Хаттама
Рахманова Гүлнар Шәмшіханқызы
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің
мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Хаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге хаттама туралы мағлұмат бере отырып, жазылу ерекшелігін түсіндіру. Теориялық білімін
тәжірибемен ұштастыру арқылы үлгі түрлерін жазуды үйрету, іс қағаздарынының бір-бірінен айырмашылығын мысалдармен көрсету, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Студенттерге құжаттарды жаздыру арқылы іс қағаздарын сауатты жаза білуге, ұқыпты толтыруға үйрету, отансүйгіштік рухқа, өз ана тілін қастерлеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
