Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыт у
Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту
Әлия Үрімбекова
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін 12 жылдық мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Оқушыларда жоғары математикалық мәдениет , ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы – әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды , тиімді ұйымдастыру және басқару.
