “Мейірім”
Сабақтың мақсаты:
1.Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып,оқу дағдысын қалыптастыру. 2.Оқушылардың сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.3.Балаларды мейірімді , адал, қайырымды болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ. .
Әдісі:сұрақ-жауап, болжай оқыту,сайыс, әңгімелесу, топтастыру.
Көрнекілігі: суреттер, фишкалар, топтастыру –мейірімді бала,сөздер жазылған жолақшалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. Ата-тәлімі туралы мақал-мәтелдер жазып келу. Сыныпты 3топқа бөле отырып, мақал-мәтелдер сайысын өткізу.Ұпай арқылы жеңімпазды анықтау.
