БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС – ӨМІР ТАЛАБЫ
Арыс қаласы
С. Сейфуллин атындағы
жалпы орта мектебінің әдіскері
Ахметжанова Динара Бахытжанқызы
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС – ӨМІР ТАЛАБЫ
«…Біз «өмір бойы білім алу» моделіне көшуге тиіспіз»
. Н.Ә.Назарбаев.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры делінген. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның қарыштап дамуы үшін білім жүйесін жетілдіруіміз керек» деген тұжырымдамасы іске асырылуда.
XXI ғасырдағы нағыз ұстаз бейнесі қандай болуы керек? Ұстаз – жан жақты , заман талабына сай ақпараттық технологияларды жетік меңгерген , өз пәні мен қатар өзге де білімді қатар алып жүре алатын жан-жақты тұлға болуы керек.
