Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Мақсаты: 1. Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдылық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.
Дамытушылық: Дүние танымын, ой- өрістерін, пәнге деген қызығушылығын, ақпараттармен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту. Тәжірбиелеу жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, лабораториялық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына, табиғатты түсіну, сүю, қорғау сезіміне тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тест, 2 шырағдан, резеңке доп, шыны ыдыс, шар, музыкалық аспап, танымдық тапсырма, кестелер, слайд, климаттық карта, белгі беру «алақандары».
Идеясы:
1. Оқушының өмірдегі білетініне, біліміне сүйену;
2. Жаңа ақпарат беру арқылы оқушының ойлау, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Пән аралық байланыс: бейнелеу, әдебиет, еңбекке баулу, математика
Қолданылған технология: жобалау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Әдіс- тәсілдері: өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, шағын-ізденушілік, практикалық, проблемалық.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Сынып оқушыларын
4 топқа бөлу.
І топ. «Ауаны зерттеушілер»
ІІ топ. «Ауаны қорғаушылар»
ІІІ топ. «Ауа және табиғат»
ІV топ. «Ауаны тұтынушылар»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауа қабығы. Ауаның құрамы.
Интерактивті тақтадан үй жұмысын тексеруге арналған тест сұрақтарын көрсету.
Тест
ІІ.Ауаны құрамындағы қоспаларды ата?
а/ азот, оттегі, көмірқышқыл газы
ә/ қар, боран, жаңбыр
б/ азот, оттегі
2.Орманды жерде оттегі неге көп?
а/ азот, оттегі, көмірқышқыл газы көп кездеседі
ә/ ағаштар оттегіні бөліп шығарады
б/ағаш оттегіні бойына сіңіреді
3.Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
а/ жер шарын қоршайтын ауа қабаттарының жиынтығы
ә/ қар, боран, жаңбыр жиынтығы
б/ азот, оттегі жиынтығы
4.Метеорология деген не?
а/ ауаны зерттейді
ә/ауа құрамын зерттейді
б/аспан мен оның өзгерістерін зерттейді
5.Жердің қорғанышы деген не?
а/ ауа қабаты ә/ қар, боран, жаңбыр құбылыстары б/ауа райын басқарады.
2. Халық ауа – райын қалай болжаған? Оқушылар жауабы.
* Қазақстан жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Қазақстанның климаттық картасы бойынша қорытындылау. (Слайд)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
– Балалар, біз бүгінгі сабақта айтылуы тиіс мағлұматтарды жете түсіну үшін, қайталауға тиісті тапсырмалардың барлығын пысықтадық.
— Ал, бүгінгі сабағымызда не жайлы біледі екенбіз? Ол үшін жұмбақты шешейік: ►
Жұмбақ(слайд)
Шешуі: Ауа
– Сендер қалай ойлайсыңдар, неге біз бүгінгі сабағымызды ауа жайында айтудан бастадық? (жауаптар: ауасыз жер бетінде тіршілік болмас еді, адамдар да, өсімдіктер мен жануарлар да ауамен тыныс алады, т.б.) (слайд )
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :►(слайд)
ІV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің бөліктерін төрт топқа бөліп беру.
Оқулық бойынша түсіндіру, мәтінмен жұмыс.
V. Сергіту сәті: «Көз жаттығуы» /слайд/
– Ол қандай екен? Ауа жайында айтып көрейік.
VI. Практикалық жұмыс
І топ. Шырағдан. Үш шырағданды қатар жағамыз. 1-шырағданды стақанмен, екіншісін банкамен жауып, ал үшіншісін бос қалдырамыз. ( тез тұтанғыш) Ауаның иісі жоқ, бірақ бөтен иістерді таратады. Дәлелдеу.
ІІ топ. Стақан, су, түтікше, қант. Стақанның іші бос, сосын су құю, қасықпен араластыру, түтікшемен үру, қант салу. (барлық жерде ауа бар) Дәлелдеу.
ІІІ топ. Шар, доп, су. Допты қысу, жіберу (сығымдылық, серпімділік), шарды үрлеу (кез келген заттың пішінін алады), шарды үру, суға батыру (ауа жеңіл)
ІҮ топ. Қолын сермеу, қолына үру. Тілімен ауаны жалау (көзге көрінбейді, дәмсіз) Ауа арқылы естиміз, ән саламыз, аспанда ұшамыз, сөйлесеміз. Дәлел.
Танымдық тапсырма. (слайд, дыбыстау)
Жердің Күннен қашықтығы Айдың қашықтығымен бірдей. Онда неге Айдың беті +100-170 градусқа дейін ысып, -200 градусқа дейін салқындайды? Ал Жердің бетінде ондай өзгерістер болмайды?
Жауабы: Себебі, ауа қабығы Жер бетін қорғайды, ал Айда ауа қабығы жоқ.
VІІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Оқығандарын тақтаға шығып қорғау. (топ жұмысы)
І топ «Ауаны зерттеушілер»
ІІ топ «Ауаны қорғаушылар»
ІІІ топ «Ауа және табиғат»
ІV топ «Ауаны тұтынушылар»
VІІІ. Бекіту. (слайд)
Табиғи жолмен ластану
Адамның іс әрекеті салдарынан ластану
1. Жанартаулардың атқылауынан 1.Жылу электр станцияларынан
2.Шаң, тозаңдар 2.Мұнай өңдеу
3.Улы газ 3.Металл өндіру
4.Орман, тоғайлардың өртенуінен 4.Көліктерден
5.Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шіруінен 5.Лас су қалдықтарынан
6.Күл, ыс
ІХ. Дәптермен жұмыс.
Бақылау күнделігін толтыру.
Х. Сабақты қорытындылау. «Ауа» кластер

ХІ. Бағалау.
1. Өз тобын бағалау, қарсы топтарды бағалау.
2. Мұғалімнің бағалауы.
ХІІ. Үйге тапсырма. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
1) Түсініп оқу.
2) Мәтін бойынша сурет салу.<br />

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше