Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолда ры
Собалова Гулсара Жумашевна
Бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық – тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген.
