Д. Нұрпейісова «Той бастар»
Оқытушы: Иманалиева Құралай Самиғоллақызы
Пәні: Баян
Сынып: III
Оқушы: Сатыбалдиева Жаннұр
Тақырыбы: Д. Нұрпейісова «Той бастар»
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка әдебиеті, сольфеджио
Сабақтың мақсаты: Күйшінің шығармашылығымен толық таныстыра отырып, күйді тыңдау, салыстыру арқылы талдау және практикалық сабаққа дайындау;
Көрнекілігі: баян аспабы, Д. Нұрпейісова туралы мәтін, күйдің нотасы жазылған плакат, шығарма талдау кестесі, үнтаспа;
Күтілетін нәтиже: Күйші туралы толық мағлұмат алады, шығарманы талдау жасай алады;
Не арқылы бағаланады: Күйшінің шығармашылығымен танысу арқылы, күйді талдау арқылы БББ, Insert, Sinkuin, Венн диаграммасы, миға шабуыл стратегиясы арқылы;
Үй тапсырмасы: А. Құнанбаев. «Айттым сәлем Қаламқас», оқушы аспапта (баян) орындайды.
Дина Нұрпейісованың күйлері үнтаспада орындалып тұрады;
Қызығушылықты ояту: «Миға шабуыл» стратегиясы:
– Музыка дегенде не ойлайсың?
– Көз алдыңа не елестейді?
– Жалпы, өнер деген не?
Қазір тақтадағы астында реттік сандары бар әріптерді ретімен орналастырып көрейік, қандай сөздер шығар екен?
Д Т Б И О А Р Н Й С Т А А
1 5 8 2 6 9 13 3 7 10 11 4 12
Яғни бүгінгі тақырып күй кемеңгері Дина Нұрпейісова және «Той бастар» күйі
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
| Күйші, домбырашы |
Білемін бағаны толтырылған соң, оқушыға Д.Нұрпейіова туралы мәтін беріледі.
«Мағынаны тану»
«Insert» стратегиясы пайдаланылады
«V» – білемін
«+» – білмеймін
«-» мен үшін жаңа ақпарат белгілерін қояды
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
| Ұстазы Құрманғазы | ||
| Туған жылы, айы, күні | ||
| Күйлерін |
Ендеше, Дина Нұрпейісованың күйі «Тойбастарды» үнтаспадан тыңдайық. Күйдің нотасы тақтаға ілініп, оқушыға шығарманы талда парағы беріледі.
| Шығарманың аты | «Той бастар» |
| Авторы | Дина Нұрпейіова |
| Өлшемі | 2\4, 3\4 |
| Кілт белгісі | |
| Динамикалық белгісі | |
| Штрихтары | |
| Қосымша белгілері |
Тақтаға шығып талдаған күйін талдау парағы арқылы қорғайды және алақанмен ұру арқылы шығарманың ырғағын санайды. Үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпта ВЕНН диограммасы арқылы салыстрамыз.
«Айттым сәлем Қаламқас» «Тойбастар»
| Білгім келеді |
| Күйлерін үнтаспада тыңдағым келеді. «Тойбастар» күйін баян аспабында үйренгім келеді. |
Ой толғаныс: sinkuin немесе бес жолды өлең стратегиясы арқылы оқушыға тапсырма беріледі
Кім? Күйші
Қандай? Дарынды, талантты
Не істеді? ОРЫНДАДЫ, ҮЙРЕНДІ, ШЫҒАРДЫ\
Түйін: ХАЛҚЫНА ӨШПЕС МҰРА ҚАЛДЫРҒАН
Синоним: Композитор
Сабақ «sinkuin» стратегиясы арқылы қортындыланады.
Өзін-өзі бағалау кестесі
| Үй тапсырмасының
орындалуы |
Сұраққа жауап беруі | Шығарма талдауы | Санау | Үй тапсырмасымен
жаңа тақырыпты салыстыру |
Бес жолды өлең |
Үйге тапсырма: «Той бастар»күйін сана, ырғағын алақанмен соғу, ырғақты сезініп келу.
Дина Нұрпейісова
1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген. Әкесі Кенже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина 9 жасынан бастап домбырада ойнайды. Ұстазы Құрманғазыдан көптеген күйлер үйренді. Құрманғазы Динаға домбырасын сыйлаған.
Домбырада ойнаумен қатар ол күй шығарған. Оның алғашқы күйлері «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүн», сонымен қатар «Әсем Қоңыр»,
«Той бастар» т.б.
«Той бастар» күйін 1940 жылы Қазақстанның 20 жылдығына арнап шығарған. Бұл күйде бостандық алған халықтың қуанышты көңіл күйін бейнелейді. Күй көңілді, нық ойналады.
Шығарманың аты:
Авторы:
Екпіні:
Өлшемі:
Кілттік белгісі:
Нота ұзақтылығы:
Динамикалық белгілері:
Штрихтары:
