Жаңа технологияның тиімділігі

Ақтөбе облысы,

Шалқар ауданы

№7 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Омарқұлова Айнагүл

Баяндама

Жаңа технологияның тиімділігі
Білім беру жүйесі – қызығы мен қиындығы мол күрделі сала.Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру ,тәрбиелеу – әрбір ұстаздың оқу тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса,кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады.Қандай әдісті пайдаланса да мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялар жан-жақтан ағылып жатқанда ұлттық педагогиканы басты орынға шығару қажеттілігін,әрі оның философиялық маңызы зор екендігін естен шығармауымыз қажет.Өйткені өркениет көшіне ілесеміз деп жүргенде ұлттық құндылықтарымыздан айрылып қалуымыз да мүмкін.Сондықтан да жаһандық өркениеттің тұңғиығына түсіп кетуден сақтануымыз керек. Дамыған елдердің қатарына өз ұлттық құндылықтарымызбен,дәстүр-салтымызбен қосылуымыз орынды болады.

Қазақстан Республикасының «білім туралы»Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру»деп ,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өміргі икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласын жақсартудың бірден-бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Мектептегі оқу процесі – екі жақты үрдіс болғандықтан: оқушының өзіндіктік жұмысын; -дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар: олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ынтасымен жасайтын әрекетін де керек етеді .Оқушылардың өзіндік жұмысын жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдерді қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

۰ Өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

۰ пікірталастар мен талқылауға қатысу қажет;

۰ өзінің жолдастарына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

۰ жолдастарының пікіріне жауап айтуы;

۰ үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

۰ өз бетімен қиын тапсырмаларды таңдау;

۰ танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану;

۰ өзін-өзі бағалауға жағдай туғызу.

Оқушының білімге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін қалыптастыруда сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Осыған орай еліміздің дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға, оқу -әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күнде мұғалімдерге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, өзі таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Ж.Аймауытов:«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңда жаңа технологияны пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқытудың мақсатына жетудің бірден-бір жолы

Республикамыздағы білім беру жүйесі қазіргі кезеңдеөзгерістер мен өскелең талаптар мен қажеттіліктерге баса назар аударып, отандық білім саласына әлемдік білім кеңістігіне бағыттауға бетбұрыс жасауда. Бұл әрине мектептегі білімді саналы деңгейге көтеруге арналған бетбұрыс.Ұстаздың кәсіби қызметінің деңгейін көтеру, оқу үрдісін бірізділендіру мақсатында әр мұғалім өз мүмкінділігіне қарай оқу үрдісіндегі жаңа технологиялары пайдалануда. Білім беру үрдісінде мынадай технологияларды

۰дамыта оқыту технологиясы:

۰деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

модульдік оқыту технологиясы

۰сын тұрғысынан ойлау технологиясы

۰ойын технологиясы

түрлерін пайдалана отырып,сабақты түрлендіре өткізу әр мұғалімнің білімі мен біліктілігіне сын.Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану,оқыту технологиясына қызығушылығын таныту,ынта қою,оның мақсат,мазмұнын,болашағын түсініп,іс-жүзіне асыра білу белгілі бір жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады.Әрбір технология бір-біріне ұқсамайды,тек дұрыс пайдаланып,шәкірт жүрегіне дұрыс жол таба білу керек.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағын оқытудың сапасын көтеруде ақпараттық технологияның берері көп.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыларды еркін сөйлеуге,сөз ұшқырлығын ұштауға,өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар.Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады: 1)қызығушылығын ояту; 2)мағынаны ашу; 3)толғаныс

Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп,қызығушылығын оятып,шығармашылық қабілетін арттыруға,белсенділікке ынталандыруға болады.

Сабақ құрылымының жоспары

1.Қызығушылығын 2.Мағынаны ашу 3.Толғаныс

ояту стратегиялары стратегиялары стратегиялары

/ / /

ой қозғау Венн диаграммасы Эссе

/ / /

топқа бөлу бес жолды өлең Ойтолғау

/

топтастыр

Осы технологияны қолдану барысында оқушылардың ақыл-ойы дамиды;шығармашылық белсенділігі артады; тіл байлығы жетіледі; өз ойын еркін жеткізеді тағы бір қуанышпен айта кететін жағдай үндемей отыратын оқушылар да өз ойларын ашық айта алады.

