Ғылыми жоба: «Математика сабағында интербелсенд і оқу/оқыту әдістемесін қолдану»
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жумадиллаева Назира
Жобаның тақырыбы:«Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолдану»
1. Жобаның идеясы:
Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту арқылы пәнге қызығушылығын
арттыру мен ынталандыру
2. Жобаны қалыптастыру жағдайы.
Жобаны қалыптастыру үшін мына факторлар әсер етті:
Ø әдістемелік әдебиеттерді оқып үйренуден;
Ø әріптестердің іс-тәжірибесімен алмасудан;
Ø қалалық, облыстық әдістемелік жұмыстарға белсене қатысудан;
Ø 2-3 деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің әдістемелік көмегі;
3. Жобаның теориялық базасы.
1. Математика: жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/Т.Оспанов,Ш.Құрманалина,Ж.Қайынбаев,Б.Қосанов,К.Ерешева. 2-басылымы.-Алматы:Атамұра 2003 ж.
2. Б.А.Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары: Оқу-әдістемелік құрал.
3. А.Қ. Әлімов, Б.М.Қосанов, Р.Ж.Базарбекова. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме. Алматы, 2010-115 бет.
4. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4
5. Интернет жүйесі.
4. Жобаның өзектілігі.
Математика сабақтарында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолданудың тиімділігі өте зор. XXI ғасырдың көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде математиканы оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау», «Интербелсенді әдістеме», Б.М.Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары»,Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
5. Педагогикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.
Математика сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, тренингтерді, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасауға машықтандыру.
Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.
6. Жобаның бағыты.
«Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолдану» тақырыбы бойынша мектеп ішінде озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, қала мұғалімдері арасында таратуға ұсыныс жасалды.
7. Жобаның бүгінгі таңда қажеттілігі.
Ø Оқушылар өздігімен оқу және топта жұмыс жасау тәсілдерін білуі;
Ø Мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана алуы;
Ø Сөйлеу мәдениетін жетілдіруі;
8. Жобаның технологиясы
Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізуге әбден болады.
― таным әрекетін ұйымдастырудың формасы-инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізу, СТО, деңгейлеп оқыту;
― оқушының жаңадан білім алуына, таным белсенділігін және қызығушылықтарын оятуға талпындыру, математика пәнін оқудың қажеттілігін түсіндіру.
― қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңашыл сабақтар өткізу үшін, жаңа технологияларды тиімді қолдану.Ол үшін пайдалы бағдарламаларды меңгерту және сабақта қолдану арқылы оқушыға жан-жақты білім алуына жағдай жасау.
9. Жобаның нәтижелігі.
Ø оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы;
Ø оқушылардың мектептік, қалалық, сайыстарға белсене қатысуда құштарлықтарының дамуы;
Ø оқушылардың қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуы;
Ø білім сапасының жоғарылауы;
