Б.Майлин. Шұғаның белгісі
Алматы облысы
Қарасай ауданы
“Үшқоңыр аулындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен” КММ
Туматаева Қарлығаш Қанапияновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ әдебиеті. 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин. “Шұғаның белгісі “.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Шығарма авторы туралы білімдерін кеңейту,мәтін мазмұнын толық білу, мағынасын ашу.
2.Дамытушылық. Еркін сөйлеу, ой жеткізу мәнерін жетілдіру, танымдық қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік. Туған өлкені, елін, жерін, табиғатын қадірлеуге, адамгершілік, бауырмалдық, түсінісушілік, достық қасиеттерге баулу.
Түрі: Семинар сабақ.
Әдіс- тәсілдері : баяндау, ой қозғау, іздену, сергіту, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Бейімбет Майлин портреті, сызба кестелер, нақыл сөздер, жазушы туралы пікірлер, тест үлгілері т.б интерактивті тақта.
Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Кіріспе сөз. “Шұғаның белгісі” повесі 1914-1915ж. жазылып, “Садақ” журналында жарияланды. Жол қысқарту үшін әңгімелесіп келе жатқан екі жолаушының әңгімесінен басталады. Бірі – Қасым, екіншісі – автор. Бұл хикаят суреткерлік шеберлік жағынан қазақ прозасы жанрының биік сатысынан орын алады. Сюжет бірінен соң бірі кезең-кезеңдерімен өрбиді. Қысқа-қысқа он үш тараудан тұрады. Бірінші тарау прологке құрылған, ал сюжет екінші тараудан басталады.
Сюжет кезеңдері.
І. Шығарманың композициясы.
1.Басталуы(экспозиция). Біз екеу едік…
2.Байланысы (завязка). Есімбек аулына алғаш келген Әбдіраһманды Шұғаның тұңғыш көруі.
3.Дамуы(ситуация). Екі ел арасына от салғыш .
4.Шарықтау шегі(кульминация). Құса боп ауруға шалдыққан Шұға.
5.Шешім(развязка). Шұға десе, Шұға еді-ау!…
ІІ. Концептуалдық кесте.
| Шығарма аты | Кейікерлер | Қасиеті | Кейіпкерге берілетін баға | Ой–тұжырым,
мақал-мәтел |
| “Шұғаның
белгісі” |
Ахмет | оқыған,білімді, шыншыл | үлгілі | “Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез” |
| Шұға | сұлу,нәзік,ғашық | үлгілі | “Қыз өссе-елдің көркі…” | |
| Есімбек | бай,сөзге ергіш | қанағат | “Бай болсаң,еліңе пайда тисін”. | |
| Қасым | жолаушы,шыншыл | жақсы | “Жолдың мәнін жолаушыдан сұра” | |
| Айнабай | Пәлеқор | нашар | “Надан адам өлі жағын білмейді” | |
| Зәйкүл | адал ,сырлас дос | жақсы | “Аққуды атпа, досыңды сақта” | |
| Базарбай | адал, мейірімді,әдепті | өнегелі | “Інісі бардың тынысы бар” |
ІІІ. Ізденіс. 1)Шығармадан үзінді келтіру.(оқиғасын айту)
1.”Менің астымда жортақылау тапал тор ат ;жүргіштеу.Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі…”
2.”Алаштан асып туған сымбаттым-ай,
Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай,
Арманым бұл жалғанда болмас еді,
Күн болса қосатұғын саған құдай…”
3.”- Жап-жас жігіт екен ғой, – деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті “.
4.-Амансыздар ма, – дегеннен басқа ешнәрсе айтпады. Күлзипа сызылып жеңгесінің артына таман жүріп отырды.
5.”…Жүзі құбыла,сөзі құран Шұғаның ,
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын.
Кетерінде арманда боп сүйе алмай,
Еңіреп жылап “Қалқам”, деді-ау шырағым!…”
2)Тест құру.(мәтін бойынша, жауабы үш нұсқадан )
Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасып, Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді.
Бұрынғы сөзін тастай беріп “оқығандар анау, оқығандар мынау” болады деп шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа қалдым. Артынан Әбдірахманнан себебін сұрасам, өткен жылы бұрынғы қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдрахман тілін алар адамның біріне де алдырмапты: “Әзір асығып екі бағасына алғанша, астықтарыңды жиып алған соң шалқайып отырып жарты бағасын аласыңдар” деп, Әбдірахманның тілін алғандар бірталай пайда қылыпты. “Мені олжамнан қақты ” деп, байдың тырсиып отырғаны осы екен.
Ретінде Әбдірахманға :
– Еліңді қыстан шығардың ба, бала, – деді бай.
– Шүкір, шығардым,-деді Әбдірахман.
– Жарайды, жарайды, ел қамқоры болған соң солай болу керек, – деп сөзін доғарды.
Түс ауа берген мезгілде ет жеп алып, жұрт бет-бетіне тарай бастады.
ІV.”Мағынаны таны” стратегиясы.
1. Повестің басты тақырыбы.
2. Шығарманың мақсаты.
3. Жазушының айтпақ ойы.
V.Шығармашылық жұмыс. “Кейіпкерлермен үндесу”.(сырласу)
1. Оқушы Шұғаға хат жазады.
2. Шұғаның оқушыға хаты(қазіргі қыздарға,сіңлілеріне)
3. Оқушы Әбдірахманға хат жазады.
4. Әбдірахманның оқушыға хаты(қазіргі жігіттерге,інілеріне)
5. Өлең жазу
6. Эссе жазу. Шығарма туралы ой.
VІ Ойтолғау.
1. Кім кінәлі?
2. Әке әрекетіне көзқарас.
3. Шынайы махаббат
VІІ.Қорытындылау. Пікірлер.
Үйге тапсырма: Қосымша әңгімелерін оқу.
Бейімбет Майлин туралы пікірлер:
90-жылдың торқалы тойына арнап жазған “Нағыз халық жазушысы” Ғ.Мүсірепов: “Бейімбеттен архив қалған жоқ. Барлығы мерзімді баспасөз құшағында жатыр. 1912-1937 жылдар арасында жарияланған дүниелерін жинау, оны ең соңғы басылымдарымен салыстыру парыз,” – деп жазды.
Сатира жанрының зерттеушісі, профессор Темірбек Қожакеев Бейімбет сатирасының ерекшелігін айта келіп: “Бейімбеттің нақтылы фактіге негізделген фельетондарының очеркке ұқсайтыны – оларда бір өмірдің бір оқиғасы алынып, өз реті, өз жүйесімен очерктегіше беріледі.Сол болмыстың суреті жасалады.Қажетті жерінде очеркке тән элементтер – табиғат көрінісі, публицистикалық баяндаулар мол қолданылады” – дейді.
Бейімбет творчествосын түбегейлі терең зерттеген үлкен ғалым-ағамыз Темірғали өзінің Бейімбет Майлин творчествосы атты зерттеуінде: “Жазушының саны көп, көлемі мол фельетондары әдебиетімізге сатира жанрының туып қалыптасуында, дамуында басты қызметтер атқарды. “Сойқанды садырлар”, “Кесінділер” жинақтары халықтық, сатираға ірге болып қаланды, үлкен кітап құрарлық фельетондары әлі де архив қазынасында” -деп жазған болатын.
Бейімбет Майлин – әдебиетіміздің барлық саласында әр түрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның творчествосына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэзиясында ғана емес, прозалық, драмалық шығармасында да ерекше байқалады.
Сейділда Ордалиев
Мұхтар Әуезов: “Б.Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар,адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуіріндегі қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады”-деп әділ бағасын берген.