Сонымен қатар оқушының білімге деген қызығушылығын ояту,белсенділігін қалыптастыруда сабақты түрлендіріп өткізуде Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді технологиясының » да маңызы ерекше.

Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім; оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз білімін байытады.Сабақта белсенділігі артады.

Деңгейлер:

Бірінші деңгей – міндетті,оқушылық деңгей

Екінші деңгей – алгоритмдік,

Үшінші деңгей – ізденімдік

Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей деп аталады.

Осы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын 7-сыныпта өткізген Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзінде пайдаландым.

Сабақтың тақырыбы: Абай.Жиырма тоғызыншы қарасөзі

Сабақтың мақсаты:

білімділік:Оқушыларға Абайдың қарасөздері туралы мағлұмат беру,мазмұны мен идеясын түсіндіру.

дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,сөздік қорын дамыту,әдеби шығарманы талдауға үйрету.

тәрбиелік:Адамгершілікке,имандылыққа,ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақтың көрнекілігі:Ақын суреті,қарасөз оқулығы, тірек-сызба,интер.тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгелдеу.

2.Сабаққа әзірлеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Абай.Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңі

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

Ақын

Ойшыл

Сазгер

Аудармашы

Ғұлама

АБАЙ

Гуманист

ІV.Жаңа сабақ

– Балалар,біз бүгін ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 1890-1898 ж.ж жазған шығармаларымен танысамыз.Олар қарасөз деп аталады.Қарасөздерінде ақынның философиялық көзқарасы айқын көрінеді.Абайдың 46 қарасөзі бар.Қарасөздерінің басты тақырыбы – иман,адамгершілік,ынсап.

V. Оқулықпен жұмыс.

-Енді осы жиырма тоғызыншы қара сөзден не ұқтық?

Қазір деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.

1-деңгей. 1.Абайдың қөра сөзі туралы айт.

2. Жиырма тоғызыншы қара сөздің тақырыбы мен идеясы.

3.Жиырма тоғызыншы қара сөзде сыналатын жағымсыз қасиеттер.

4.Мақал-мәтел деген не? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

5.Бұған дейін Абайдың қандай қара сөзін оқыдық? Оларда не туралы айтылады?

6.Сезім, эмоция. Шығарманың өзіңе ерекше әсер еткен тұсы.

7.Сөздік жұмыс.Мехнеттану, диуана, періште сөздеріне түсінік бер.

2-деңгей. Кесте толтыру:

Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Періште алтынды не қылсын?
«Ата-анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті».

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар?
«Атың шықпаса, жер өрте» Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?

3-деңгей.1.«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» (Ақын шығармашылығы туралы)

2. Мәтінге шығармашылық үлес не ақынға хат (Топтық жұмыс. Әр оқушы бір сөйлемнен жазып, әрі қарай жағалатады.)

VI.Сабақты қорытындылау.

1 .Абай қай жылдары өмір сүрген?(1845-1904ж.ж)

2.Абайды әлемге танытқан кім? (М.Әуезов)

3.Абайды неге сазгер деп атаймыз? (көптеген әндері бар болғандықтан. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы» т.б)

4.Қандай шығармашылығын оқыдық?

VII. Үйге тапсырма.

1.Абай. Жиырма тоғызыншы қара сөзін жаттау.

2.«Абай-дана, Абай –дара қазақта»( ақын шығармашылығы туралы шығарма жазу.)

VIII. Бағалау.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында пайдаланылады.Бұл оқушылардың сапалы білім алып меңгерген білімін,дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуге,жүктемені өздігінен орындап,қорытынды жасауға дағдыландырады.Әр деңгейлі тапсырмаларды іріктеу кезінде оқушылардың білім деңгейі ескеріледі.

Қорытынды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ жастардың қолында,жастар ұстаздардың қолында» деп айтқандай,әрбір ұстаз болашақтың негізін қалаушы.Мемлекетіміздің іргетасының мықты болуыда ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

Қазіргі жаһандану дәуірінде интеграциялық үрдістердің қарқынды даму кезінде білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне кірмей өз бетінше дербес дами алмайды.Өйткені,өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелінетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші – білім.Ол – қоғам дамуының кепілі болып табылады.

Қорыта айтқанда жаңа оқыту технологиясының барлық түрі оқу сапасын арттыруға жеке тұлғаны дамытуға,қазіргі заман талабына сай жұмыс істеуге бағытталған.Ал,сол технологияларды тиімді пайдалану – әр мұғалімнің еншісіндегі нәрсе.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше