Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұ қсастықтар мен айырмашылықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №5 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Умарбаева Асем Ахметовна
Сабақтың тақырыбы: $13Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Сабақтың мақсаты: Солтүстік жарты шар материктерінің (Еуразия мен Солтүстік Америка) қазіргі кездегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтарын түсіндіру.
2. Миға шабуыл арқылы оқушылардың дамытушылығын қалыптастыру.
3.Қоршаған ортаны қорғауға,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Жарты шарлар картасы,глобус,дүниежүзінің физикалық картасы,үлестірмелі қағаздар,қима қағаздар,суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сабақ
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастырылуы
Оқушыларды түгендеп,оқу-құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгейдегі тапсырма
Ауызша сұрау
ІІ деңгейдегі сұрақтар.
1.Жер қыртысының даму тарихы қандай эраларға бөлінеді?
2.Антропогендік табиғат кешендеріне мысал келтіріңдер?
1.Дүниежүзілік жылы ағысты ата?
2.Өтпелі климаттық белдеулерді атаңдар?
1.Қандай негізгі климаттық белдеулерді білесіңдер?
2.Жаңа дүние бөлігін қандай материктер құрайды?
ІІІдеңгейдегі сұрақтар.
1.материктерді алып жатқан аумағына қарай атап шығыңдар.
2.ескі дүние бөлігіне қандай материктер кіреді?
Сергіту сәті:
Қызықты деректер:
Билоба гингкосы-Жер бетіндегі (Жапония) ең ежелгі өсімдік.Ол бұдан 160 млн жыл бұрын пайда болды.
Қортық немесе этрус жертесері- Батыс Еуропада кездесетін ең кіші сүтқоректі жануар.Денесінің ұзындығы 4 см,салмағы 2г.
Опоссум-Шығыс Американың ормандарын тіршілік ететін үлкендігі мысықтай қалталы жануар.Ол күндіз ұйықтап,түнде қорегін аулауға шығады.
Аляска түбегінде таралған қоңыр аю-кадьяк, осы құрлықтағы ең ірі жыртқыш жануар.Оның тұлғасыныңұзындығы 3 метрден асады,биіктігі 1,5 метрге жуық,ал салмағы 700кг-ға жетеді.
ІІІ.Жаңа сабақ
Солтүстік жарты шар материктерін сатылай кешенді талдау
Географиялық орны
Жер бедері
Мұз басулар
Климаты мен табиғат зоналары
| Ұқсас белгілері | Айырмашылықтары | |
| Еуразия | Солтүстік Америка | |
| Географиялық орны.
1.Еуразия және Солтүстік Америка материктері Лавразия материгінің құрамында болған. 2.Екі материк те солтүстік жарты жарда орналасқан. |
Ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр.
Оңтүстігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. |
Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.
Солтүстігі солтүстік полюске қарай ығыса орналасқан. |
| Жер бедері.
1.Екі материктің де аумағының cолтүстік бөлігін жазықтар алып жатыр. |
1.Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқан | 1.Кордильера таулары бойлық бағытта орналасқан. |
| Мұз басулар
1.Екі материктің де солтүстік бөлігін мұз басқан. Мұз басулар әсерінен материктерінің солтүстігі жазықтар қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған. Ә)Фьордты жағалаулар кең тараған. Б)Мұздың қазу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында көл қазаншұңқрлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан. |
1.Еуразия материгін көп мұз баспаған. | 1.40 гралдусқа дейін дейін мұз басулар болған. |
| Климаты мен табиғат жағдайы | 1.Еуразияда:жолбарыс,қарақұйрық,ақбөкендер, тіршілік етеді. | 1.Солтүстік Америкада:Секвойя,батпақ кипарисі, алоэ өсімдіктері өседі. |
Кім жылдам?
1.Еуразия мен Солтүстік Америка материктері солтүстік жарты шарда орналасқан ба?
2.Еуразия және Солтүстік Америка материктері Гондвана материгінің құрамында болған ба?
3.Екі материктің де жазықтары солтүстік бөлігінде орналасқан ба?
4.Еуразия материгіндегі Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқанба?
5.Солтүстік Америкадағы Кордильера тауы материктің батысында ендік бағытта орналасқан ба?
Үйге тапсырма
&13Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
1-қатарға: Еуразия материгіндегі орналасқан 10 мемлекетті жазып келу.
2-қатарға:Солтүстік Америкада орналасқан 10 үлкен қалаларды жазып келу
