Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Шоханова Арайгүл Лайхатқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№4 облыстық мектеп- интернаты
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан, жіңішке дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру. Төрт түлік төлдерін, пірлерін, дыбысталуын ажырыта білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу,шығармашылық қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту.
