Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен өткен ді қайталау
Қазақ тілі
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – оқушылардың сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен алған білімдерін жинақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу, өз ойын дәлелді жеткізуге машықтау, көркем сөйлеуге үйрету;
б) тәрбиелік –адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, қайталау, сөйлеу, іздендіру, шығармашылық жұмыс, анализ-синтез, салыстыру.
