Бірлік бар жерде тірлік бар
Дүйсенгүл Исламқызы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
Бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ халқына жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген жалынды сөздері бүгінде байрағы желбіреген еліміз жаһандану үрдісіне үн қосып, кезеңдік шектеулікке бой алдырмай, дүние жүзінің маңдай алды мемлекеттерінің білім жүйесіне ден қойып, білім саласын ұлы заманның мұратына сай етіп отыр. Елбасымыздың мақсатты бағдарламасы ұрпақтар сабақтастығының ұлттық нақышта өмірге енуін толық қамтыды.Себебі,рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ең мықты білім. Рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіріп тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Аға буынның салып кеткен ізгі жолын кейінгі ұрпақ абыроймен жалғастыруда.
Біз бүгін сонау шалғайда жатқан Шағалалы Шардара ауданында орын тепкен «Жаушықұм» мектеп-лицейін әңгімемізге арқау етпекпіз. Олай деуімізге себебіміз де жоқ емес. Өзінің 65 жылдық тарихы бар аталмыш мектеп Елбасымыздың «100 мектеп-100 аурухана» бағдарламасы аясында оң шешімін тауып 2009 жылы пайдалануға берілген болатын.Мыңдаған кітап қоры бар кітапханасы, соңғы үлгімен жабдықталған кабинеттері бар 600 орындық жаңа ғимаратқа қоныс аударған халықтың қуанышында шек болмады.
«Сөз түзелді,тыңдаушым, сен де түзел!» деп хакім Абай атамыз айтқандай, ұстаздардың алдында бір-ақ мақсат – оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру болды.
2011-2012 жаңа оқу жылында мектепке жаңа басшы келді. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын !» демекші Роза Әлімбекқызы Жүнісқұлова мектебімізге жұмыс істеудің жаңа үлгісін әкеліп, шырайымызға шырай қосты. Аз уақыт ішінде өзінің іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында білім ордасы бүгінгі таңда лицей атанып, жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Мектебіміздегі ауыз толтырып айтарлықтай істерді атап айтпасқа болмас.
Атап айтқанда, 1987-2003 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бүгінгі таңда мектептің педагог-психологі Еспан Көбекбай, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі Омарбек Мұхан, 2012-2013 оқу жылында ОҚО әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін » медалімен марапатталса, директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Төребек Тіллабай , Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, ОҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталып, «Ақырын жүріп, анық басатын» ұстаз еңбегінің еленгенін дәлелдеп отыр.
Мектебімізде мұғалімдерді әдістемелік қызметтің «Жас маман», «Шығармашыл ұстаз», «Озат тәжірибе», «Біліктілік санатын көтеру», «Білім жетілдіру», т.б кәсіби шеберлікті шыңдау жұмыстарының жоғары деңгейінде болуына өз үлестерін қосып жүрген Жандарбекова Шынар, Төреқұлова Тамара, Әліпбаева Гүлшар, Досыбаева Гүлжамал, Қошаева Айгүл, Бектаева Гүлзипа, Әбді Батыр, Шатай Марат, Боранбаева Назира, Дүйсенбекова Гүлжан, Өмірзақов Нұрғали, Тілеубекова Сараның әзірлеген жұмыстары бүгінде аудан көлемінде таратылып, іс-тәжірибеде қолданылуда.
Жаңашылдықпен, ізденімпаздықпен өздерінің кәсіби деңгейін аудан, облыс көлемінде танытып жүрген ұстаздарымыз Әжіқабылқызы Ұлсерік, Досмырзаева Еркежан, Айбек Шара, Өтебек Роза, Міржанова Гүлнар,Жаппарқұл Мария, Қошалиева Гүлнәр, Нәлібекова Құралай, Бегімбетова Дүйсенгүл, Махимова Жамила, Жамбаев Қуаныш, Қасымбек Әлима, Ақбердиева Базаркүл, Насрадинов Қанат үлкен жауапкершілік сезіммен оқушыға тиянақты білім беріп қана қоймай, таусылмас қажыр-қайрат жұмсай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерге баулып, білімді шығармашылықпен астастырып келеді.
Сөзімізге дәлел – ҰБТ-дан жыл сайын аудан көлемінде 1-ші орыннан бой көрсетіп, пән олимпиадаларынан оза шауып, үздік танылған шәкірт жетістіктері.
Сонымен бірге, мектебіміздің мақтаныштары «Алтын белгі» иегерлері Исмайлова Айгүл (2007-2008), Г.Ибрагимова, Р.Төребек (2009-2010), Ж.Қожантай (2010-2011), Қ.Уалихан, А.Ибрагим (2011-2012),Ораз Мөлдір,Шалабаева Әйкерім (2012-2013) мектеп ұжымының мерейін асқақтатып, биік шыңнан көріне білді.
Мектеп оқушылары өз шығармашылықтарымен аудан, облыс көлемінде ғана емес, республикаға танымал болды. Атап айтар болсақ, Уалихан Қарлығаш республикалық «Жарқын болашақ» пән олимпиадасының 2011-2012 оқу жылының ІІІ орын иегері, Халықаралық Сүлеймен Демирель атындағы университтеттің білім грантын жеңіп алды.
