Сабақты экологиялық тәрбиемен ұштастыра білу
ОҚО Арыс қаласы
И.Журба атындағы негізгі орта мектебі
Шалбалаева Гүлнар
Тұрмысқызы
География пәні мұғалімі
Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр. Ш. Айтматов
Тақырыбы: Сабақты экологиялық тәрбиемен ұштастыра білу
Мақсаты:
1. Оқушылардың экологияға байланысты деректерді, білік – дағдыларды үйрену, оларды күнделікті өмірде табиғатты қорғауда қолдана білу. Табиғат туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндеттерді білу, немқұрайлыққа қарсы күресе білу.
2. Айналадағы ортаны жақсарту іс- әрекетінің барлық түрлеріне белсене қатынасу, табиғатты қорғау қажеттігін насихаттау.
3. Экологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері дағдыларымен тәрбиелеу.
Қазіргі тандағы күллі адамзатты толғандырып отырған мәселелердің бірі – табиғатты қорғау, оны аялау, экология мәселесі. Әрбір өз елінің патриоты саналатын ұрпақты ойландырмай қоймайтын тақырыптың бірін менде өз жұмысымның өзекті мәселесі етіп алдым.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында « Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр , біздің міндет – осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану» деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологиялық жағдайға тікелей қатысы бар. Сол себепті , ертеңгі ел болашағы- бүгінгі оқушы жетістіктері ретінде күтілетін нәтижелердің бірі – экологиялық білім.
“Экология” деген сөзді Австрия ғалымы, өз заманының білгір ботанигі, дәрігері, зоолог-морфологы, талантты биологы Э.Геккель 1866 жылы “Организмдердің жалпы морфологиясы ” – деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан. Содан бері бір жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті. Әрине жұмыр жердің ол кездегі экологиясы мен бүгінгі жағдайын мүлдем салыстыруға болмайды.Бүгінгі таңдағы жылдам шешуді қажет ететін ең көкейтесті проблемалардың бірі – қоршаған ортаның / экологияның / адам төзгісіз дәрежеге дейін апаттарға ұшырау салдарына тоқталу болып отыр. ” Экос” грекше – үй немесе мекен деген ұғымды білдіреді екен , логос – ғылым. Үстірт қарағанда экология дегеніміз үй мен мекен – жайды ғана зерттейтін ғылым болып көрінгенімен, шын мәнінде экологияның бұл күндері қамтып отырған мәселелерінің ауқымы о бастағысынан әлдеқайда кең, көтеріп отырған жүгі тым ауыр. Адамзаттың бірқалыпты дұрыс дамуына қоршаған орта тазалығының қаншалықты қажет екендігіне, оның тұп – тұнық , таза кезінің өзінде – ақ көңіл аударып, болашақты ойлаған, қам жеген, оған көмек беруге ниет білдірген, әрекет істеген сол заман ғалымдарының көрегендігіне еріксіз таңданасың. Бүгінде қоршаған ортамызды мүлдем бүлдіріп біттік. Егер осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың қырылуына қанды соғыстар, жұқпалы аурулар, жер сілкінісі, топан сулар себепкер болса, енді қоршаған ортамыздың тектен -тек ластануы салдарынан, яғни экологиялық апаттан дүние жүзі халқының жаппай қырылып кету қаупі төніп тұр. Ең өкініштісі ғылым мен техниканың жетістіктерін сауатсыз пайдаланудың салдарынан қоршаған орта мен табиғатты адам баласы тұрмақ тіршілік атаулы өмір сүре алмайтындай қайғылы күйге түсірдік.
Осы заманғы сан -салалы әлемдік ғылым мен техниканың, мәдениеттің озық үлгілерін жасауға ғасырлар бойы талай елдің, талай ұлттар мен ұлыстардың дарынды перзенттері атсалысты. Егер ғылыми жаңалықтар мен заңдылықтарды өзі ойлап тауып, өзі жетілдірген ғылым мен техника жетістіктерін талай пайдаланып, игілікке талай айналдырды
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау үшін келеңсіз әрекеттер жасамау осы кездегі ең басты бағыт болып табылуы керек. Оны біз мектеп табалдырығынан бастап іске асыруға тиіспіз. Табиғаттың байлығын қажеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай қауіп төндіретін ядролық, экологиялық , биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың оталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы осы экологиялық зардап көздері болып табылады .
Адамзаттың бірқалыпты дұрыс дамуына қоршаған орта тазалығының қаншалықты қажет екендігіне, оның тұп – тұнық , таза кезінің өзінде – ақ көңіл аударып, болашақты ойлаған, қам жеген, оған көмек беруге ниет білдірген, әрекет істеген сол заман ғалымдарының көрегендігіне еріксіз таңданасың. Бүгінде қоршаған ортамызды мүлдем бүлдіріп біттік. Егер осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың қырылуына қанды соғыстар, жұқпалы аурулар, жер сілкінісі, топан сулар себепкер болса, енді қоршаған ортамыздың тектен -тек ластануы салдарынан, яғни экологиялық апаттан дүние жүзі халқының жаппай қырылып кету қаупі төніп тұр. Ең өкініштісі ғылым мен техниканың жетістіктерін сауатсыз пайдаланудың салдарынан қоршаған орта мен табиғатты адам баласы тұрмақ тіршілік атаулы өмір сүре алмайтындай қайғылы күйге түсірдік.
Осы заманғы сан -салалы әлемдік ғылым мен техниканың, мәдениеттің озық үлгілерін жасауға ғасырлар бойы талай елдің, талай ұлттар мен ұлыстардың дарынды перзенттері атсалысты. Егер ғылыми жаңалықтар мен заңдылықтарды өзі ойлап тауып, өзі жетілдірген ғылым мен техника жетістіктерін талай пайдаланып, игілікке талай айналдырды.
Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылым жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың , жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет. Экологиялық тәрбиеге баса назар аудара отырып, экологиялық ұстанымдарды басшылыққа алу керек.Ұлы Циолковскийдің «Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез қартая бастады»- деуінде үлкен сыр жатыр. Сол сияқты экологиялық мәдениеті жоғары өркениетті елдерде айналадағы ортаны қорғау жөнінен берік орын тепкен дәстүрлі іс-шаралары, олардың әсерлі мысалдармен әр түрлі оқу орындары шәкірттерінің таныс болуы да танымдық – практикалық үлкен мәнге ие.
Табиғатқа мейірбандықпен қарау, оны тағылықпен бүлдірмеу, оған суық қолдылардың білгенін істеулеріне жол бермеу – адамдық міндет. Бұған бала алдымен отбасында, одан соң мектепте тәрбиеленеді және ондай қасиеттер баланың бойына айтудан, сөзден гөрі, іс арқылы оңайырақ және тұрақты болып дариды. Балалар күнде үйдегі мал-жанға қарап, жас төлдердің сүйкімділігін сезініп, қылығын қызықтап отырса, құстарға жем шашып, балапандарды бақыласа, кейбір қала балалары сияқты одырайып, үркіп, жатырқап тұрмай, жақсы көріп, бауыр басып өседі. Мұғалімдер оқушыларды хайуанаттар бақтарына апарып, аң, құс, түрлі жабайы және су жануарларымен, өсімдіктермен таныстырып, оларға байланысты қызықты мәліметтер беріп отырса, балаларды көшет, түрлі гүл егуге қатыстырып, өсіп-өнгенін, әсіресе, жеміс ағаштарының гүл ашып, жеміс бергенін қадағалатса, мұндай көрнекі, практикалық тәрбиенің әсері күшті болмақ. Осы жерде ата-ана, мұғалімдер мен балалардың өздері абай болуға тиіс бір мәселеге көңіл аударып өтуіміз парызымыз деп білеміз. Ол жан-жануарды жақсы көргеннің жөні осы екен деп, ит-мысықты дастарханның басына отырғызу, өзімен бірге төсегіне жатқызу, тіпті жеп отырған тамағының шетінен бір тістетіп, қалғанын өзі жеу, итті адамнан әрі әспеттеп, үйде ваннаға шомылдыру, ыдыс-аяқты жалауына жол беру, дәу төбетті әупілдетіп, қаланың үйінде балконда ұстау, тайраңдатып, көшеде, аулада, үйдің баспалдақтарында жүгіртіп, үлкенді үрейлендіріп, кішкентайдың зәресін алу ешқандай әдептілікке, ешбір тәрбие көргендікке жуыспайды. Қанша текті, асыл тұқымды , ақылды дегенмен де, иттің аты – ит. Ит керемет болса, халқымыз жек көріп, ұрысқанда, «ой, ит неме», «ит екенсің», «иттік» демес еді ғой… Оның үстіне «Әр елдің иті басқа». Біреу бірдеме істеді екен деп, көзсіз еліктеу, өз елінің, өз халқының әдеп нормасымен есептеспеу, ерсі, сөкет нәрсені айырмау қазіргі орысша тәрбие алған жастардың бойындағы зор міні десек, ешкім өкпелемеуі тиіс. Балалар сонымен қатар су тазалығын сақтау, автокөліктердің, зауыттардың зиянды газ-түтіндерімен ауаны ластауын мейлінше азайту, химиялық қоспаларды, тыңайтқыштарды аз пайдалану, өзен суларына тазартылмаған сарқындыларды жібермеу сияқты экологиялық талаптардың маңызын түсініп, бағалап өсуі тиіс. Сайып келгенде, мұның бәрі халықтың, оның ұрпақтарының денсаулығы, толық қанды өмірі, бақыты мен қуанышы екеніне көздері жетіп, көңілдері иланатын болуы керек. Осыған орай, табиғат пен адамдардың ара қатынасындағы қалыптасып отырған жағдай осы бетпен кете берсе, осыдан 10-20, 40-50 жылдан кейін не болатыны жөніндегі ғылыми болжамдардан үлкендерді де, кішілерді де хабардар етіп отырудың маңызы зор. Сол арқылы адамдардың бойына табиғи ортаны ластан тазарту, ластаудан сақтану, былайша айтқанда, экологиялық инабаттылықты сіңіру қажет. Олардың агроэнергияны, биотехнология қуатын, күннің нұрынан, желден, теңіздің толқыны, судың ағысынан алынатын қуаттарды пайдаланудың мүмкіндігі, келешегі жайында түсініктері болуға тиіс.
Экологиялық жұмыс туған өлкенің, ауылдың, қаланың тазалығын зерттеу оны сауықтырудың жолдарын қарастырады. Әрбір оқушы өзінің өлкесі немесе өмір сүріп отырған мекенінің табиғатын, экологиялық жағдайын білуі тиіс. Өкінішке орай Арыс экологиялық жағдайы нашар қалалардың қатарына жатады.
Қала экологиясы үшін оқушылардың көмегі өте қажет. Қала мектептері өздерін «Экологиялық жасақшылар» қатарына қосып, қоғамдық жұмыстар атқарады. Оқушыларға оқу үрдісінде диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, экологиялық соқпақтар көп әсер қалдырады.
Қорытынды бөлім:
Экологиялық тәрбие баланы салғырттықтан, жалқаулықтан аластатады. Ұлы Абайдың «талап, еңбек, терең ойдың» осы істерден басталатындығын, «еріншек, бетер мал шашпақтық» – қайдан болатындығын түсініп өседі. Оқушы қиялының ұшқырлығы туралы, олардың кейбір үлкендер байқамаған күрделі нәрселерді аңғарғыштықтары туралы біз білеміз. Дана халқымыз осы ойымызды «асыл-тастан, ақыл-жастан» деген нақылмен дәлелдеп кеткен. Ұлы педагог Ы. Алтынсариннің: « Бала – жас шыбық сияқты, қалай исе соай иіледі» деуінің өзі мұғалімді үлкен жауапкершілікке шақырады. Баланың қиялын шыңдап, табиғатқа жанашыр болып шығуына ұстазы мен ата-анасының рөлі үлкен екенін нақтылай түседі.
Оқушылар арасынан география ғылымына қызығушы талапты, алғыр географтарды анықтау, оларды ізденуге, алғырлыққа баулу, экологиялық тәрбие беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойын түрін пайдалана отырып сайыс сабақтар «Алтын сақа»; «Алтын қақпа»; «Атажұрт»; «1001 мақал, 101 жұмбақ»; «Дарындылар додасы»; «Үздік географ» бекіту сабақтарының маңызы өте зор.
Халқымыздың әдет-ғұрыптарын білу арқылы табиғатты қорғауға, денсаулықты сақтауға, ауа тазалығы, судың тазалығын тәжірибе арқылы көз жеткізу мақсатында 6-сыныптағы «Атмосфераның құрамы мен құрылысы» пайдалануға болады. Сабақтың барысында тақырыптың ғылыми негізі ашылып, сұрақ-жауап әдісімен бекітіліп, ойлау технологиясы пайдаланылады.
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың атмосфера туралы білімдерін шыңдай түсу. Баланы жеке тұлға ретінде табиғатқа деген қамқорлығын оятып, оның байлықтарын бағалай білуіне экологиялық тәрбие мен ұлттық тәрбиенің негізімен оларға мақал-мәтел, балама тыйым сөздер арқылы сана сезіміне жеткізу.
2. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өскен жерін қадірлеп мәдени-саяси сауатын кеңейтіп, сөйлеу шеберлігін дамыту.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат ананы, ондағы өсімдіктер дүниесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, карта, үлестірмелі қағаздар, сөзөрім, бейнетаспа, сансөз, термометр, гигрометр, желбағар, атлас, құм, саз, слайдтар т. б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
б) Тазалыққа көңіл бөлу.
в) Құрал жабдықтарға көңіл бөлу.
II. Ой қозғау.
Жаңа ХХI ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Жас ұрпақты қоғам талаптары мен мүдделеріне өмірге бейімдеуге, ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында бес турдан тұратын «Парасат» ойын сабағының үлгісін пайдаландым. Оқушыларды үш топқа бөлдім. Топ басшыларын анықтау үшін «Сандар сыры» ойынын пайдаландым.
I. «Дарын» тобы.
II. «Зерек» тобы.
III. «Білгір» тобы.
I тур. «Жұлдызды сәт».
Ойын ережесі: Литосфера тақырыбын қалай меңгергенін байқау үшін әр топқа екі сұрақтан 5 үлестірмелі сұрақтар беру арқылы оқушылар арасынан алғыр географтарды анықтау. Оларды тез ойлануға, алғырлыққа баулу. Жеңімпаз топқа «жұлдызша» сыйлыққа беріледі.
1 топ сұрақтары.
1. Тау дегеніміз не?
2. Жердің ішкі құрылысы қандай?
3. Қазақ халқы жыл мезгілдеріне қарай неге қоныс аударып отырған?
4. Барқан дегеніміз не?
5. Биіктігі бойынша жазықтар қандай түрлерге бөлінеді?
6. Тау жыныстары қандай топтарға бөлінеді?
7. Жазық дегеніміз не?
8. Үгілу дегеніміз не?
9. «Судың да сұрауы бар» деген мақалды қалай түсінесің?
10. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз не?
2 топ сұрақтары.
1. Гейзер дегеніміз не?
2. Сөнген, сөнбеген жанартаулар дегеніміз не?
3. Жердің ішкі құрылысы?
4. Ескі және жас таулар?
5. Шұңғымалар дегеніміз не?
6. Жер сілкіну жіне оның зардаптары?
7. Жер қыртысының қозғалыстары?
8. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары?
9. Жазықтықтардың биіктік айырмашылықтары?
10. Эхолот дегеніміз не?
3 топ сұрақтары?
1. Литосфералық тақта дегеніміз не?
2. Мұхит түбінде жер бедерінің қандай түрлері болады?
3. Жердің өзі қандай қабықтардан тұрады?
4. Минералды сулар дегеніміз не?
5. Сай дегеніміз не?
6. Мұхит түбін зерттеу туралы не білесің?
7. Жанартау дегеніміз не?
8. Жер сілкіну қалай жүреді?
9. Жер бедері дегеніміз не?
10. Теңіздердің тереңдігін өлшейтін құрал?
II тур. «Қазымыр оқушы»
Ойынның мақсаты: Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының қоршаңан ортаға қатысып қазақы тиымдары мен ырымдарын кеңінен қолдану.
Табиғат пен адам. Тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар. Қазақ халқы дүниеге үлкен мін берген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды «киелі» деп қастерлейді. Осы айтылғандарды халқымыз мақал –мәтелдер , нақыл сөздер арқылы ұрпаққа жеткізіп отырған. Ендігі ойын шарты үзбей табиғатты қорғауға арналған мақал- мәтел, тыйым сөздер айту.
Мысалы: 1. «Табиғат алтын бесігің»
2. «Өзеннің көркі тал болар, таудың көркі мал болар»
3. «Судың кепкені, тіршіліктің кеткені»
4. «Орман тоғай жер сыны, көкорай тоғай жер сыны»
III. Жаңа сабақты мазмұндау
1. Ауаның құрамы.
2. Атмосфера қабаттары.
3. Атмосфераның маңызы.
4. Ауа қасиеттері.(тәжірибе көрсету арқылы)
5. Атмосфераны зерттеу жолдары.
Бой сергіту
«Шатасқан әріптер»
Алар (Арал) Нуфтай (Тайфун)
Өлк (Көл) Ғанқаншы (Шығанақ)
Хитұм (Мұхит) Дызқұм (Мұздық)
Ғаса (Саға) Лотнық (Толқын)
IV. « Кім тапқыр?» ойыны.
Ойынның мақсаты: Жаңа тақырып бойынша бекіту тапсырмалар беріледі. Оқушының ой-өрісін, өтілген жаңа тақырыпты қалай меңгергенін байқау, экологиялық тәрбиені шыңдай түсу.
(сайыс барысында оқушылардың жауаптарына анализ жасай отырып, білімге деген көңіл күйін, ой түрткісін, есте сақтауын анықтауға болады)
1.Сәйкестендіру тесті
Атмосфера 78%
Азот Стратосфера
Мұхит Тропосфера
Озон газы 21%
Ауа райы түзіледі Озон қабаты
Оттегі ауа қабаты
Стратосфераның
маңызды қабаты Атлант
V « Көсемдікке ұмтылу»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәнері мен мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық тәрбиеге баулу.
Ойынның ережесі: «Литосфера және атмосфера» тақырыптары бойынша табиғатты қорғау жайында өз ойларын айту.
(табиғаттың әсем көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, табиғаттың бүлінуі аяныш сезімін туғызып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу. Оқушы экологиялық ұғыммен таныса отырып өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Қысқаша тұжырымдау, тура жіне керісінше ойлау, бір ойдан екінші ойға ауысу, кеңістікті елестету, састыру мен дәлелдеу, пайымдау қабілеті қалыптастырылады.
Сабақты қорытындылау. ( әрбір оқушының көңіл күй мен сезім компонент, ой ағыны, қиялдау, шабыт ынтасы жинақталған жұмыстарының қорытындысы маниторингінде көрсетіледі)
Жеңімпаз оқушыға «Парасатты оқушы» атағы беріледі. Оқушылар бағаланады.
Табиғаттың тартылтпасын,
Мөлдір кәусәр тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол – анаң ғой!
Ал сен кенже ұлысың!
Отанын, туған жерін сүйетін ұлт жанды азаматтар, табиғатты қорғай білетін, аялайтын азаматтар болып өсейік деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: « Атмосфераның ластануы, оны қорғау тақырыбында ой толғауларын еркін жазу. Бұған сынып оқушылары түгел қатысады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Реймерс А.Ф. «Охрана природы и окружающей человека
среды» Словарь – справочник. М. «Просвещение»,
2. А.А. Құралұлы. «Қазақи тыйымдар мен ырымдар»
Алматы. 2004ж.24 бет
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2003 жыл.№1.43 бет.
4. Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы. « Әдеп, инабаттылық дәрістері» Алматы. «Рауан» 1998ж.
5. Экологические образование учащихся в обучении географии. Москва. «Просвещение»
