Бактериялардың құрылысы мен тіршілігі
К.С.Баймусинова Үшқоңыр ауылындағы
орта мектеп-гимназиясының биология
пәні мұғалімі Алматы облысы,
Қарасай ауданы
Тақырыбы: Бактериялардың құрылысы мен тіршілігі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау; оларды жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік иелері бактериялармен таныстыру; Бактериялардың құрылыс, қоректену, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың өсімдіктерден айырмашылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өздігімен танып – іздену іс-әрекетінің әдістерін белгілі бір дәрежеде белсендірілуіне талаптандыру; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.