9 сынып оқушысы Ермекбаева Алтын Бұқарбай батыр Естекбайұлының 200 жылдығына арналған «Батыр бабалар рухына бас иеміз!» шығармалар байқауында облыстан І орынды иеленіп, республиклық кезеңге жолдама алды,
7 сынып оқушысы Ибрагим Дулат Кіші Ғылым Академиясы ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде ІІ орынды, 10 сынып оқушысы Тұңғышбаева Гүлбану ІІІ орынды иеленіп, ғылым жолына бет бұрғанын дәлелдесе, 10 сынып оқушысы Құлатай Әйгерім облыстық Маханбет оқуларында «Ұлы арман» номинациясын, 6 сынып оқушысы Уалихан Назым (жетекшісі Көшенова Кенжегүл) жас дарындылар конкурсында «Тартынбай сөйлер асылмын..» номинациясын жеңіп алса, 9 сынып оқушысы Әлмұрат Бекзат (жетекшісі Ташкенбай Нұржол) облыстық физика- математика олимпиадасының ІІІ орын иегері атанып ұстаздарын қуанышқа бөледі.
«Білім – теңіз, мектеп –кеме» демекші, толқыны тайдай тулаған, қыры қызғалдаққа бөленген Шардараның қызыл құмынан нәр алған ұландарымыз республикалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері Кембай Сахан, Мыңжасар Нұрбол, Кембай Ерсұлтан, Қоштай Ақерке, Қарымсақ Мұқтархан, Сапархан Дильназ, Кеңес Жұлдыз, Кеңес Бота, Нұрбек Гүлдерай, Тұрсынбекова Ақниет, Батырханқызы Аяулым, Есалы Абдулла, Сабитулла Түркістан, Құлбек Мадина, Орынбасар Нұрболат, Жүсіп Айгүл, Джанадилова Назерке, Орынбай Уалихан, Ермағанбет Ақбота, Досымбет Гүлмария, Амангелді Асем, Аязхан Ұлбике, Сабит Ұлбике «Жаушықұм» мектеп-лицейінің атағын облысқа , республикаға паш етуде.
Киелі шаңырақ оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, ұлттық өнерімізді ұлықтау арқылы да жетістіктер қатарын еселей түсуде. Рухани жан-дүниені кеңейтетін, адам жанына азық болып, сәулелі жырды түрлендіре білген «Жас өнерпаздар» ән-би үйірмесі аудандық, республикалық байқауларға қатысып, мектеп мерейін асқақтатып, Халықаралық «Арай» жас таланттар байқауының дипломанты Байқожаева Айгерімнің, 2009-2010 жылдағы «Өмірімді өнерге бейімдеймін» атты облыстық өнер фестивалының жеңімпазы, республикалық Чайковский атындағы колледждің грант иегері Рысбай Гүлайханның тұсауын кесіп, қанатын қатайтып үлкен өнер жолына жетеледі.
Мектеп табалдырығында жүріп, болашағынан үлкен үміт күттіретін 4 сынып оқушысы Сартаев Жүсіп Алматыда өткен республикалық «Ақ көгершін» жас өнерпаздар ән байқауында ІІ орынды иеленсе, 9 сынып оқушысы Сартаев Жүніс Халықаралық «Ақ көгершін» жас өнерпаздардың эстрадалық өнер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марпатталды.
Оқушыларымыздың дарындылықтырын дамытып, қолдай білетін ұстаздар ұжымы ұрпағымыздың әрдайым өз қатарының алды болып, өнер, ғылым бәйгесінде маңдайы жарқырап келуі үшін білім беру саласындағы реформаларға ерекше мән беруде.
Мектебімізде мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы бойынша әзірленген «Балапан» бағдарламасының аясында 2010 жылдың қыркүйегінен бастап, жас бүлдіршіндерге арналған орталықта «Балбөбек», «Балапан», «Балауса» тобы жұмыс істеп, 94 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектеп мұражайы-талай жылдар тарихын қойнауына басқан ұрпақтар жалғастығын танытатын, білім мен тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта дамуына өзіндік жол көрсететін білім ордасының алтын діңгегі, Мұнда мектептің талай жылдық шежіресі жинақталып, педагогтардың ерен еңбегі шәкірт пен ұстазға, жалпы қауымға ғылыми-мәдени орын ретінде қызмет жасуда.
Сонымен бірге, 120 тәрбиеленушісі бар мектеп жанындағы интернат ұжымының білім мен саналы тәрбие беру ісінде өзіндік орны ерекше. Осы орайда, интернат меңгерушісі Омарбек Мұқанның басшылығымен тәрбие жұмыстары ата-аналарымен, ұстаздарымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Міне, бүгінгі күні үйлесімділігін тапқан білімнің қасиетті қара шаңырағының аудандық, облыстық білім кеңістігіндегі өзіндік орны, даму жолы осылай айқындалған. Заман көшіне ілесу, жаңа қоғамның адамын қалыптастыру ұстаздар қауымы үшін орасан еңбек. Алайда, білікті басшы мен ұстздардың мол тәжірибесінің, күш-жігерінің нәтижесінде ұжымның ең үлкен жетістігі «Ең үздік жыл мектебі» мәртебесіне ие болуын мақтанышпен айта аламыз.
Жүздерінен жалын атқан оқушылардың талпынысы, айрандай ұйыған ұстаздардың еңбегі білім ордасының болашағының жарқын екендігінің көрінісі.
Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды, әлемдік деңгейдегі білімдік бәсекеге қабілетті азаматтары етіп дайындай білсек- халық алдындағы ұстаздық міндеттің аброймен орындалғаны.
Білімнің сырын көкірегіне түйе білген шәкірттердің талабына нұр жаусын! Қанаттары қатайып, биіктерге самғасын!
Елбасының «Болашақ- білімді жастардың қолында» деген сөздерін ұстаз да, шәкірт те ұстанады деп сенеміз!
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің бейнесі
Республикалық «Жарқын болашақ» пән олимпиадасының III-орын иегері Уалихан Қарлығашты мектеп-лицей директоры Роза Жүнісқұлованың марапаттау сәті.
