«Жүзден жүйрік»

Ақтөбе облысы,

Шалқар ауданы

№7 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Омарқұлова Айнагүл

Сыныбы: 5

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс жасуға үйрету,өнерлі,білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интер.тақта және тақтада жазылған жоспар ,сұрақтар

Жоспары:

1.-кезең: «Өзін-өзі таныстыру»

2-кезең: «Мәнерлепе оқу»

3-кезең: «Тыйым сөздер сайысы»

4-кезең: «Мақал-мәтел сайысы»

5-кезең: «Жорға»

6-кезең: «Бір әріптен басталатын сөздерге сөйлем құрау»

7-кезең: Қорытынды.

Барысы:

Мұғалім сөзі: – Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз бүгінгі сайысымызды 5-сынып оқушыларының осы кезге дейінгі алған білімдерін,өнерін тамашалау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасында оқып,жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе ол күймейді,

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жанбастап,

Жалқауды ол сүймейді, – деп Ө,Тұрманжанов аталарың айтыпты.

Сұрақ: Білім неліктен байлық болып есептелмейді?

Білімді болу үшін сендердің ойларыңша не істеу керек? (оқушылардың пікірі тыңдалады)

1- кезең бойынша сайысқа қатысатын оқушылар өздерін таныстырады

Елдос:

Таныстырып өтейін мен өзімді,

Мәнерлеп мәнді қылып әр сөзімді.

Елдос атты ұлдарыңыз мен боламын.

Қазіргі 5-сынып оқушысы

Жүзден жүйрік сайысынакеліп қалдым

Үнемі үздік оқып жүремін

Бүгінде сол биікке шыңдау үшін

Міне,осы жарысқа келіп қалдым.

Асылзада:

Мен емес жарыстардан жасқанатын,

Әр кезде достарыммен мақтанамын.

Әрқашан сыныбымды алда көріп,

Жетістігіне ылғи да мақтанамын.

Өзімді таныстырсам Асылзада атым,

Оқушысы 5-сыныбымның

Оқып білім алуға жетелеген,

Ұстаздарды құрметпен қарсы аламын.

Нұрдәулет:

Таныстырсам өзімді,

Менің атым Нұрдәулет.

Әр халықтың данасы

Бесінші сынып баласы.

Айтар болсам тегімді,

Аймағанбетов мен болам.

Қазақ тілін дамытар

Жүзден жүйрік мен болам.

Айдана:

Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар,

Таныстырсам өзімді №7орта

мектебінің түлегімін.

Есімім Айдана,тегім Молдағали қызының Жұбатқанның

Хабардар болмақ болсаң біздің жайдан

Тілеудеміз шын көмек бір құдайдан.

Осы сайысқа белсендім «жеңемін»деп

Жүзден жүйрік болып шығамын деп.

Бейбарыс:

Сәлем сөздің анасы деп бастадым

Армысыздар қадірлі ұстаздарым.

5-сынып арасында болатын сайысқа

Келді міне,Бейбарыс атты ұлдарың.

Руым бар төртқараның тұғыры,

Қадір тұтам үлкен кіші кісіні

Ерінбеймін жалқауланып еңбекке

Сыныптастар ал,қанекей бағымызды сынайық,

тату болып алға қадам басайық!

Гүлжаһан:

Армысыздар,ұстаздарым ардақты

Мен өзімді таныстырам жан-жақты.

Гүлжаһандай қызың болам салмақты

Жастайымнан білім жолын қуып өстім.

Теміржолшы әулетінде туып өстім,

Отбасымның еркесі боп күліп өстім.

Жүзден жүйрік сайысында

Бәрінен де жеңіп шықсам…

2-кезең бойынша мәнерлеп оқу,оқушылардың ақындар шығармаларын мәнерлеп оқиды.

Барақбаев Елдос

Ана тілі. Н.Айтов

Жанұзақова Асылзада

Оюлар.Фариза Оңғарсынова

Аймағанбетов Нұрдәулет

Сабырсыз,арсыз,еріншек.Абай Құнанбайұлы

Молдағалиева Айдана

Мен таулықпын.Мұқағали Мұқатаев

Қазыбек Бейбарыс

Төрт ана.Мұхтар Шаханов

Өтегенова Гүлжаһан

Туған еліме.Сұлтанмахмұт Торайғыров

3-кезең бойынша «Тыйым сөздер сайысы».Әр оқушыға 20 секунд уақыт беріледі,тыйым сөздер айтудан өз шеберліктерін көрсетеді.

4-кезеңде 1 минут ішінде қанша мақал-мәтел айта алатындықтары бағаланады.Тақтада мақал -мәтелдердің тақырыптары жазылған.

Елдос: туған, жер ,отан туралы

Асылзада: ерлік,батырлық туралы

Нұрдәулет: денсаулық туралы

Айдана: ынтымақ,бірлік туралы

Бейбарыс: өнер-білім туралы

Гүлжаһан: еңбек,жалқаулық туралы

5-кезең : «Жорға» деп аталады тақтадан шаршылар таңдайды,онда сұрақтар жасырылған.Сол сұрақтарға жауап береді.

1-сұрақ: Түйенің пірін ата. (Ойсылқара)

2-сұрақ: Ертегілерде қандай оқиғалар баяндалады?(Көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін,ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады)

3-сұрақ: «Ертөстік »ертегісіндегі жер асты өнерпаздарын ата.

(баукеспе ұры,Желаяқ,Саққұлақ,Таусоғар,Көлтауысар,Көреген)

4-сұрақ: Әдебиет сөзі қандай мағынаны білдіреді? Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы қандай сөз деп атаған?(Әдебиет –араб сөзі, «үлгі сөз»деген мағынаны білдіреді. А.Байтұрсынов әдебиетті «асыл сөз» деп атаған)

5-сұрақ: Мақал-мәтелдерде не айтылады және неден сақтандырып нені үлгі етеді?( мақал-мәтелде көбінесе нақыл,ақыл айтылады.Жаманнан сақтандырып,жақсыны үлгі етеді)

6-сұрақ: Жұмбақ қалай айтылады ?(бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтар айтылады)

6-кезеңде бір әріптен басталатын сөздерден сөйлем құрайды.

Қорытынды: – балалар,міне сайысымызда аяқталып келеді.Әділқазыларымыз жинаған ұпайларымызды есептеп болса,қай бала «жүзден жүйрік» атанды екен.Жеңімпаз оқушыға мақтау қағазымен марапатталып,қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтарына ие болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше