Ата-ана және бала құқығы
Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Ата-ана және бала құқығы
Мақсаты: 1. Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың, ата-аналардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Ата-аналарды балалардың құқықтарымен таныстыру және бала алдындағы міндеттерін айтып кету, бала мен ата-ана арасындағы түсінісушілікті, сыйластықты нығайту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық, құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: пікір алмасу, әңгіме
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Көрнекіліктер: презентация, нақыл сөздер.
